«Саятхатқа барайық»

 

Білім саласы: «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Саятхатқа барайық»

Мақсаты: сюжетті-ойын арқылы шығармашылыққа баулу.

Көрнекілік: ойыншық аю мен қоян.

Оқу қызметінің кезеңдері Музыка жетекшісінің қызметі Балалар қызметі
Мотивациялық —

қозғаушылық

Жетекші  балаларды қарсы алады. Амандасады.

-Балалар, біз бүгін орманға саяхатқа барамыз.

Орманның алыста екенін  түсіндіреді.

 

Балаларды тізбектелген орындықтарға жайғасуларын  сұрайды.

Балалар қол ұстасып,  көтеріңкі көңіл  күймен  кіреді.

 

 

 

 

Қуана келісіп отырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Музыка  жетекшісі  ойыншық  қоянды  көріп, таңғалған  кейіп танытады.

-Балалар, қараңдаршы, мынау  тығылып  отырған  аңды танисыңдар ма?

 

Ақ  қоян-ау, ақ қоян,

Ұзын  құлақ  сақ қоян.

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Жүйрік қоян, сақ қоян,-деп қоянды алып, балаларға көрсетеді.

-Балалар, ақ қоянмен  бірге секіріп, көңіл көтерейік.

«Қояндар биі» (Ж.Оффенбах) ойналып,  балаларға өз еркінше секіруді  ұсынады.

«Қоңыр  аю қорбаңбай»  (Б.Дәлденбай) әуені орындалып, үйшіктен  педагог-аю  шығады.

 

Мен  аюмын  қорбаңбай,

Қимылдаймын  қорбаңдай.

Омартаны  көргенде,

Бас қоямын  ойланбай.

(А.Асылбек)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Әуен  қайта  ойналып, аю би  қимылдарын  жасайды. Музыка жетекшісі  балаларға аюдың  қимылын қайталауды  ұсынады.

 

«Қояндар  мен аю» ойыны ұйымдастырылады. Балалардың ойынға  қатысуын қадағалайды.

Балалар қоянды көріп, таңданады.

 

Қоянды танығандарын  айтып, қызықтайды.

 

 

 

Балалар  жеңіл секіріп,  қоянның қимылын  көрсетуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  қуана  аюмен  амандасады.

Аюдың қимылдарын  қайталап, қорбаңдап  жүреді,  бір орында  айналады.

 

 

Ойын шартын  сақтап  жеңіл  секіріп аюдан  қашады.

Рефлексиялық-түзетушілік Бүгінгі  күннің  көңілді  өткенін  айтып, балаламен қоштасады. Балалар  қол  бұлғап  аюмен, қоянмен  көңілді  қоштасады.

 

Күтілетін  нәтиже:

Біледі:  ойын  барысындағы  әнді, би қимылдарын  есте сақтауды.

Игереді: ұқыпты отыруды, қоян, аюмен  достықты,бірге қуануды.

Меңгереді: музыканы сезініп, кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын көрсетуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсаң 2-апта

Білім саласы: «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Музыка

Мерзімі: 10.12.2018ж

Тобы:ІІ кіші  «Балдәурен»

Тақырыбы: «Туған жерім»

Мақсаты: Әнді сезіну  арқылы Отанды сүюге,қастерлеуге баулу.

Көрнекілік: қалалардың  көрінісін бейнелейтін суреттер.

Оқу қызметінің кезеңдері Музыка жетекшісінің қызметі Балалар қызметі
Мотивациялық —

қозғаушылық

«Марш» (А.Затаевич) әуенін  ойнатып, баларға әуенді  сезіне жүруді  ұсынады.

Бір,екі,үш!

Бойға жинап күш.

Шынығамыз  таңертең,

Ағалардай Отанға

Ұлан  болам  мен  ертең!

Тізені  жоғары  көтере  нық  басып,  арқаларын  түзу  ұстауларын  қадағалайды.

Әуен ырғағымен сезіне  жүруге  талпынады.

 

 

 

 

 

Тізелерін  көтере мақтанышпен нық басып  жүреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Қалалардың,еліміздің  сұлу  табиғатын  бейнелейтін  суреттерді көрсетеді.

Балаларды  суретке қарап әңгімелеуге, ойларын толық  жеткізуге дағдыландырады.

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған  жомарт  даласы,

Ел-Отан біздің  кең-байтақ

Отанның  біздер баласы.

(Қ.Шаңғытбаев)

Балалардан  Отан, туған жер туралы  білетін  өлеңдерін сұрап,белсене қатысқан балаларды мақтайды.

Ән тыңдау: «Отан- ортақ үйіміз» (Д.Ботпай,Е.Өтетілеуұлы).

-Бұл  әннің  көңіл күйі  қандай?

-Сен  өз Отаныңды  жақсы көресің бе?-деген  сұрақтар қою арқылы балалардың  Отан туралы түсінік-ұғымын кеңейте түседі.

Даусымыз әдемі,

Шықсын созыла.

Әндетейік енді біз.

Бірге қосыла!

-Сендерге ән ұнадыма?

-Ән не туралы?

Қысылып еш саспайық,

Қызық ойын бастайық!

Ойын: «Тақия  тастамақ».

Өздері білетін  қалалар  немесе өзі  туған ауыл,қала туралы әңгімелейді.

 

 

 

Балалар жатқа білетін тақпақ, өлеңдерін жарыса айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған жеріне деген түсініктерің жеткізуге тырысады.

 

 

 

 

 

Тез жүгіріп, ойында жеңімпаз атануға тырысады.

Рефлексиялық-түзетушілік Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыруды ұсынады.

-Туған жерің  қандай?

-Қай қалада тұрасың?

