Денсаулық-зор байлық

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: № 3 ЖОББМ, г. Жезказган

Мұғалімнің аты-жөні: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Сынып: 8

Қатыспаған оқушылар саны: ______________________                                                      Қатысқан оқушылар саны: ________________________

 

Сабақ тақырыбы: Денсаулық-зор байлық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Білімділік: қазақ тілінде берілген мәтіндер негізінде дәрумендер жайлы ақпараттық ұғымын молайту
Дамытушылық: жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.
Тәрбиелік: қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы  саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): дәрумендер туралы ақпарат беру.
Оқушының орта жетістігі (ООЖ): дәрумендерге қатысты жаңа сөздерді сөйлесім барысында қазақ тілінде тиімді қолдана алады, қазақша дәрумендерге қатысты жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды.
Оқушының жоғарғы  жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады.
Күтілетін нәтижелер: Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді, мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын дәлелдеп жеткізеді
Жаңа сөздер: Денсаулығы, дүние жүзі, қоғам, ең басты мәселесі, үйлесімі, ынтымақты, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, стикерлер, смайликтер
Оқыту әдістері: «Шаттық шеңбері» әдісі, «Смотри-закрой-скажи-напиши-проверь» тәсілі, «Бағдаршам» әдісі, «Кулак-ладонь» әдісі, Стратегия: “Своя игра”, Стартегия: «Последние 5 минут»
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

 

Тапсырмалар :

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

 

              Тапсырма      Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалім «шаттық шеңберіне»  тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді

-Топқа бөлу. /Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу/

Топтың ережесін қайталау:

1.Тыңдай білейік.

2. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

3. Басқалардың пікірлерін сыйлайық!

4. Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлері ғана сыналады.

5. Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек.

6. Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін тыңдай білу.

7. Бірлесе жұмыс істеуге ұмтылайық!

8. Жанжалдарды болдырмауға ұмтылайық!

— Балалар, сонымен бүгін біздің сабақтың тақырыбын кім айтады? /Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады/

Оқушылар өздеріне сабақтың мақсатын қояды:

І топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады

Оқушыла шаттық шеңберіне тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады
Өткен сабақты тексеру Үй жұмысын тексеру: «Сұрақ-жауап» әдісі

1. Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

2. Көптік жалғауларды атаңыз.

3. Тәуелдік жалғауларды атаңыз.

4. Жіктік жалғауларды атаңыз.

Бағалалу. «Бағдаршам» әдісі

Айтылым. Зат есімнің жалғаулары туралы айтады
Қызығушылықты ояту Сөздікпен жұмыс: «Смотри-закрой-скажи-напиши-проверь»

1. Сөздерге мұқият қара;

2. Бір неше рет қайтала;

4. Сөздік дәптеріне жаз;

5. Өзіңді тексер;

денсаулығы – здоровье

дүние жүзі — весь мир

қоғам — общество

ең басты мәселесі — самая главная проблема

үйлесімі — гармония

ынтымақты — солидарность

спортпен шұғылдану — заниматься спортом

дұрыс тамақтану — правильно питаться

Бағалау. «Кулак-ладонь» әдісі

Жазылым. Жаңа сөздерді жазады, өздерің бағалайды
Мағынаны тану Топпен жұмыс: Мәтінмен жұмыс: Стратегия: «Своя игра»

І топ: Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару, сұраққа жауап беру

Денсаулық-зор байлық.

Адам денсаулығы – барлық дүние жүзі бойынша, әр қоғамның ең басты мәселесі.

Денсаулық  —  әр бір жеке адамның, қоғамның, адам психологиясының үйлесімі, адамдардың өздерімен, туыстарымен, табиғатпен ынтымақты, қарым- қатынасы.

Адам, ең  бастысы, денсаулықты сақтау керек. Ол үшін өзін күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс  тамақтанып, саламатты өмір сүру салтын  дамытып отыру керек.

Денсаулықтың  басты кілті – дене шынықтыру, дұрыс тамақтану  болып табылады.

Күнделікті тіршілікте денсаулықтан асқан бақыт жоқ. Адам ауырып емделсе, ол бәрібірденеде із қалдырады. Созылмалы аурулардың ошағы кейде сақталып қалады.

Кейіннен қайталануы да мүмкін. Ауырмас үшін витаминдер, шөп тұнбаларын пайдаланып, алдын – ала сақтанып жүргендердің іс – әрекеті өте дұрыс. Ол да өз жемісін береді.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

1. Мәтін қандай стильде жазылған?

2. Мәтіннен негізгі сөздерді, сөз тіркестерін табыңыздар.

ІІ топ: Синквейн құрастыру. Бес жолды өлең. «Дәрігер» сөзіне

«Емхана» сөзіне

«Дәрумен» сөзіне

Бағалау. «Голосование точками» әдісі

Оқылым. Айтылым. Жазылым. Мәтінді мәнерлеп оқиды, аударады,  сұраққа жауап береді, үш сөзге синквейн құрастырады, кесте бойынша бір — бірін бағалайды
Танымдық сәт: Сен білесің бе? Познавательная минутка: А знаешь ли ты?
Сен білесің бе?

Бір жас жігіт қариядан: «Денсаулықты не жетілдіреді?» — деп сұрапты.

Қария: «Денсаулықты жетілдіретін жеті емші бар,» — деп жауап беріпті.

Тоқшылық – денсаулықтың кепілі.

Ұйқы – денсаулықтың дәрігері.

Күлкі денсаулықты арттырады.

Жақсы жар көңілді өсіреді.

Ақылды дос ақылыңа ақыл қосады.

Еңбек – денсаулықтың күзетшісі.

Өнер еңбегінді өсіріп, өрісіңді кеңейтеді, — депті қария.

қария – старик

тоқшылық – сытость

ұйқы – сон

күлкі – смех

жақсы жар – хороший супруг, супруга

еңбек – труд

өнер – искусство

Тыңдалым. Оқушылар қосымша мәліметті тыңдайды
Тәрбие сәті! Есіне сақта!

Дәрумендер және олардың маңызы.

Дәрумендер — ерекше органикалык  заттар. Адам ағзасы  дәруменсіз қалыпты жұмыс істей алмайды. Адамдар тамақтанғанда дәрумендерді азық – түлік, көкөніс, жеміс – жидек, шырындардан алады. Дәрумендердің түрлері өте көп. Олар латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріптермен белгіленеді.

А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз алабүғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі.

В дәруменінің түрлері өте көп, В1, В2, В6, В12, В15 . Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бүл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады.

С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын  арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсартады. Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған орамжапырақты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен келеді. Д дәрумені жетіспесе бала мешелге ұшырайды. Д дәрумені тресканың, басқа да балықтардың бауыр майында мол. Сары майда, жұмыртқаның сары уызында аздау. Өсімдік тағамдарында жоқ, мал өнімдерінде өте аз.

 
Топпен жұмыс. Совместное обучение: Талантливые и одаренные. Деңгейлік тапсырмалар.

І топ: Қай азық-түліктің құрамында қандай дәрумен бар? Жауап беріңдер.

Ү л г і:  С дәрумені лимонда, пиязда, сәбізде т.б. болады.

А дәрумені _____________________________________

В дәрумені _____________________________________

Д дәрумені _____________________________________

ІІ топ:

Айтылым. Жазылым. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Бекіту Стартегия: «Последние 5 минут»

Дәрумен – дененіміз не?

Адам дәрумендерді қайдан алады?

Дәруменнің қандай түрлері бар?

А дәрумені не үшін қажет, ол қандай тағамдарда болады?

В дәруменінің қандай түрлері бар?

Ол қандай тағамдарда болады?

В дәрумені жетіспегенде адамда қандай белгілер байқалады?

С дәрумені не үшін қажет, ол қандай тағамдарда болады?

Д дәрумені адам ағзасына қайдан келеді?

Ол қандай тағамдарда болады?

Айтылым. Сұрақ -жау  жауап
Үйге тапсырма Тақпақ «Дәрімендер»

Дәрумендер тұрағы,

Түрлі тағам құрамы.

А-болады асқабақ,

Өрік, қызан, салатта.

Б-балық, картоп, асбұршақ,

Сиыр еті, жаңғақта.

С-қарақат, алмұртқа,

Кивиге тән табылар.

Д-балық майында,

Е-қарақатта табылар.

Өлеңді жаттап алыңдар

Дос бол сабын, сумен сен,

Жиі – жиі жуын сен.

Таңертең де, кешке де,

Жуын күндіз – түсте де,

Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында,

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

 
Қосымша ақпарат
Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқы болды ма? Себебі неде? Өзім жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім? Неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңіздлі жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытудың да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың ұнаған 2 түсін анықтап жазыңыз.

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз), жақсарта алды?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Осы сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім…