«Информатика әлеміне саяхат»

«№28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәні мұғалімі:  Зулпыхаров Алмас Тынышбайұлы

 

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»

Сыныбы: 7Ә, 7А

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың  информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың  әдісі: топтық жұмыс.

Cабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 6 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, әділқазылар  және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, бүгін «Информатика әлеміне саяхат» атты ойын сайыс-сабағымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазы мүшелері:                                                                                        

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Екі топ ортадан қағаздағы топ аттарын таңдайды.Топ басшысы өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген топ мүшелерін таныстырады.

Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика әлеміне саяхатқа» аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, шапшаңдықты  алып  жүруді  ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге,  информатиканы пәнін жақсы көретіндерге  арналады.

Сайысқа  қатысатын  командалар:

І топ: «Монитор»

ІІ топ: «Принтер»

 Сайыс    7 кезеңнен  тұрады.

1 кезең:  «Сәттілік»

 2 кезең: «Шешімін тап»

3 кезең: «Кім жылдам»

4 кезең: «Мақал-мәтелдер орталығы»

5 кезең: «Полиглот»

6 кезең: «Тапқыр  достар»

 7 кезең: «Жорға» топбасшылар  сайысы

 

Алдағы  біз баратын бағыт  анық,

Озат жан  екеніңді тағы  таныт

Информатика  әлеміне  аяқ  басып,

Компьютер тілінде  біз  жарысалық.

 

1-кезең. ”Сәттілік кезеңі” Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын айтады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

 

 

 

«Монитор» тобының сұрақтары:

Сұрақтар Жауаптар
1 1 байт неше биттен тұрады?  
2 Ақпараттық процестер?  
3 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады.  
4 Компьютердің ең негізгі құрылғылары?  

 

5 Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?  
6 Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі  
7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы  
8 Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды  

 

9 Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель  
10 Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу  

 

 

 

«Принтер» тобының сұрақтары:

Сұрақтар Жауаптар
1 Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ  
2 Windows сөзінің қазақша аудармасы  
         3 Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ  
4 Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер  
5 Жою пернесі  
6 Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады  
7 Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне  
8 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды  
9 Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?  
10 Сурет салуға арналған бағдарлама  

 

 2-кезең. Шешімін тап!!!  Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың топ  басшысы ойынды бастайды. Топ басшылары  ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 1ұпай.

 

 1-топтың жұмбағы:

1) Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.

(«Еnter» батырмасы)

2)    Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған  әлек ( монитор)

 

3) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Принтер)

4)    Компьютеріңіз  ауырса,

Қызметі  дайын  үнемі

Кірген  зиян  залалды,

Күмәнсіз ол  кетірер. ( антивирус)

 

2-топтың жұмбағы:

 

1) Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан

(Тасымалдаушы дискілер)

2)    Әуез сазды  беретін,

Ол да  керек  құрылғы,

Дыбыс  шықса  тосыннан,

Бәрің соған  бұрылдың. ( колонка)

 

3)    Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп.  ( компьютер)

 

4)    Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын  ( принтер)

 

                            Әр жүйріктің жететін  мәресі  бар,

                            Биіктерге  жете алмас  өресі тар.     

 Екеуінен сүрінбей өтіп кеттік,

                   Қалғандарын ойнауға қалайсыздар.

 

3-кезең. «Кім жылдам» Бұл кезеңде екі  топқа  М, Д, П   әріптері  таңдау  арқылы    беріледі. Таңдаған әріптен басталатын информатикалық  сөздер  жазу  керек. Қайсы  топ  көп  жазса 5 ұпай, аз жазса 2 ұпай.

Модем, монитор, маркер, меню, микропроцессор, микрофон, масштаб, меңзер, мәтін т.б.

Диск,  дискжетек, дискета, драйвер, дисковод, диспетчер, диаграмма,  документтер, деректер т.б.

Процессор, программа, принтер, пернетақта, перне, пиксель, паскаль, процедура, пайдаланушы  т.б.

 

4-кезең: «Мақал мәтелдер  орталығы» 

Өнегелі өрелі ұлымыз  бар,

Намысы таудай  дара қызымыз  бар.

Ұлттық  рухы өлмеген ұрпақтары,

Ұлылықтың қыр-сырын  ұғыныңдар.

 

Бұл   кезеңде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған  мақал — мәтелдер беріледі, осы мақал — мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын  нұсқаларын  табу қажет.

1 — топ: «Монитор»

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

 

 

  1. Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

(Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)

 

2 — топқа: «Принтер»

  1. Білмесең, «анықтама»- дан сұра

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні — Вирус ала алмайды

(Досы күштіні — жау алмайды)

  1.  Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

 

5-кезең:  «Полиглот»  Бұл бөлімнің шарты бойынша 4 бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған тобымыздан бастаймыз. 2 топ мүшелері слайдта көрсетілген ұяшықтардың кез-келгенін таңдап, слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 3 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 1 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсыластары жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны сол білімалушыға есептеледі.

