Ұстаздық – ұлы құрмет

«Ұстаздық – ұлы құрмет»

 

Мамандықтың бәрі жақсы. Жайнатып гүл өсіріп, бау-бақша баптасаң, немесе егін өсіріп, мал күтсең – даланың сәні, тіршіліктің жаны кіреді. Адамның өмірге қажеттілігінің бәрі осы кәсіптерден келеді. Дүниедегі мыңдаған мамандықтың барлығы  адам үшін, адамзаттың өсіп-өнуі үшін керек. Сол мамандықтардың ішіндегі «Ұстаз» ең жауаптысы. Өміріміздің құлпырып кетуі де, тоз-тоз болып жүдеп кетуі де адамның ықылас-ниетіне байланысты. Бар мамандықтың ішіндегі ең қиыны да, құрметтісі де –ұрпақ тәрбиешісі болу.

Ұстаздықты таңдауда есеппен емес, жүрек қалауымен таңдау керек. Ы.Алтынсарин «Ұстаз – мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған. Ұстаз болу жүректін батырлығы демекші,  ұстаздар өз тәрбиеленушілеріне ақылшы, досы, жан дүниесін түсінетін анасы да болады. Ұстаздықты бойында мұғалімге қажетті құндылықтар жүйесі бар адамдар ғана алып жүре алатыны айдан анық.

Ұстаз – болашақтың данасын да, баласын да, ғалымын да, басшысын да, қарапайым жұмыскерін де тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатады. Мұғалім, баланың бойына әдептілік, ұқыптылық, адамгершілік, патриоттық т.б сезімдерді ұялататын бірден-бір тұлға. Ұстаз – 42 әріптің қыр-сырын үйретіп, бізге жарық өмір сыйлаған «Ана» деп жазуға, оқуға үйреткен. «Ұстаздық  еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, әр баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, жан-жақты бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан «Ұстаз» әрдайым қасиетті тұлға ретінде саналады. Осы сәтте өзімнің алғашқы ұстазым, Дәмеш апай есіме түседі. Фариза Оңғарсынова апайымыз жырлағандай:

«Ұстазсыз жанда сөнбек күн

Шәкіртсіз өмір – сусыз жер

Көрінбес ғажап еңбектің

Бейнетін көріп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын, жігер күт

Ұстазым, сенің әр күнің

Әр сәтің тұрған, бір ерлік»

Ұстаз – ерекше тұлға екеніне еш күмән жоқ. Мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Ұстаздық қызмет әрбір оқушының, ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдырына жауап береді. Сол себепті де, «Ұстаздық – ұлы құрметке лайық» деп ойлаймын.