«Білімді- мыңды жығады»

 

Сабақ тақырыбы:  «Білімді- мыңды жығады»

                                     (Тарихи танымдық сайыс )

Сайыстың мақсаты:

Білімділік:  тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;

Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;       

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

 Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

 Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу 

  1. Сайыстың барысы:

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі «Білімді- мыңды жығады » атты сайыс сабағымызды бастайық.

Сынып 2 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы».

Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады.

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1 тур – “Толған ел тарихын таспен жазады…” (тарихтан сұрақтар)

2 тур – “Мәнді цифрлар”

3 тур – “Ұранды ердің — ұрпағы қайсар” (ел билеген хандар тарихы)

4 тур – “Ерлікті таба білу, ерді тани білу” (Бұл қай хан?)

5 тур – “Ерлік – ел есінде” (ескерткіштер)

6 тур – “Қазақстан қалалары” (сөзжұмбақ)

7 тур – “Ата-баба мұрасы – сарқылмайтын қазына” (жыраулар туындылары)

1 . Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа  мемлекеттер құрылды?

А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы

В) Жоңғар хандығы, Сібір хандығы

С)Моғолстан хандығы, Қазақ хандығы

  1. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды?

А) Батыс Жетісу жерінде

В) Орталық Қазақстанда

С) Шығыс Қазақстанда

  1. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?

                   А) Әл-Марвази

                   В) Рашид ад-Дин

                   С) Мұхаммед Хайдар Дулати

 

  1. Мәнді цифрлар туры

1.Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?

А) 20 жыл

В) 30 жыл

С) 25 жыл

  1. Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін қанша жылға жуық

күрес жүргізген?

А) 20 жыл  

В) 15 жыл

С) 10 жыл

  1. 1643 жылы Қазақ ханы Жәңгір асығыс қол жинауға үлгермей, жоңғарлардың 50 мыңдық қалың қолына қанша жауынгермен Орбұлақ шайқасында қарсы тұрды?

А) 6000

В) 1100

С) 600

  1. Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған інісі Тұрсын хан Түркістанды шауып, Есім ханның балалары мен әйелін тұтқындап Ташкентке әкетеді. Осыған байланысты тарихта Тұрсын хан бүлігі немесе “Қатаған қырғыны” болған жыл болып қай жыл танылады?

А) 1621 жылы

В) 1627 жылы

С) 1598 жылы

 

  1. «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» туры (ел билігінде болған хандар туралы)
  2. Қасым ханқай жылдары ел биледі?

А) 1480-1512 жылдары

В) 1511-1518 жылдары

С) 1506-1542 жылдары

  1. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?

А) 300 мыңға

В) 1 млн-ға

С) 800 мыңға

  1. Қасым ханның қанша атты әскері болды?

А) 50 мың

В) 150 мың

С) 300 мың

 

  1. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?

А) Қасқа жол

В) Ескі жол

С) Жеті жарғы

 

 

  1. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» туры (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)

 

1 Керей хан – Болат сұлтанның ұлы 5 Тәуекел хан – Шығай ханның ұлы
2 Жәнібек хан – Барақ ханның ұлы 6 Есім хан – Шығай ханның ұлы
3 Қасым хан – Әз Жәнібектің ұлы 7 Жәңгір хан – Есім ханның ұлы
4 Хақназар хан – Қасым ханның ұлы 8 Әз-Тәуке хан – Салқам Жәңгірдің ұлы

 

  1. «Ерлік – ел есінде» туры (қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны (ескерткіштер).

 

Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов­. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Орналасқан жері – ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың мұражайының алаңында.

Сұрақ: Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада

ашылды?

 

Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист.                 М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.

Сұрақ: Бұл ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицисттің 500 жылдығына арналып салынған.

Петропавл қаласындағы Абылай ханның резиденциясы қазақ халқының ұлттық тарихының ескерткіші болып саналады. Кешеннің құрамына бір қабатты ағаш үйлер, канцелярия, келіп-кетушілерге арналған үй, монша, шаруашылық құрылыстары кіреді.

  1. Сөзжұмбақ « Қазақстан қалалары»

 

  1. «Ата-баба мұрасы – сарқылмайтын қазына» туры (жыраулар туындыларын табу)
  2. «Қырында киік жайлаған…» толғауының авторы кім?
  3. A) Бұқар

В) Шалкиіз

           С) Асан қайғы

  1. Көтеш ақынның жас кезінде даңқын шығарған өлеңі қайсы?
  2. A) «Ал, айтамын, айтамын…»
  3. B) «Қоғалы көлдер, қом сулар…»
  4. C) «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің…»
  5. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы жарық көрген жинақ қайсы?
  6. A) «Жақсы үгіт»
  7. B) «Садақ»
  8. C) «Үлгілі бала»
  9. Әйел, келін, қыздар туралы көптеген өлеңдер шығарған ақын кім?
  10. A) Көтеш ақын
  11. B) Шал ақын

 

Бағалау.

Қорытындылау.

     Жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазымен марапаттау.