 

  1. Жүйелі блок; Системный блок; System unit.
    2. Монитор; Монитор; Screen.
    3. Құлақшын: Наушник; Headphones.
    4. Бума; Папка; Icon.
    5. Ұлғайтқыш; Лупа; Magnifying glass.
    6. Мәтіналғы; Сканер; Scanner.
    7. Тінтуір; Мышка; Mouse
    8.Пернетақта; Клавиатура; Keybord
    9. Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk
    10.Басып шығарғыш; Принтер; printer.

    6-кезең:   «Тапқыр  достар»

Сайыстың  шарты: Бір бала компьютерде жұмыс істегендігі  жайлы  әңгіме жазыпты. Әңгімені  оқып,  неше  қате  жібергенін  анықтаймыз?

Мен  компьютерде жұмыс  істегенде,  міндетті  түрде  монитор  мен  сканерді  іске  қосамын.  Тышқанмен  әріптерді  теріп,  сурет  салу  керек  болса, сканерді  пайдаланамын.  Компьютерге  дайын  мәтінді  қолдан  енгізбеу  үшін  джойстикті  қолданамын.  Ал  мәтінді  басып  алу  үшін  жүйелік  блокқа  қағаз  саламын. Принтер  арқылы  әндерді тыңдап,  динамик деп  аталатын  плоттерде  құжаттарды  сақтаймын.

Мен  компьютермен  жұмыс  істегенде,  міндетті  түрде  монитор  мен  жүйелік  блокты   іске қосамын.  Пернетақтамен  әріптерді  теріп, сурет  салу  керек  болса, Paint  графикалық  редакторын  іске  қосып,  карандашты  пайдаланамын. Ал  мәтінді  басып  алу  үшін принтерге  қағаз  саламын. Колонка  арқылы  әндерді  тыңдап.  «Әндер»  деп    аталатын  бумада   құжаттарды  сақтаймын.

 

7-кезең: «Жорға»  топбасшылар  сайысы.

                            Ал қанекей «Жорға»  кезеңін  бастайық.

Тізгінді  босатып  сәл  тастайық.

Жорғалап сұрақ  келіп  қалса егер,

Берейік  жауап  қасқайып

 

Шарты:  Сұрақтарға  жылдам жауап  беру  керек. Әр  сұрақ  1 ұпайдан бағаланады.

І топқа:  «Монитор»

  1. Ақпараттың  ең  кіші өлшем  бірлігі? (бит)
  2. Принтердің қызметі? (қағазға  басып  шағару)
  3. Ақпаратты шығару құрылғысы? (монитор)
  4. 1 сағатта  неше секунд бар? ( 3600сек)
  5. 1Кб  неше байт  бар? ( 1024)
  6. Мәліметтерді енгізу  пернесі? (пернетақта)
  7. Сіз  кітап оқығанда қандай  ақпараттық процесс орындалады? ( алу-беру)
  8. Жылдамдықтың  өлшем  бірлігі? (м/с)
  9. 1кг  темір  ауыр  ма, 1  кг  мақта  ауыр ма?
  10. Барлық  адам  кімнің  алдына  барғанда  бас  киімін шешеді?

 

 

 

ІІ топқа: «Принтер»

  1. Вирустарға   қарсы  программа? ( антивирус)
  2. Жүрілген жолдың  өлшем  бірлігі? ( метр)
  3. 1 кг  темір  ауыр  ма, 1  кг  мақта  ауыр ма?
  4. Графиктік  редактордың  аты? ( Paint)
  5. Ақпараттық процестерді  жүзеге  асыратын  құрылғы? (компьютер)
  6. Жердің  серігі  не? (ай)
  7. Қандай  шелекке  су  құюға  болмайды? ( толтырылған  шелекке)
  8. Қарапайым  есептеулер  жүргізетін  құрылғы? (калькулятор)
  9. 1 кг  да  неше  грамм  бар?  (1000г)
  10. Радиодан  берілетін хабар  ақпараттың  қай  түріне жатады?  ( дыбыстық  ақпарат)

 

Осымен  бұл  қызықты  тамамдасақ,

Бұл  жайды айтамыз  ба  жаман болсақ?

Үйрендік  білмегенді  осы  жолы,

Тағы  да  үйренеміз  аман  болсақ!

Сонымен  бүгінгі  сайысымыз  өз мәресіне  де  келіп жетті.  Сайыстың нәтижесі бойынша ең  көп  ұпай  жинаған  топ  оқушылары  анықталып, бағаланып, мараптталады.