Балалар қойылған сұрақтарға  толық  жауап береді.

Күтілетін  нәтиже:

Біледі: шығарманы тыңдап әнге қосылып орындауды.

Игереді: әуен ырғағымен билеуді әнді айтуды.

Меңгереді: әнді тыңдап ырғақпен қозғалуды:

 

Әдіскер:

 

 

 

Желтоқсаң 3-апта

Білім саласы: «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Музыка

Мерзімі: 21.12.2018ж

Тобы:ІІ кіші  «Балдәурен»

Тақырыбы: «Елорда  Астана»

Мақсаты: музыка ырғағын сезіну, түрлі сиппатарды ажырата білу

Көрнекілік: «Астана» атты сурет көрмесі.

Оқу қызметінің кезеңдері Музыка жетекшісінің қызметі Балалар қызметі
Мотивациялық —

қозғаушылық

Жетекші балаларды қарсы алады.

Амандасады.

-Балалар, бугін біз әсем  қала Астананы қыдырайық.

Гүл жайнаған атырабы.

Алты қырдан шақырады.

Көңілге нұр төккен қала-

Астана.

(М.Әлімбаев).

Балалар жақсы көңілмен   залға        кіреді.

 

 

 

Балалар «Астана» туралы білетін тақпақтарын  айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Біздің « Елордамыз Астана» өте үлкен қала.Қандай әдемі үйлер! Міне, циркке де  жеттік. (Суретін  көрсетеді.)

-Циркте  не көруге болады?

Сендерге цирк ұнайма?

Әуенді қимыл:

«Күлдіргіштер»  (Д.Кабалевский) биінің қимылдары көрсетіліп,  балалардың қайталауы сұралады.

-Республика сарайы. (Суретін көрсетеді.) Мұнда түрлі ән кештері,концерттер өтеді.Халық келіп ән тыңдайды,демалады.

Ән үйрену:  «Біз өмірдің гүліміз» (Б.Ғизатов,Ә.Дүйсенбиев) әнін орындап, ән сипатын ажыратуды,ән мәтінін әңгімелеуді сұрайды. Ән ырғағын шапалақпен көрсетіп, әуенге ілесулерін қадағалайды.

Ойын: «Жұбыңды тап!» ойынды 4,6 жұпқа бөлініп ойнайды.

 

Балалар суреттерге, қарап көргендерін айтуға тырысады.

 

 

 

 

Балалар күлдіргіштер қимылын, көрсетіп шаттанады.

 

 

 

 

Әнді бірге қосыла айтуға тырысады.

 

Балалар өздеріне жұп таңдап ойынға шақырады.

Рефлексиялық-түзетушілік Қорытындылау, балаларды марапаттау. Балалар көтеріңкі көңіл күймен тарайды.

Күтілетін  нәтиже:

Біледі: әуен екпінін сезіну,әуенді таза айтуды.

Игереді: музыканы тыңдай отырып, әуенге сәйкес қимыл жасауды.

Меңгереді: сүйікті қаласы туралы, сәулетті жерлері туралы біледі.

 

 

 

                                                                   Әдіскер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсаң 4-апта

Білім саласы: «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Музыка

Мерзімі: 24.12.2018ж.

Тобы:ІІ кіші  «Балдәурен»

Тақырыбы: «Қазақстаным»

Мақсаты: әнді тыңдап,сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру.

Көрнекілік: «Қазақстан»  рәміздерінің суреті.

Оқу қызметінің кезеңдері Музыка жетекшісінің қызметі Балалар қызметі
Мотивациялық —

қозғаушылық

«Қазақстан» (Қ.Есмұратов,Х.Балшабеков) әнін ойнатып, балаларды көңілді қарсы алады.

Балаларға жалауша таратып беріп,әуенді қимылға шақырады.

Әуенді қимыл: «Жалаушамен жаттығу» (Е.Брусиловский) орындалып, балаларға еркін қимылдауға мүмкіндік береді.

Балалар қуана  келісіп,жалаушаларды алады.

 

 

 

 

Жаттығуды өз беттерінше еркін жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік -Біздің Қазақстанымыз кең-байтақ жері бар өте үлкен мемлекет.(Суреттер көрсету).

 

Музыка тыңдау:

«Қазақстан» (С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұмабаев).

-Әннің сипаты қандай?

-Әнде не туралы айтылады?-деген сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тартады.

 

-Міне, Астанаға да жеттік (суреттер көрсетіледі). Көшелері қандай әдемі! Биік үйлер көп екен.Ал мынау жарқырап тұрған- «Бәйтерек» кешені,-деп таныстырады.

Біз көңілді баламыз,

Ойнап асыр саламыз.

Әнде айтып,көңілді,

Би де билей аламыз.

 

Би: «Кел,билейік» биін (СД «Ақ желкен» жинағынан) билеуге шақырады.

Суреттерді тамашалап қызыға қарайды.

 

 

 

 

Ән көңілді, әдемі.Әнде Қазақстанымыз туралы айтылады.

 

 

 

 

Астананың сәулетті көшелерінің суреттеріне таңырқай карайды.

 

 

 

 

 

 

Би қимылдарын бірге жасауға,ырғақпен қозғалуға әрекет етеді.

Рефлексиялық-түзетушілік -Қай мемлекетте тұрасыңдар?

Қорытындылау балаларды марапаттау.

Балалар естіп білгендерін, көргендерін айтып жауап береді.

Коштасып шығады.

 

Күтілетін  нәтиже:

Біледі: әнді сезіне тыңдауды.

Игереді: жалаушалармен еркін жаттығулар жасауды.

Меңгереді: мемлекеттік рәміздермен танысып,Қазақстан туралы мәліметтерді.

 

 

 

Әдіскер: