Қызықты математика

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызықты математика

Сыныптан тыс іс шара

 

 

 

 

Дайындаған оқытушы: Айтбуланова Г.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей-2012

Мақсаты:Оқушылардың іздену, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ауызша және тез есептеу шеберлігін қалыптастыру, белсенділігін, жауабын талдай білуге және  «капиталды» өз  білімдеріне жұмсай білуге үйрету.

  • жүргізуші: Бүгінгі білімді жастарды анықтайтын,  білімге қызығушылығын арттыратын  «Қызықты математика» интеллектуалды сайысын  бастауға рұқсат етіңіздер.
  • жүргізуші: уа,жараңдар,жараңдар!

Бәріне жар салайық

Бүгінгі сайыс төріне

Математика еліне

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдасып,

Шабыт тасып шалқысып.

Көңілді кеш жасайық!

     1-жүргізуші:

Шақырамыз, келіңдер жарысуға.

Күш,өнер,біліммен алысуға.

Бар өқнерді салайық ортамызға,

Кәнеки кім шығады сайысуға.

Әр банк қызметкерлерін ортаға шақырып сайыстың өтілу тәртібімен таныстырамыз.

1.Ойынға екі топ қатысалды, әр топ банк басқармасы боып табылады.

2.Банктың атауы және басшысы болады.

3.Ойын барысында  құндылығына қарай қиындығы әр түрлді тапсырма беріледі.

4.Дұрыс жауап берілген тапсырманың құны сол банктың пайдасына түседі, егер жауп қате болса, онда сонша  қаржы есеп шоттан кемиді.

5.Әр банктың бастапқы капиталы 500000 теңге болады.

6.Банктегі салым, аударым жұмыстарының жүргізілуін бақылау үшін арнайы топ жұмыс жасайды.

 

1.Үй тапсырмасы. Құрамында саны бар мақал-мәтелдерден жарыс. Мақал-мәтелдердің құндылығы 1000 теңге.

2.Көкпар сайысы. Қазақ ұлттық өлшем бірліктеріне  түсінік беру.

1-тапсырма. «Сүйем». Құндылығы 3000 теңге.

2-тапсырма. «Қарыс». Құндылығы 1000 теңге.

3-тапсырма. «Кез». Құндылығы 2000 теңге.

4-тапсырма. «Елі». Құндылығы 500 теңге.

5-тапсырма «Сере». Құндылығы 5000 теңге.

 

3.Жұмбақтар сайысы. (Құрамында саны бар жұмбақтар). Әр жұмбақтың құндылығы 5000 теңге.

 

1-жұмбақ.

Нүктеден екі сәуледен,

Құралған айтшы бұл не екен?

(Бұрыш).

 

2-жұмбақ:

Математикалық таңба ол

Білімің болса ашасын

Теріс болса астында

Мағынасы жоқ деп қашасын

(Түбір)

 

3-жұмбақ:

Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Шешсін ұпай сенікі

(Кесінді)

 

4-жұмбақ:

Санасын сан  жетпейтін нүктелерден құралған

Фигура бар қарапайым,

Салу үшін сен оны сызғыш ізде.

Бұл не өзі бар ма сірә дара пайым?

(Түзу)

5-жұмбақ.

Доп  емес, дөңгелек емес.

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол негізгі

Дәл жауапты қостадым.

(Шеңбер)

 

4.Логикалық есептер. Әр топқа екі тапсырма беоріледі. Есептің құндылығы 20000 теңге.

 

А).Аружан, Айжан, Аяжан апалы-сіңілі үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Аяжан Аружаннан , Айжан Аяжаннан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

Б). Арман ,Дастан, Досжан үшеуі математика сабағынан бақылау жұмысынан қандай баға  алғанын  сұрағанда, мұғалім: ешқайсысын жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әр қайсысының бағаң әр түрлі. Арманның  бағасы «3» емес, Досжанның бағасы «3»-те, «5»-те емес, сонда әркім қандай  баға алған.

5.Бәйге жарысы. Сайыстың бұл түріне банк басшылары қатысады. 1 минутта қойылған сұрақтарға берілген дұрыс жауаптары бойынша есптеледі. Әр бір дұрыс жауап 1000 теңге.

Сұрақтар:

1.Түбір астындағы 81-дің мәні неге тең?

2.36 қай санның квадраты?

3.Екі қабырғаы тең болатын үшбұрыш

4.100 жыл

5.Кейбір айда 31 күн, кейбірінде 30 күн, ал қанша айда 28 күн  бар?

6.у=х² функциясының графигі қалай аталады? (парабола)

7.Квадрат теңдеудің  түбірлерінің саны неге байланысты?

8.2/3 бөлшегіне кері бөлшекті ата?

9.Синус қандай фцнкйия?

10.Екі теріс санның көбейтіндісі?

11.Ең үлкен екі таңбалы сан?

12.Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

13.Екі санның қосындысы 10; ал олардың көбейтіндісі 24.  осы  сандарды тап? 14.Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесміп тастаса, неше бұрыш қалады?

15.3 және 6 сандарының қосындысын екі еселе?

16.Онды 10 есе арттыр?

17.Теңізде қандай тас болмайды?

18.Қазақтың үш биін ата?

19.Биссектриса деген не?

20.Төртбұрыштың ауданы?

 

 

6-кезең. «Сиқырлы сандар»

1). 127-109=18

2). 133-117=16

3). 2012-1980=32

4). 35-18=17

5). 139-116=23.

 

 

Сайыс қорытындысын шығару,марапаттау.