Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану

Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану

 

Ойын дегеніміз ұшқын,

білімге құштарлық пен еліктеудің

маздап жанған оты.

В.М.Сухомлинский

 

Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт – дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру, олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тілі болып саналғандықтан, шет тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Олар өз ұлтын сүюге, өзге ұлттарды сыйлауға үйренеді. Пән бойынша өзекті тақырыбым «Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану»

Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді.

Ойын  — дегеніміз не? Ойын дегеніміз —  халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдардың бірі. Ойынның басты мақсаты баланы қызықтыра отырып, тіл үйрету. Біз ойын элементтері сабақта екі түрлі мақсатты пайдаланамыз. Оның біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту. Ойын арқылы оқушылардың білім – білік дағдылары қалыптасады.

 

Оқытудағы ойынның міндеті:

 

  • Білім дейгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және тәрбие ұштасады;
  • Ойната отырып жаңа білімді меңгертеді
  • Танымдық қызметі мен ой – өрісі кеңейеді
  • Оқушының өзіне деген сенімі артады, оқуға деген қызығушылығы, белсенділігі дамиды.
  • Оқушыларды адамгершілікке, бірін – бірі сыйлай біліп, көмектесуге үйретеді.

 

Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:

 

Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге итереді, тәртіп сақтау дағдысы қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

 

  • Ойынға кірер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру

 

  • Ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

 

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

 

  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

 

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

 

  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

 

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

 

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездеске қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтады. А.С.Макаренко: «Ойын  — балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» — деп балалар ойынын жоғары бағалаған.

Мұғалім үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту. Бастауыш сынып оқушысы – балалықпен толық қоштаспаған, мектепке жаңа бейімделе бастаған ойын баласы. Сондықтан оқу орыс, өзбек және өзге тілдерде жүргізілетін бастауыш мектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай сабақты ойын түрінде өткізу қазақ тілі сабақтарында жақсы нәтиже береді. Ойын арқылы баланың сана – сезімі, ақыл-ойы өседі.

Ойындардың қажеттісі тақырыбына қарай іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төмендегі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауынқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

 

ОЙЫН

 

 

 

Ұлттық                   Дидактикалық                                            Логикалық

«Мың бір мақал»                       «Ғажайып алаң»           «Кім жылдам?»

«Көкпар»                                    «Кім болам?»              «Ақсүйек»

«Қанталапай»                             «Сөз құрау»                           «Сандар сөйлейді»

«Арқантартым»                        «Жұмбақ есеп»         «Күлдіргі жұмбақтар»

«Әріпті кубик»               «Кім тапқыр»

Сергіту сәті                          «Сен білесіңбе»

 

Сабақ үстінде біліктілігін, іскерлігін, дағдысын, дүниетанымын, шығармашылық іс – әрекетін, қызығушылығын арттыру.

Бастауыш сыныптарда сөздік ойындардың алатын орны ерекше. Сондықтан әр сабақта сөздік ойындарын қолдануға болады. Сондай ойындардың бірі  — «Керекті сөзді тауып айт». Оқушыларға ойын тәртібі түсіндіріледі. Ойын бастаушысы тақырыпты атап, сол тақырыпта өтілген жаңа сөздерді айтуды талап етеді. Ойын барысында тақырып өзгерген сайын оқушылар ауыстырылып отырады. Сөздік ойынның «Сиқырлы қоржын» деп атап, сынып оқушыларын екі топқа бөліп, қоржыннан алынған сюжетті суреттер бойынша ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді. «Отбасы» ойынындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез – келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер мұғалім ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.

Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренконың еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күшімен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс – әрекетсіз ойын – қашанда жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «…жұмыс адамның қоғамдық өндіріске материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз».

Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. С.Рахметова қазақ тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан – жақты талдап көрсетеді:

1.Идеялық – саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру

2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру

3.Балаларды, жасөспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір- бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту барысында тиімді қолдану қажет. Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырады. Демек, ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір – бірімен қарым – қатынас кезінде өзара кішіпейілділік пен қарауды әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілі мен қатар салт – дәстүрінің, әдет – ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал  — мәтелдері жас ұрпақты әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын – жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.

Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл маржандарын құйып отыру – тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата – аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев 19 – сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.

Ойын оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербез дидактикалық категория. Сонымен бірг ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әркетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілісабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенде дейінгі негізгі әрекеті-ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекеттерінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.

Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында —  өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында – көңіл – күйін сергітеді, ерік – жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтандыратын, ақыл – ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға  баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген.

Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке – дара күшінің дамуына қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі – иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Ойынның ұйымдастыру түрлері: іскерлік ойындар, рольдік ойындар және оқиғалы ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

«Кім? Не? Кімдер? Нелер? ойыны»

 

Осы ойын арқылы көптік жалғауды дұрыс жалғай білу дағдысы тексеріледі. Екі түрлі сюжетті сурет арқылы бұл грамматикалық тақырыпты тілдесімге ұштастыруға болады. Сол сияқты реттік сан есімдердің жұрнақтарын меңгертуде тақтаға сандар жазып, «Сен қалай істер едің?» деген мәселе қойып, білімдерін тексеруге қолайлы. Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс – тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

«Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен кезде, нәтиже сабақта ойнатуға болады. Мысалы, «Азық түлік» тақырыбын өткен кезде үш оқушы тақтаға шығып сөздер жазады. Бір оқушы сүт тағамдарын жазады, екінші оқушы азық түліктерді жазады. Үшінші оқушы ет тағамдарын жазады. Кім болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз болады.

«Сандарды сөйлет» ойыны оқушылардың сөйлеу дағдылары дамиды, оқушылар қызыға ойнайды. Бұл ойынды «Жыл мезгілдері», «Қазақстан Республикасының мерекелері» тақырыптарын өткенде ойнатуға болады. Сандарды кеспе қағаздарға жазып, бір бір оқушыдан тақтаға шығып, сөйлем құрастырады. Мысалы, 365, 12-1 жылда 12 ай бар, 1 жылда 365 күн бар, 8-наурыз – халықаралық әйелдер күні.

«Дыбыстар жұмбағы» ойыны барлық сыныптарда ойнатуға болады. Бұл ойын сөздік қорын молайтады, дыбысты дұрыс табуға, айтуға үйретеді.

«Шешуін тап» ойынын қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Сонымен қатар сергіту ойындарын пайдаланамын. Сабақта балалар шаршады – ау деген кезде сергіту, бой жазу жаттығуын жүргіземін. Уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады.