Рәміздер – отаншылдық сезімнің бойтұмары өлең

«Рәміздер – отаншылдық сезімнің бойтұмары»

 

Бөленіп тұрғандайын жыр құндаққа,

Бел будым тұғырымнан сыр ұқпаққа?

Елімнің бойтұмары – рәміздер,

Бекіндім сол туралы жырламаққа.

 

Тұрғанда төбемізде ашық аспан,

Күн күліп, жер жаһанға шуақ шашқан.

Елімнің үш тірегі аясында,

Болады төгілтуге мың сан дастан.

 

Нұрсұлтан Елбасыдай данасы бар,

Жыртыққа болған жалау панасы әр.

Қазақстан дейтұғын әз ананың,

Елтаңба, Ту, Әнұран үш баласы бар.

 

Азат жолда ерлерімнен тер тамған,

Іздерінде өшпейтұғын шер қалған.

Айқындатқан елімді,

Атойлатқан ерімді,

Төрде мәңгі тұғырлы бол, Елтаңбам.

 

Қос пырағы қос қанатқа тең толған,

Қазақстан көпке мәшһүр ел болған.

Тұмарындай қазақтың,

Дәлелі ғой азаттың,

Елдік таңба жарқырай бер, Елтаңбам.

 

Мінберімнен алып орын күш атты,

Абыройын ел намыспен тыстатты.

Спортшылар сан талай,

Әнұранды қайталай,

Өзге елдерде көзге жас ап шырқатты.

 

Отаншылдық сезім сыйлап бәріне,

Елімдегі жасы менен кәріге.

Абыройы шарықтап,

Көкте қыран қалықтап,

Әнұраным әуелесін әлі де.

 

 

 

 

 

Қолға алып шабыттанып ақ қалам,

Жазбалары тарих бетте сақталған.

Сүйікті ұлы халқымның,

Жұмекендей ақынның,

Жерлесі боп туғаныма мақтанам.

 

Егемендік болып елдің айлағы,

Бұзылмаған бірлік деген қаймағы.

Көрген жүрек елжіреп,

Тұрған көкте желбіреп,

Туым менің – Тәуелсіздік айғағы.

 

Бейбіт күнде ата берсін таң күліп,

Өрнектедім тілегімді ән қылып.

Күн астында қыраным,

Бола білген тұмарым,

Көк туымыз желбіресін мәңгілік.

 

Ұрпақ өсіп, ұлағатты ойды ұғар,

Кездер әркез бола берсін той қылар.

Туым менен Әнұран,

Елтаңбамнан сырды ұққан,

Рәміздер – отаншылдық бойтұмар.

 

 

Ұлан Иманғалиев, «Шығармашыл ұстаз» төсбелгі иегері