Аспан әлемінің құпиялары

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы 5.5.9. Аспан әлемінің құпиялары
Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: № 7 мектеп-лицей
Күні: 07.03.2018 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Турсынбаева Алмагул Махмудовна
Сынып: 5 «В» Қатысқандар:      25            Қатыспағандар:0
Сабақтың  тақырыбы Темірқазық  пен  Жетіқарақшы. Сын есімді қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына  сілтеме) 5.Т.А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.ӘТН.4.3. Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:

— Мәтін мазмұнымен таныса отырып, тірек сөздерді анықтайды;

-Әңгіме желісі бойынша ашық сұрақтар құрастыра отырып, негізгі ойды ажыратады;

— Заттанған сын есімдерді орынды қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

— Сын есімге септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауды жалғау арқылы заттық мәнде түрлендіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

— Мәтінге байланысты өлеңнен үзінді алып, мәнін ашады.

Бағалау критерийлері 1.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды ажыратады және заттанған сын есімдерді орынды қолданады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: бір-біріне ашық сұрақтар қойып, тақырыпты ашады; мәтіннен негізгі 5 тірек сөзді тауып, мәтінге тақырып қояды; мәтін мазмұны бойынша тың идея ұсынады.

Пәнге  қатысты  сөздік қор мен  терминдер:
Космоним, Жетіқарақшы, Темірқазық, заттанған сын есім
Диалог құруға /шығарма жазуға  арналған пайдалы  тіркестер:

Ақбозат пен Көкбозат, Жетіқарақшы жұлдызы, Темірқазық жұлдызы, Үркер шоқжұлдызы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жетіқарақшы не үшін Темірқазақты торуылдап жүреді?

Ақбозат пен Көкбозат қандай жұлдыздар?

Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?

Үлпілдекті кім және неліктен ұрлап кетті?

Пәнаралық  байланыс Астрономия, Қазақ әдебиеті, Физика
Тақырып бойынша  алдыңғы білім Сын есімнің мағыналық түрлер мен шырайларын, жасалу жолдарын, заттануын біледі. Жұлдыз атауларымен таныс.
Құндылықтарға баулу —          — «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығын сақтау;

—          — өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

—          — жауапкершілік;

— өмір бойы оқуға дайын болу

Сабақ барысы

Сабақтың  жоспарланған кезеңдері Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың  басы Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесемін. Шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сын есімдерді қатыстыра отырып тілек айтады.

Қызыл, жасыл, сары  түстер таңдау арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіремін.

«Екі жұлдыз»әнін айту арқылы  тақырыпты ашамын.

Жүрекше, түстер, жұлдызша стикер
Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ: Темірқазық пен Жетіқарақшы. Сын есімді қайталау

Тыңдалым/айтылым.

Нұргүл апайды тыңдайық

Мұғалім жұлдыздарға байланысты тың мәлімет береді.

Мұғалімнің берген мәліметі бойынша оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.

Ашық сұрақтар

1.

2.      – Жетіқарақшы жұлдызы қалай орналасады? (бесеуі  галактиканы бірге айналатын  топтың бір бөлігі болып табылады. Қалған екеуі жерден қашығырақ және бұл топтан бөлек.)

3.      — Қазақ халқында қандай жұлдыздардың аталуын білесің? (Жеті қарақшы, Темірқазық, Шолпан)

4.      — Қазақ халқы ай мен жұлдыздарға қарап нені болжай білген? (ауа райын)

—          — Жетіқарақшы жұлдызы тағы қалай аталады?

—         (Үлкен аю)

—         — Жетіқарақшының ең жарық жұлдыздары (Алиот пен Дубке)

—          — Жетіқарақшының құйрығындағы қос жұлдызы қалай аталады? (Жігіт пен Қыз , Қыранқарақшы  немесе Жекебатыр мен Үлпілдек)

Топтарға мәтін таратамын.

Топтық жұмыс

І топ: Мәтін мазмұны бойынша көрініс қою

ІІ топ: «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша әңгімелеу.

2

             1

3                              4

                  5

1 – мәтін мазмұнын 100 сөзбен жеткізу;

2 – мәтін бойынша негізгі 5 тірек сөз жазу;

3 – мәтіннің идеясын анықтау;

4 – мәтінге өзге тақырып ұсыну;

5 – өмірмен байланыстыру.

ІІІ топ: «6 неліктен» әдісі бойынша 2 мәтіннен 6 сұрақ дайындау

Дескриптор:

1.Мәтінді түсініп оқиды.

2.Мазмұнын топта талқылайды.

3.Тапсырмаға сай жүйелі жұмыс жасайды.

Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша өзара бағалау Екі үздік жағы мен бір ұсынысын айту.

Кері байланыс: «6 неліктен» сұрақтарына жауап береді. (1 мен 2-топ жауап береді).

Жеке жұмыс

1. Сын есімдерден заттық мәнде тұратындай етіп бірнеше сөйлем құраңыз.

2. Мәтіннен бір сын есімді алып, септе, тәуелде, жікте, көптік жалғау жалға.

3. Мәтінге байланысты кез-келген ақын өлеңінен үзінді алып, мәнін ашыңыз.

АКТ, конверт, оқулық
Сабақтың  соңы        

«Бағдаршам» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүреді.

1-тапсырманы орындаса — қызыл, 2 тапсырманы орындаса – сары, 3 тапсырманы да орындағандар жасыл түсті көтереді. Әр топтан бір оқушыдан сұраймын.

Үйге тапсырма. «Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Жұлдыз тақырыбы бойынша біреу қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салуы, үшіншісі мақала жазуы мүмкін.

Кері байланыс. «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі бойынша бүгінгі сабақтағы өзімен бірге алып кететін, қоқысқа тастайтын, әлі түсінбеген мәліметтерін стикерге жазып суретке жапсырады.

Бағдаршам түстері, АКТ

Қазақта Жетіқарақшыға байланысты екі аңыз бар. Біріншісі: Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.

Екіншісі: Жетіқарақшы Үркердің (олда жұлдыз) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі жақындағанда таң бозара бастайды.