№13 сабақ  «Бір-бірімізге көмектесеміз»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                      Мерзімі:        .12. 2017 жыл.

Мұғалім:                Сынып: 1 «         »

Оқушылар саны:      Тақырып: №13 сабақ  «Бір-бірімізге көмектесеміз»

Құндылық:Дұрыс әрекет. Қасиеттер:

Сыйлау,шындықты айту, батылдық.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды сыйластыққа  қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушыларды шындық айтуға дамыту.

Тәрбиелік : Батылдыққа  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер,

видеопроек дискілер, бояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Жай бір адам»

— Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің?

— Өзгелер саған көмектескенде не сезіндің?

— Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады?

— Достарың көмек сұраса, өздерің не істер едіңдер?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                            Қайырымды іс жаса,

                            Қайырлы болар әр ісің.

1. Қайырлы іс  деген не?

2. Қайырлы болар әр ісің  дегенді  қалай түсінесің?

3. Екеуі қалай байланысты?

Осы сұрақтар айналасында дәйек сөзді талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. «Екі дос» бейне -фильм.

—          Адал достық дегенді қалай түсінесіңдер?

—          Аңыз әңгімедегі жауынгердің достығы адал достыққа жата ма?

—          Адамгершілік қасиеттер жақсылыққа айналды ма?

 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    61-беттегі 1-ші,2-ші тапсырманы орындау. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап,  қорытынды жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

                        Мен үлгілі баламын                Сөзі : А. Байғожаев

                                                                    Әні : Ә. Молдағайынов

Мен үлгілі баламын,

Үлкен тілін аламын.

Ерте тұрып төсектен ,

Малға шөп те саламын.

Су да алып келемін,

Қаздарға жем беремін.

Дүкенге әжем жұмсаса,

Әкеп берем керегін.

 
7. Үй тапсырмасы.

14-сабақ  «Көбелек жарақаттанбасын деп…»  оқып келу.

Қорытынды:Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой-ниеттен туындаған барлық  іс дұрыс болып, басқаларға және өзіне қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы  біз ең алдымен өзімізге көмектесеміз.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!