№26 сабақ  «Туған табиғат»

 

                                           Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                           Мерзімі:                .03. 2018 жыл.

Мұғалім:                         Сынып: 1 «А,Ә»

Оқушылар саны:   Тақырып: №26 сабақ  «Туған табиғат»

Құндылық:Сүйіспеншілік.

Қасиеттер:Риясыз қызмет ету, қамқорлық, сүйіспеншілік.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға адам өміріндегі туған табиғаттың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға табиғатқа риясыз қызмет ету арқылы ақпейілділік  қасиетін  ұғындыру.

Дамытушылық: Табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер,дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Бұлақ  көрсең, көзін аш»  С. Ақаев

— Бастаудың, бұлақтың суы неліктен тап –таза, мөп-мөлдір болады?

— Ал адамның бастау бұлағы қайда деп ойлайсыңдар?

— Өз бастау бұлағын қалай таза ұстауға болады?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                            Табиғат – әсемдік айнасы.

                                                                                  Мақал

1. Табиғат деген не?

2. Әсемдік  деген не?

3. Екеуі қалай байланысады?

Осы сұрақтар айналасында мақалды талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. « Қазақ елі табиғаты!» бейнефильмін  көрсету. Талқылау
5. Шығармашылық  жұмыс, топтық  жұмыс.

    117-беттегі 1,2-ші тапсырманы орындау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті сахналап көрсетіңіздер. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап, қорытынды  жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

                Жас  дәуірдің  түлегіміз                    Сөзі : Е. Өтетілеуов

                                                      Әні : И. Нүсіпбаев

Бау-бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл қаламыз.

Қ-сы

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей-

Бақытты біздер баламыз!

 
7. Үй тапсырмасы.

27-сабақ  «Жақсылық»  оқып келу.

Қорытынды: Бізді қоршап тұрғанның бәрі – туған табиғат. Табиғат адамға берілген сый. Табиғат сұлулығының  сыры оның тазалығы мен мөлдірлігінде. Күллі тіршілікке риясыз қызмет етуінде.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!