Ойлан, тап.

                                                                                                                                       Сабақтың тақырыбы: Ойлан, тап.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық:Көрнекі іс-әрекеттік,сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту,ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды шапшаңдыққа,икемділікке,ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: топтық,көрнекілік,құрастыру,жинақтау,ойландыру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:нақыл сөздер,логикалық есептер,таяқшалар,карточкалар.әр топқа даярланған үстел,қима қағаздар.

Сабақтың жоспары:

1.Таныстыру (аты,ұраны)

2.Тапқырлық сайысы (логикалық тапсырмалар)

3.Құрастыру (таяқшамен,қима таяқшалардан фигура құрастыру.)

4.Топ басшылар сайысы.

5.Ширату (сөзжұмбақ шешу)

6.Көңілді санамақ.

  1. «Кім жылдам?» (ой дамыту тесті.)

8.Ойымды жалғастыр (математикалық мақал-мәтелдер)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

-Балалар,бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да,тартымды әлемімен танысасыңдар . «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін-математика»-деп орыс халқының атақты ғалымы М.В.Ломоносов айтқандай,сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екеніне көз жеткізесіңдер.Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.Ойнай отырып, топтар арасындағы жарыстар болады.Сендерге түрлі тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылады.Әр сұрақтар мен тапсырмалар балдық жүйемен есептеледі.Тапсырманың жеңіл,қиындығына қарай ұпай саны қойылған.Қызыл түс-5 ұпай,көк түс -4 ұпай,сары түс -3 ұпайды білдіреді.Сайыста жеңу үшін белсенділік танытып,сұрақтарға тез ойланып жауап беру және тапсырмаларды дұрыс орындау керек.

Әр топ дұрыс жауап үшін қима қағаз алып,әр түсті жеке жинақтайды.Сабақ соңында ұпай саны есептеліп,жеңімпаздар анықталады.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от,көздерінде жалын бар.

Алға қойған мақсатты,

Әрқашан да орындар.

1.Таныстыру. Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.

І. «Тапқырлар» тобы.

«Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.

ІІ. «Алғырлар» тобы.

«»Алғыр болмай,тапқыр болмассың!»

ІІІ. «Білгірлер» тобы.

«Бірлік түбі береке,білгірлер тобы ерекше!

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Кім жүйрік ойға-сол алда!

2.Тапқырлық сайысы (логикалық тапсырмалар)

1.Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш қалады? (5)

2.Жанұяда 4 ұл және әр ұлдың бір әпкесі бар.Жанұяда неше бала бар?(5)

3.Ұшақ Зайсаннан Алматыға 1 сағат 20 минут ұшады,ал кері қарай 80 минут ұшады.Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (тең)                    

4.Бес 1 санынан 100-ді шығарып алыңыз. (111-11=100)

5.Берілген сағат сандарын екі санның қосындысының мәні 13-ке тең болатындай етіп,6 бөлікке бөл.

12

11                         1

 

10                                          2

 

9                       .                        3

 

8                                             4

 

7                                 5

6

6.Әкесі 50 жаста,ал баласы әкесінің жарты жасынан 3 жас кіші.Баласы неше жаста болғаны?   (22 жаста)

7.І топ. 2 цифрын және таңбаларды пайдаланып, 2 санын шығарып ал.2:2+2:2=2

ІІ топ.2 цифрын және таңбаларды пайдаланып,3 санын шығарып ал.   2*2-2:2=2

ІІІ топ.2 цифрын және таңбаларды пайдаланып,5 санын шығарып ал.2*2+2:2=5

 

  1. «Құрастыру» сайысы.

1.7 таяқшадан қалайша тең қабырғалы 3 үшбұрыш құрастыруға болады?

2.7 таяқшадан 2 шаршы құрастырыңдар.

3.5 таяқшадан 2 тең қабырғалы үшбұрыш құрастыруға болады

4.Қима тақтайшалардан фигура құрастыр,оның қандай фигура екенін айт және дәлелдеп беріңдер.                                                                                            

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болса.

Білімді шәкірт озар

Сұрақтары қиын болса.

4.Топ басшылар сайысы.

1.Қайрат Жанардан кіші,бірақ Талғаттан үлкен.Ал Ажар Жанардан үлкен болса,ең үлкен кім?   (Ажар)                                                                                             

2.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады,екі аяғымен тұрса,оның салмағы неше кг болады?    (3кг)

3.Бөлмеде төрт бұрыш бар.Әр бұрышта бір мысықтан отыр.Әр мысыққа қарап              3 мысық отыр.Бөлмеде қанша мысық бар.          (4 мысық)                        

4.Қатар тұрған үш санның қосындысы да,көбейтіндісі де 6-ға тең.Ол қандай сандар?     (1,2,3)

  1. «А» әрпінен басталатын математикалық сөздерді атаңдар.

6.9 санымен аяқталатын сан 500-ден артық та,510-нан кем.Ол қай сан?

7.Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15-ке тең.Сол сандарды ата.   (3,5)

8.9-бен 7-нің көбейтіндісі қанша болады?    (63)

9.Барлық қабырғасы тең фигура.   (шаршы)

10.Наурыз тойы кезіндке 3 пар ат 60 км шапса,әр ат неше км шабады? (60 км)

 

5.Ширату. Келесі кезекте әр топ өз аттарына байланысты сөзжұмбақ шешеді.

Дұрыс шешкен топтарға ұпай беріледі.

 

   Т е ң д е

 

у
  с  а

 

ғ а т  
  ж ұ  п

 

   
т а  қ

 

т о ғ ы

 

з
  п е  р

 

и м е т р
  а л

 

т ы    
   а

 

й ы р м а
м е т  р

 

 

 

 «Тапқырлар» тобы.

1.Құрамында белгісіз саны бар теңдік.

2.Уақыт бірлігі.

3.2-ге бөлінетін сандар.

4.2-ге бөлінбейтін сандар.

5.3*3

6.Төртбұрыштың қабырғаларының  ұзындығының қосындысы.

7.54:9

8.Бұл қандай өрнек? 50-30=20

9.Ұзындық бірлігі.

        

  ш А

 

р ш ы
  л

 

и т р
А з а й ғ

 

ы ш  
    м ы

 

ң  
  ц и ф р

 

 
  с ә у л

 

е
  а у д а

 

н
    т ө р

 

т

  «Алғырлар» тобы.

1.Геометриялық фигура.

2.Сыйымдылық бірлігі.

3.Айырманың мәнінен азайтқышты азайтсаң……… шығады.

4.Төрт таңбалы сан.

5.0-ден 9-ға дейінгі сандар.

6.Бір жағы тұйықталған,екінші жағын қанша созсаң да созыла беретін

фигура.

7.Төртбұрыштың ұзындығы мен енінің көбейтіндісі арқылы нені табамыз?

8.Теңдеудің мәнін тап.  32:х=8

 

 

  ү ш  Б ұ р ы ш
е к    і

 

     
т ә у   л і к

 

б ө л   г і ш

 

ж е т    і

 

 
    г   р а м м

 

 
б ө   л у

 

   
к ө л   е м

 

  ө   р н е к

 

 

 

  «Білгірлер» тобы.

1.Геометриялық фигура.

2.18:9

3.Уақыт бірлігі.

4.Бөліндінің мәнін бөлінгішке бөлсең………. шығады.

5.70=? ондық

6.Салмақ бірлігі.

7.Математикада қолданылатын амал.

8.Текшенің ұзындығы,ені мен биіктігін көбейту арқылы нені табамыз?

9.Бұл не? 10:5+9:3

 

  1. «Көңілді санамақ» сайысы.

Ойлау,санау шапшаңдығына байланысты  жүргізілетін  сайыс

Бұл кезеңде фигуралар арасында 1-ден бастап 51-ге дейінгі сандар берілген.

Қай топ сандарды шапшаңдықпен санап,берілген санды тауып шықса,сол топ жеңіске жетеді.

 

7.«Кім жылдам?»

Оқушылардың сөздік-логикалық ойын дамытуға арналған тест.              

І топ  а).А,А,Ы,Й,Ш,Қ,Т,З               ә)Й,А,У,Л,О

ІІ топ а)І,Ө,Е,Й,К,Ш,Т,Б                  ә)А,А,Л,У,Д,Т,

ІІ топ а)Ы,Ы,А,Р,Л,Т,С,С,               ә)А,Ы,Т,Қ,У

 

Зеректіктің сыналар келді кезі,

Ойшылдық пен тапқырлық жол белгісі.

Жауабына жақын бол,жақындадық

Келесі «Ойымды жалғастыр» кезегіне.

 

  1. «Ойымды жалғастыр» (математикалық мақал-мәтелдер)

1.Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

2.Жеті атасын білген ер, (жеті жұрттың қамын жер)                 

3.Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

4.Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

5.Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішер)

6.Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)                            

7.Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)                 

 

Ой толғаныс.

 «Мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін»

(А.Г.Постников)

«Арифметика математиканың,ал математика ғылымдардың патшасы»

(К.Гаусс)

Сабақ соңында әр топтың жинаған қима қағаздарының ұпай саны есептеліп,жеңімпаз топ анықталады,мадақталады.

 

Сабақты қорыту: Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп – дегендей білімді болуға талпынайық.

Үйге:математикалық жұмбақтар жаттау.

Оқушыларды бағалау.

 

                                                                              

                                                                            Рустембекова Бибігүл Асетовна

                                                                             Жамбыл облысы   Жуалы ауданы

                                                                              Бауыржан Момышұлы ауылы

                                                                              №29 орта мектептің

                                                                              бастауыш сынып мұғалімі