«Жас информатик» атты үйірме жұмысының бағдарламасы

Бекітемін                                                                                     Келісемін                        

Мектеп директоры:                                                                     ДТІЖО:

Оспанов С.А                                                                                Сагинбекова Ж.С.

______________                                                                          ______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жас информатик» атты үйірме жұмысы

5 «А» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйірме жетекшісі: Ж.С.Сагинбекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

 «Жас информатик» атты үйірме жұмысының бағдарламасы

(5 сынып)

ТҮСІНІК ХАТ

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалау, сақтау, қолдану әдістерін дамып және кеңейтіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.

Информатика пәнінен аталмыш үйірме жұмысының бағдарламасы 5 сынып оқушыларына пән бойынша білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарға жауап алу, комьютермен жұмыс жасап үйрену, шығармашылықпен айналысу мақсатында құрылып отыр.

Үйірме жұмысы аптасына 1 рет, жылына 34 сағатқа арналып құрылған.

 

Мақсаты: оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау; оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

Информатика мен математиканы кіріктіріп оқыту оқушылардың компьютер арқылы ақпараттық технология әдістерімен қарулануына себебін тигізеді.

Информатикадан 5 сыныпқа арналған Scratch қолдану  бағдарламасының  мазмұны оқушылардың өзіндік анимациялық, интерактивті оқиғаларды, ойындар мен модельдерді құрастырудың жаңа бағдарламалық ортасы болып табылады. Scratch бағдарламасында әр түрлі нысандарды ойынға қосуға, қозғалысқа келтіруге және түрін өзгертуге болады. Бұл нысанды бағдарлау ортада әр бір бағдарламалар түрлі түсті кірпіштер түрінде жинастырылған. Scratch бағдарламасының тағы бір ерекшелігі мұнда оқушылар дайын компьютерлік ойындарды қолданбай өздерінің жеке ойындарын, оқиғаларын және моделдерін құрастырады, сонымен бірге оқушының қоршаған ортамен еркін медиямәдениеті қалыптасады.

Үйірме аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

Информатикадан 5 сыныпқа арналған Scratch бағдарламасы бойынша тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылады.

Бағдарлама құрылымына төмендегі мәселелер енеді:

  • 5 сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
  • оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
  • тақырыптық жоспарлау.

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама мазмұны

Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздік және тәртіп ережесі.

Алгоритмдеу және програмалау түсініктері. Алгоритм түрлер. Тармақталу алгоритмi. Тармақталу алгоритмдi програмалау, Циклдiк алгоритм, Циклдiк алгоритмді програмалау, Сызықтық алгоритм.

Scratch ортасы. Scratch мүмкіндіктері, Scratch интерфейсі, Scratch – тің басты мәзірі,

Сахна, нысандар (спрайт), Нысандар қасиеті, әдістер мен өзгерістер,  Бағдарлама, басқару және тректер, Бағдарламалық бірліктер: процедура мен скриптер,

Қозғалыс командасы, Сыртқы бейне командасы, Дыбыс командасы,  Қалам командасы,  Бақылау командасы, Сенсор командасы, Сандық командасы,  Айнымалылар командасы.

 Scratch графикалық редактор, сахналар мен костюмдердің кітапқоры, Анимациялар түрлері,  Scratch графикалық редакторының шектелеуі, Растырлық графикалық редакторы, Редактор ортасы, Сурет салу және сақтау, Графикалық форматтар. Бейнені интернеттен іздеу,  Scratch-ке арналған өзінің сахынасы мен спрайтын құру,  Логикалық «және», «немесе».

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Үйірме міндеті оқушыларың нысандарың ең қарапайым орын ауыстыруы, нысандарды құрастыру және өңдеу. Нысанның атын қою және экранда орналастыру. Айнымалылырды еңгізу, нысанның сахнада өлшемдерін басқару. Scratch командаларымен жұмыс істеу білу. Графикалық форматтар, бейнені интернеттен іздеу кіреді.

Оқушылар мыналарды үйрену керек:

—    скриптердің мазмұның

  • спрайттардың басқару элементтерінің мазмұнын
  • Арифметикалық өрнектерді жазу
  • Тұрақты және айнымалы элеметтерді енгізу
  • „және“, „немесе“ логикалық операцияларды қолдану
  • Scratch бағдарламалау тілі

Оқушылар мына біліктіліктерді білу керек:

  • Scratch бағдарламалау тілін қолдану.
  • Scratch бағдарламалау тілімен анимация құру.
  • Scratch бағдарламалау тілімен арифметикалық амалдарды орындау
  • Scratch бағдарламалау тілімен модельдеу
  • Scratch бағдарламалау тілімен өз оқиғаларын құрастыру

 

Бекітемін                                                                                                           

Мектеп директоры:

Оспанов С.А

______________

 

5 «А» сыныпқа арналған «Жас информатик» тақырыбындағы            

үйірме жұмысының жоспары

(аптасына 1 сағат, жылдық 34 сағат)

 

Тақырып Сағат саны Мерзімі Ескерту
Кіріспе (1 сағат)
1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. 1 06.09  
Компьютер және қауіпсіздік (2 сағат)
2 Компьютерде қалай қауіпсіз жұмыс істеуге болады? 1 13.09  
3 Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар? 1 20.09  
Интернеттегі қауіпсіздік (6 сағат)
4 Бүкіләлемдік Интернет желісі 1 27.09  
5 Файл және бумамен жұмыс 1 04.10  
6 Компьютер құрылғыларының бір орталықтан басқарылуы 1 11.10  
7 Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? 1 18.10  
8 Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? 1 25.10  
9 «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» шағын жобасы 1 08.11  
Ақпарат және оны өңдеу (5 сағат)
10 Біздің айналамыздағы ақпарат.       тақырып оқу 1 15.11  
11 Ақпараттың өлшем бірліктері 1 22.11  
12 Программалық жабдықтама 1 29.11  
13 Программалық жабдықтама 1 06.12  
14 «Растрлық кескіндерді құру және өңдеу» жобалық жұмысы 1 13.12  
Біздің өміріміздегі алгоритмдер (6 сағат)
15 Алгоритм ұғымы. 1 27.12  
16 Алгоритм түрлері 1 10.01  
17 Орындаушылар және олардың командалар жүйесі. 1 17.01  
18 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну 1 24.01  
19 Лабиринт, виртуалды лабиринт. 1 31.01  
20 Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру 1 07.02  
Талқылау және программалау (10 сағат)
21 Менің алғашқы программам. 1 14.02  
22 Scratch ойын программалау ортасы 1 21.02  
23 Scratch программалау ортасындағы блоктар 1 28.02  
24 Анимациялық графиканы құру 1 07.03  
25 Ойын программалау ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру 1 14.03  
26 Жобаға дыбыс әсерлерін қосу. 1 20.03  
27 Ойын программалау ортасында диалог құру 1 04.04  
28 Сызықтық, тармақталған және циклдік командаларды ойын программалау ортасында қолдану 1 11.04  
29 Сызықтық, тармақталған және циклдік командаларды ойын программалау ортасында қолдану 1 18.04  
30 Жаңа нысан және костюм құру 1 25.04  
Жобаны құру және оны ұсыну (4 сағат)
31 Практикум. Анимация құру 1 02.05  
32 Практикум. Нысан құру және костюм ауыстырк 1 10.05  
33 «Құжатты баспаға дайындау» жобалық жұмысы 1 16.05  
34 Жобаның презентациясы 1 23.05  

 

 

Үйірме жетекшісі: Ж.С.Сагинбекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

 

  1. Информатика 5 сынып. Оқулық. Г.А. Көпеева, Ү.М.Ділманова, «Арман – ПВ» бспасы, 2017 жыл;
  2. «Учимся со Scratch» Евгений Патаракин 2008
  3. http://scratch.ucoz.net
  4. http://www.webplanet.ru/
  5. http://www.iteach.ru/exp/articles.php?mpt_id_text=115
  6. http://scratch.mit.edu – сайт сообщества Scratch