« Ана – өмірдің шуағы!»

 

                                                                                                        

                                                                                                               Бекітемін

 

                                                       Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар

                                                    __________________________Ж.Бекпенбетов

                                              «___»______________________________2018 жыл

 

 

 

 

 

                             « Ана – өмірдің шуағы!»

Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.

Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Безендірілгензал шар, гүл суреттері, слайд.

Жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!

Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару — ана, Ару — асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың ер балаларының дайындаған «Ана –өмірдің шуағы!» кешімізге қош келіпсіздер!

Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 — ші Наурызбен!!!

 

Жүргізуші: Уа, ағайын, ағайын.

Көктем келді жайнаған.

Бау — бақшада бүгін той.

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнаңдар.

Гүлдей жайнап тұрыңдар.

Құттықтаймыз сіздерді.

Мерекеңмен бүгінгі.

 

Оқушы Балнұр: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

 

Хор: «Ақ мамам!»

 

Жүргізуші: Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

(Балалардың тақпағы айтылады)

 

Нұрасыл:

Армысыздар біздің асыл аналар

Біздер үшін айдын көлге тара- тар

Құттықтайды мерекемен сіздерді

Алғыс айтып мұндағы бар балалар.

 

Балнұр:

Сегізінші наурызда

Құттықтаймыз ананы

Тенеп оны жұлдызға

Сый тартамыз бағалы

Құрметіне ананың

Тақпақ айтып береміз

Шаттық  толы әр күнін

Мақтап айтып береміз.

 

 

Ұлбала:

Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіне

Мейірімді күнінде

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

 

 

Нұрсұлу:

Аялаған баптаған

Асыраған сақтаған

Сақтандырып күнді еппен

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулаған

Жүрегінде махаббат, тілегінде мархабат

Анамызға мың алғыс.

 

 

Жүргізуші:Аналар ақ тілекті,сөз көп дейін

Жылытар жүрегіңді көз-көз дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Вальс биін»

 

Ән:Тұрсынбай Балнұрдын орындауында  «Менің әжем»

 

Диана:

Баланың да, тірегі

Даланың да, тірегі

Шаншымасын еш қашан

Аналардың жүрегі

Бәріңізде анасын

Біз үшін күн боп жанасын

Құтты болсын, мейрамын

Құттықтаймын анашым.

 

 

Серік:

Айтсаң болды тіл алам

Сені көрсем қуанам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып қуанам.

 

Жүргізуші:

Көктем сәні жарқыраған күн

Көктем сәні жасыл желек

Көктем сәні гүлдер

Көктем сәні құстар

Көктем сәні мөлдір су

Көктем сәні ашық аспан

Көктем сәні кемпір қосақ

Көктем сәні еңбек

Көктем сәні бақытты балалар!

 

Би :«Гүлдер»

 

 

Аяулым:

Ана біздің гүліміз

Ана біздің күніміз

Балаңызды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

 

Дарын:

Айналайын анашым

Мәпеледің өсірдің

Мен өзіңе қарызбын

Сыйлаймын гүлін өмірдің

 

Нұрислам:

Әжем менің ақ әжем

Аппақ әжем пәк әжем

Басқалардай емессіз

Сүйкімдісіз әлі әжем

 

 

Айнұр:

Апам мені айым дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Апам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді

 

 

Жүргізуші: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар бір жерге барар кезде боянып та,үлгереді. Олай болса, аяулы аналарымызды бір тіршілігін біздің ер балаларымыз жасап көрсінші.

  • Балалар біз қазір ойын ойнаймыз.

Ойын: «Анамызды әсемдейік»

Балалар аналарды бояулармен сәндейді.

 

 

Жүргізуші: Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Сыйлық бердім мен өзім

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

 

Ән: Жүргізуші  «Мама»

 

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Теңейміз аналарды аппақ тауға

Теңейміз аруларды шапағатқа

Ана,деп ән салдық, би биледік

Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз

Ақ сүт берген аналарға, әдеппен бас иеміз

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – өмірдің шуағы!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІІҢ

«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

                                                                                             Бекітемін

                                                     Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары

                                                  _________________________ Ж.Бекпенбетов 

                                                «______» ____________________2018жыл

 

 

 

 

              

               Ертеңгілік

Тақырыбы: «Ана- өмір шуағы!»

 

 

Сынып жетекшісі:Мрзойова Исмира

1  Шолаққорған- 2018