Мәдиқызы Айнұрдың «Менің тәрбиеге көзқарасым» тақырыбындағы Эссесі

Мәдиқызы Айнұрдың  «Менің тәрбиеге көзқарасым» тақырыбындағы

Эссесі

 

«Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның барлық өміріне апат әкеледі».

Әбу Насыр

 

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәрбиеге бас иген құл болмайды» деген           Б. Момышұлының сөзінен тәрбиелеу ұлы іс екені аңғарылады. «Білімдендіру ошағы – мектеп. Тәрбиенің ауданы кең, түбі терең. Тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік кездері де қалмайды. Тәрбие сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтасы жоқ. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де болмақ емес», — деген Ж. Аймауытовтың пікірінде адам өмір бойы тәрбиеленеді. Өмірден үйренеді, кемшіліктерден қорытынды шығарып, жақсылықтарды жарқырата түскісі келеді деген қағида бар. Осы қағида негізінде адам ұрпақ өсіреді, оқытады, тәрбиелейді. Тәрбиенің бірінші сатысы — отбасы. Ол жанұяда ең алғаш ата-анасын танып, оларды жақсы көреді. Кең айналаны сезініп, терең түсінуге құлшынады. Сондықтан ата-ана бала тәрбиесі бесіктен басталады деген халқымыздың ойын үнемі есте ұстаған жөн.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. «Туған кезімізде болмайтын, өсе келе бізге керек болатын қасиеттердің бәрі тәрбиемен келеді» дегендей, қоғамның дамуы, оқушылардың жетілуі үрдісінде олардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңызы ерекше. Эстетикалық тәрбие – тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етудің құрамды бөлігі.

 

Патриотизм деген гректің отандас, отан, туған жер деген сөзі. Біздің отанымыз Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген көп ұлтты республика. Кең байтақ жері, Қазақстандық туымыз, әнұран, елтаңбамыз бар. Бұл мақтанышты Қазақстан патриотизмін оятудың бір көзі деп білемін. Патриотизм дегеніміз біріншіден, өз тарихымыздың, екіншіден, өз тілімізді құрметтеу болмақ. Үшіншіден, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды білген жөн. Төртіншіден, Абай атамыз айтқандай ұлттық қадір-қасиетімізді арттыруымыз керек.

Тәрбиенің үздіксіз жүріп отыратынын ескерсек, «Ел болам десең, бесігіңді түзе», — деген халық даналығы. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес деген Ж. Аймауытовтың парасатты пікіріне сүйену. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.