Ж.Жабаев. «Аттандыру»

Уақыты: Қазақ әдебиеті

 

Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: Ж.Жабаев. «Аттандыру»
Жалпы мақсат: Халық ақыны Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып, меңгерту.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған  әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі: Жамбыл Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайд суреттер, кітаптар

Әдебиеттер: М. Жолдасбеков «Жүз жыл жырлаған жүрек» А. «Жазушы» 1992 жыл, «Аңыз адам» журналы (Ж.Жабаев туралы) № 08 сәуір 2011 жыл, «Қазақстан әйелдері» журналы (Жамбыл туралы) №4, 1996 жыл

Оқыту әдістері:  Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда  АКТ-ны  пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

 

 

Сабақ  барысындағы  мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Қаражоға» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады. Оқушылар билейді. Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту («Кубизм» әдісі арқылы)

Ж. Аймауытұлы кім және оның қандай шығармалары бар?

«Әнші»әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі өнер тарихынан өздерің білетін қай әншіге ұқсайды?

Әміре Қашаубаев кім? Әңгімеле.

Шығарманың негізгі идеясы не?

Талдау,жинақтау,қорыту

 

ІІІ. Жаңа тақырып  Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен   М. Әуезов

1.Бала Жамбылдан Дана Жамбылға дейін баспалдақ (интерактивті тақтада слайд бойынша әңгімелеу)

Сәби Жамбыл

Бала Жамбыл

Жасөспірім Жамбыл

Ақын Жамбыл

Айтыскер Жамбыл

Жыршы Жамбыл

Күйші Жамбыл

Дана Жамбыл

«Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,- деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.

Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері»«феномен — феникс» атағымен қалды.

«Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және  елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.

ІV. «Аттандыру» өлеңі (электронды оқулықтан оқыту).

—  Өлең кімге арналған?

—  Ұлы Алғадайға арналған.

—  Өлең не туралы?

— Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.

Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.

3. Түсіндірме күнделігі (оқушылар өздері толтырады).

Өлеңдегі сөз           Оқушы түсінігі
Арлы  ар сақтағыш, ұяты бар
Абырой ар, ұят

атақ, дәреже, бедел

Ағат  жаңсақ, жаңылыс, теріс
Аңғарлы  әріден ойлап білетін, толғамды

 

4. Әдебиет теориясы.

Бата да, қоштасу да – халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.

Бата — өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге

бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру). Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда  қоштасу, т.б.

5. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

6. Өлеңді талдау. Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған.

IV.Шығармашылық жұмыс                      Тақырып: «Жамбыл ата»
Керекті сөздер: әлемге, бата, асқақтата, Жамбыл ата.
Жүз жасаған …
Сүйінбайдан алдың …
Қалықтаттың кең …
Қазағымның, даңқын.
 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау «Ер –ел үшін туады» бейнекөрінісін  тыңдату (электронды оқулық).

«Топтастыру» стратегиясы (Алғадайдың бойындағы қасиеттер)

Ұлы Отан соғысындағы Алғадай сияқты ерлердің ерлік істерін әңгімелей отырып,   ҚР Конституциясының 36-бабы және тәуелсіздіктің 20 жылдығымен байланыстыру.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
VI. Үйге тапсырмасын  беру  Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру»  өленің  жаттау.

« Біз соғысты көрген жоқпыз!» тақырыбына шағын шығарма жаз.           

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VII. Бағалау              Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі  бағалауы
VIII. Рефлексия       Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »