Сан   ғасырдың  сарынын  сақтаған   жер.

Тақырыбы:   Сан   ғасырдың  сарынын  сақтаған   жер.

   Мақсаты:   Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”  мақаласындағы негізгі , басымдықтарды    толығымен  аша отырып,     туған жер  арнайы жобасындағы   өлкетану  бағыты бойынша  туған  өлкеміздің тарихын, кешегі мен бүгінін  паш ету,патриоттық сананы   ынталандыратын   ұлттық   құндылықтарды жаңғырту.

Көрнекілігі: суреттер,  нақыл сөздер, буклеттер,   интербелсенді тақта .

I- бөлім        “Көне    мәдениеттің көмбесі.”

II-бөлім        “Тарихы терең  текті ел”.

2004 жыл  «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы  тарихи -мәдени  ескерткіштер мен  нысандарды   жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл     тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

  1. 12 сәуірде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы жарияланды.
    1 -жүр: “Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру мақаласындағы”“Туған жер”  жобасының  “Тәрбие және білім” бағдарламасындағы  “өлкетану”  бағыты бойынша  Гэд-17-02  тобының  “Сан   ғасырдың  сарынын  сақтаған   жер.”атты ашық  тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Серік СЕЙІТМАН: Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы Мұраты!

 

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш!

Тарихыңда толғаулы

Рух   жаңғырар жаңа дәуір басталды!

 2- жүр : Бұл   жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжымастай құлыптау.

1-жүрг:Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

2-жүрг: Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін  мойындату қазақтың.

1-жүрг: Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік

Бар қазақтың арман-жырын  бір ету.

 

 

 

 

“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”  негізгі 6- бағыты айтылады.

2-жүрг:  Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.  -дей келе,

“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”6-арнайы жобасын ,  туған жер  арнайы жобасының 4 — кіші бағдарламасын,11-базалық бағыты айтылады.

1-жүрг:  Арысым, өркенде,  гүлдене бер,
Көрген жан  ғажайып күйге енер.

Түлеген  киелі топырақтан,

Ұл-қызың  шетінен сүйген өнер.
Батырлар  бесігі болған қала,
Еңбектің  ерлері туған дара.
Тоғыз жол  қақпасы- құт бастау, Әкенің  кәсібін қуған бала. деп -Арыстың төл перзенті Темірхан Әбдіков ақын   жырлағандай   Арыс- Оңтүстік –Қазақстан облысының батысында, ұзындығы Шымкенттен Қызылдың Құмына дейінгі , ені Қаратаудан Сарыағашқа дейінгі  құс қанаты талатын байтақ алап.Шырайлы да құнарлы, кенді де кемел өлкенің ежелгі кезеңнен –ақ ырыс пен берекенің, бірлік пен ынтымақтың мекені болып, елдік пен ерліктің туын биік көтерген, қазақы салт пен дәстүрді, әдет пен ғұрыпты, тіл мен ділді, дінді киелісіндей теберіктеп, ұлт рухын асқақтатқан ғажайып өлке.

2- жүр : Сан ғасыр бостан болар күнін күткен,
Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен.
Талай шаһар бабалар салғаны анық,
Тарих боп көне жұртта сырын бүккен.   Көне тарихымызға кішкене    тоқталайық.

Ой  қозғау: сұрақтар беріліп, жауаптар  алынады.“Туған жер”  “Атамекен”,      “Отан”,  “Өлке” сөздеріне  студенттер өз ойларын айтады.

Слайд-1 .Арыс  қаласының  алып өлкесінің көне тарихы, тарих қойнауыңының тереңінде жатыр.Археолог  А .Бернштам  1941-51,  Нұрмаханбетов ; 1970-71   Х, Алпысбаев  1973 ж   қазба жұмыстарына сүйенсек, біздің эрамызға дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда Арыс өзенінің сағасында оғыз, қыпшақ, қаңлы, дулат, найман

қоңырат және басқа да тайпалар мекендеген.  Зерттеу барысында:   олар  қолданған   саз ыдыстар,  қыш құмыралар,  кеселер,   жануарлар сүйектері, мыс сырғалар,  әртүрлі моншақтар  шалқадан  жатқызылған   зираттар табылды.   Олар мал өсірумен қатар, үйлестірілген суландыру жүйелерін жасап, диқаншылықпен, жер өңдеумен, қолөнермен, сауда-саттықпен де айналысқан.Бұл ескерткіштер  Сырдың орта ағысы мен  Арыстың бойы   қашанда  адамдар  тығыз қоныстанған   мәдениеті жоғары  дамыған  бағзы  қоныстар болғанын  көрсетеді.

1-жүрг:  Өлкенің бай тарихына сүйенетін болсақ, аумақта 3000-ға жуық қорғандар орналасқан.Біздің эрамыздағы І-VІІІ ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған, шапқыншылық кезінде қалашықтар бұзылып қайта жаңғыртып салынып отырған. Қазіргі таңда қалашықтардың

қалдығы археологтардың жүргізген қазба жұмыстарына сәйкес тарихи архитектуралық ескерткіштер ретінде қаралады   Солардың бірі –Байырқүмтөбе.

Слайд-2.Байырқұмтөбе   Байырқұм — ежелгі қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы  Арыс  ауданы  Байырқұм ауылының  маңында. Сырдарияның  сол жақ жағалауында. Алғаш 1900 жылы О.А. Руднев  зерттеген. 1948 — 1949 жылдары А.Н.  Бернштамның  жетекшілігімен Оңтүстік  Қазақстан археология  экспедициясы  қазба жұмысын жалғастырды. Қаланың орны тік бұрышты биік ал аңға ұқсас. Аумағы солтүстік -шығыстан оңтүстік -батысқа  қарай 300 м,солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 м, биіктігі 1,5 м-ге жуық. Ол биіктігі 3 м-ге жуық үйме топырақпен қоршалған. Оңтүстік-шығыстағы қабырғаның орта тұсында тік  бұрышты 5 мұнараның қалдығы сақталған. Қаланың  сырты тереңдігі 2 м, ені 20 м ормен  қоршалған. Алаңның ортасына  таман цитадель орналасқан. Ол биіктігі 9 м тік бұрышты төбе.  Оның іргесінің аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 80 м. Қамалдың  шет-шетінде 8 мұнараның қалдығы бар, биіктігі 1 м үйме топырақпен және ені 10

м-ге жуық ормен қоршалған.  Оның солтүстік батыс және шығыс  жағында су хауызының орны анық көрінеді.  Жиналған археология  материалдарға  қарағанда, қала  б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. 8 ғасыр   аралығында    болған.Қаңлы мемлекетінің  соңғы кезеңі мен  Түрік қағанатының  дәуірлеу  кезеңін көрсетеді.  Мұхаммед Шайбани Ханның «Байрақты Ту» тіккен Ордасы Арыс ауданыны жерінде, Сырдария   өзенінің сол жағалауындағы Байырқұм елді мекенінде орналасқан. Қазір бұл жер  «Байырқұм төбе»    — деп аталады.

Слайд-3.Көне обалардың бірі —  Бөріжар  .

 Бөріжар – көне зиратОңтүстік Қазақстан облысы Арыс өзенінің сол жағалауында. Ол түрлі кезеңдерге жататын жүздеген обалардан тұрады.     Оңтүстік Қазақстанда  ертеде  адам қоныстанған  мекендерді  көрсететін белгілердің бірі – көне зираттар.Бөріжар қорымы- солардың қатарында. Арыс өзенінің  сол жағалауында  Қарауылтөбе  ауылынан бастап   Бадам өзннінің  Арысқа құяр жеріндегі   Қараспан ауылыына дейінгі жерге  топырақтан обалар созылып жатыр. Қорымның енінің өзі 1-2 шақырымға жетіп жығылады.

Слайд-4. Дастарбасы обасы — көне қорым. Қожатоғай ауылынан солтүстік шығысқа қарай 35 км жердегі Дастарбасы тауында. 2003-2004 жылдары Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Шымкент қаласы Археология және этнология орталығының археологиялық экспедициясы (С.Ахмет, Н.Алдабергенов, З.Исабек) зерттеген.Ескерткіш оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай созылып жатқан, тастан үйілген 5 обадан тұрады. Обалардың солтүстік және шығыс жақтары тік болып келген. 1-оба ауданы 21×23 м, биіктігі 1,90 м; одан 35 м жерде екі оба орналасқан. Ауданы 27×23 м, биіктігі 1,80×1,60 м. 3-оба 2-обадан 133 м жерде, ауданы 10×9 м, биіктігі 60 см. 4-оба 3обадан 30 м жерде, диам.10×9 м. Қасында диам. осындай 5-оба орналасқан. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. Обалардың құрылыстарына қарағанда олар алдын-ала ерте темір кезеңіне жатқызылады.

 

2-жүрг:  Өзіңдей қайда бай тұрақ,

Дархансың, дау жоқ, дарасың.

Өзенсің аққан сарқырап,

Жарқырап жатқан қаласың.

  1-жүрг: Түрлі-түрлі заман болар,

Қарағай басын шортан шалар –деп,Асан Қайғы бабамыз айтқандай, көне қалалардың  бірі  Жартөбе.

Слайд-5. Жартөбе — ежелгі қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында Сырдария өзенінің сол жағында, “Байырқұм” ауылынан 45 км жерде орналасқан. Сырт көрінісі төртбұрышты төбе. Аумағы 210х210 м, биіктігі 3 м. Қаланың екі мұнарасының қалдығы жартылай сақталған. Сырты дуалмен қоршалып, айнала тереңд. 1 метрге, ені 7 — 8 метрге жететін арна қазылып, оған су жіберіліп, қаланы жауға берілместей қорғаныс жасалған. Жартөбеде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген, ал барлау жұмыстарының нәтижесінде қыш ыдыстардың, құманның, күбінің, тостаған, табақшалардың сынықтары табылды. Табылған бұйымдарға қарағанда, қала 1 ғасырда өмір сүрген адамдар тұрағы болған.

Слайд-6.  Жуан Төбе  XIX ғасыр   Ерте ортағасырлық Жуантөбе қалашығы жұрты Шымкент-Арыс тас жолының Көлтоған (Мамаевка) ауылы маңындағы бұрылысынан жақсы көрініп тұр. Қаланың орны Арыс өзенінің сол жағалауынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Ал одан бірнеше жүз метр жерде Арыстың сол террасасын бойлай Бөріжар қорымы (Жуантөбе зираты да) созылып жатыр. Қала цитаделі іргесінің шетін алған стратиграфиялық шурфтағы қазбаның нәтижесі бойынша ежелгі құрылысшылар ең алдымен жақсы пақса және күйдірілген кірпішті араластырып мықты жасанды платформа көтерген. Бұл деңгейдегі цитадельдің биіктігі 16 м, табаны бойынша өлшемі 165х130 м, бетіндегі солтүстіктен оңтүстікке (дәлірек айтсақ оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа) созылып жатқан тікбұрыш алаңның аумағы 85х75 м. онымен қатар, ертеортағасырлық қаланың өмір сүрген уақыты келесі кезеңдерді қамтиды: қала кейінгі кангюй кезеңінде бой көтерді, ал құлдырауы араб шапқыншылығына тұс келеді.  Археолгиялық әдебиеттерде осы қала орнынан 1893 жылы 5000-нан астам күміс және мыс тиын-теңгелердің табылғаны туралы мәліметтер кездеседі. Қала орны екі бөліктен: орталық бөліктен (цитадель) және оны қоршай орналасқан рабаттан тұрады.

Слайд-7. Кеңжиде – тарихи аймақ. Арыс өзенінің орта ағысы мен Боралдай өзенінің бойында орналасқан. Кеңжиде өлкесі орта ғасырларда түркі тайпаларының қоныстанған мекені болған. Аймақтан 10 – 15 шаршы км аумағындағы 20 – 30-дан астам қала, қоныс, мекен-жайлардың жұрттары зерттелген. Олардың ішіндегі жазба деректерде Усбаникет деген атпен кездесетін қазіргі Жуантөбе қаласы бар. Аймақ оңтүстік жағында Исфиджабпен шектеседі. Кеңжидеде әлі де толық археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген.

 

 

2-жүрг: Төбесінде зеңгір көк —
Тебетейі жарасқан.
Жер мен көкті белдеулеп,
Тартыла қалған Қараспан.

Дауылды күні жарылып,
Ауғандай аспан төрінен.
Алғандай қоныс жалынып,
Арыстың осы белінен.

1-жүрг: Ол жайлы елде көп кеңес,
Аңызға қойнын дала ашқан.
Жерде де емес, көкте емес,
Қалқиды жонда Қараспан.
Бейне бір қарық қылғандай,
Қандырып жазда жер шөлін.
Қараспан тауы тұрғандай,
Идіріп бұлттың емшегін-деп Сырбай Мәуленов  жырлаған   Қараспантөбенің тарихына қысқаша шолу жасап өтейік.

Слайд-8. Қараспантөбе-І – ортағасырлық қалашық орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Ынталы елді мекенінің оңтүстік шетінде орналасқан. Оны 19601972 жылы бұрынғы Шымкент педагогика институты (қазіргі Халықар. қазақ-түрік университетінің Шымкент институты) археол. экспедагогика тобы (жетекшісі Н.П.Подушкин) зерттеген. Ескерткіштің Оңтүстік-шығыс бөлігін өзен суы шайып кеткен. Қазіргі орны аумағы 3 га, биіктігі 3–3,5 м рабадтан, диам. 70–75 м, биіктігі 7 м қамал төбелерден тұрады. Қаланы қоршай салынған қабырғаларының орны қазір биіктігі 1,5 м төбешік. Оның батыс және шығыс жақтарынан кіретін қақпалары болған. Жинастырылған материалдар: қыш ыдыстар, дән үккіш, қайрақ тастар, т.б. Алынған заттарға қарағанда, тұрғындар қалашықты Х–ХYII  ғасырларда мекен еткен.

2-жүрг:   Түгін тартсаң, майы шыққан жерінің ,

Айналайын туып-өскен өңірім.

Бабаларым найза ұстаған шашақты,

Тарихы мол киелі Арыс жерінің –деп,Мыңжасар Дәрменов ағамыз  жырлағандай   көне обалардың  бірі :

Слайд-9. Қарауылтөбе –ол  ежелгі оба (б.з.б. 5 ғ. — б.з. 1 ғ.). Арыс қаласы төңірегіндегі Қараспан аулынан 2 км шығыста. Археологиялық әдебиеттерде 20 ғ-дың басында И.А.Кастанье мәліметі бойынша белгілі. Қарауылтөбені 1948—50 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы(жетекші А.Н.Бернштам) және екінші рет 1966— 68 ж. осы экспедиция отряды (жетекші Б.Нұрмұханбетов) зерттеген. Топырақ үйінділерінен тұрғызылған мұндай обалар сақ «пирамидасы» деп аталады. Оның диаметрі 110—120 м, биіктігі 16 м шамасында. Қарауылтөбеден 19 ғ-дың соңында ОтырарТаразШаш,Алмалық қалаларында жасалған, 13—14 ғ-ларға жататын 1850 дана күміс және мыс теңгелер табылған. Қарауылтөбе тоналған ескерткіш. Орта ғасырларда мұнда қарақшы отырып, төңіректі барлап отырғандыктан, жергілікті халық оны Қарауылтөбе атап кеткен.

Слайд-10.Қосүңгір-1  Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы маңында орналасқан. 1948 – 49 ж. Оңтүстік Қазақс таархеология  экспедициясының (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қазіргі уақытта биіктігі

2 м, диаметрі 21×18 м сопақша келген үйінді. Бұл жерден мәдени, экономикалық байланыстарды айғақтайтын саптаяқтостағанкөзе секілді бұйымдардың көптеген сынықтары табылған. Ғалымдардың топшылауынша, Қосүңгірді халық ,қаңлы мемлекеті тұсында мекендеген. Ал

1-жүрг: Киелі Арыс-шексіз әсем жыр жолы.

Қойнауында  шежіре мен сыр толы.

Жекенсаяқ,Мұңлық-Зарлық мекені ..

Көп қой әлі ашылмаған  жұмбағы.деп Роза Сұлтанәлиева  апамыз айтқандай  көне бекініс орны:

Слайд-11. Мергентөбе– көне бекініс орны.   Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс темір жол станциясынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген.  Мекеннің құрылыс жүйелері әбден бұзылып, төбеге айналған орны ғана сақталған. Қазба жүргізу нәтижесінде табылған құты, құман, саптаяқ сияқты қыштан жасалған ыдыстардың сынықтарына қарағанда, Мергентөбе б.з.1 ғасырда өмір сүрген қаңлы тайпаларының мекенжайы болған. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.

 Слайд-12.Санкентөбе – Қазақстандағы ежелгі қоныс орны (біздің заманымыздың 1 ғасыры). Арыс станциясынан 7 километр жерде. 1948 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі ауылы Н. Бернштам)  зерттеу жүргізген. Аумағы – 40х45 метр. Бұдан көптеген тұрмыстық құрал-жабдықтар табылған.

2-жүрг:    Алты Алашқа төскейін жағалатқан,

Топырағын жатқа да  бағалатқан.

Мейірімің  аңызға кетті айналып,

Мұңлық пен Зарлықты паналатқан.-дей келе, Мыңжасар Дәрменовтың  Ерке Арыс-сұлу сырдың саласы  өлеңімен жалғастырамыз.

II- бөлім.    “Тарихы терең  текті ел”.

Мыңжасар Дәрменов :  Ерке Арыс – сұлу сырдың саласы оқылады.

1-жүрг:  студенттер өзінің шығармашылық тақырыбы бойынша  әр әулиенің шығу тарихына қысқаша шолу жасайды. :

Майлықожаның Жекен Шайық туралы толғанысы.

Бойында Арыс өзенінің Шайқы жатыр,

Алладан тілеп барғандарға батасын  айтып жатыр.

Ілгері  ілімдерінің алойы болмаса,

Айналасы  Кәрі Ойғанақ,  Бөрі Ойғанақ, Бәрі Ойғанақ,

Керуен жолдың басында  ол әулие демесең,

Періште  көтеріп, омып  кетпей қайтіп жатыр:

2-жүрг:  Жекен Шайық, Төрт құлақ,

Ерлікпен ісі жарасқан,

Әулиелер жатқан жер.

Жұлдызы жанып алаштан.

Көрініс :    Жекен Саяқ  әулие аңызы, қыз құлаған жар туралы.

1-жүрг: Арыс өңірінде киелі орындар көптеп саналады. Арқалы ақынға да көреген әулиеге де бұл өңір кенде емес. Оларды атап айтсақ: Жекенсаяқ әулие, Жақып әулие,  Мұрынқарақ  әулие, Ақын баба әулие. Мұңлық-Зарлық әулиесі. Сыр елінің мінажат етер киелі орындары. Ел аузында мынадай қағида бар, *Жақыпқа түне,Ақыннан тіле* дейді.Ақын- Жақып әулие  туралы айтылады.

2-жүрг: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл даланы атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!(Қ.Аманжолов)

1-жүрг: Асуды асып Қазақстан – ардағым,

Аспан менен астасып тұр арманым.

Ер бастады!  Ел қостады! Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің  БАҒДАРЫН !  .

2-жүрг: Туғаныма  Сенде – шүкір етемін!

Білем! Бағаң – тым жоғары екенін!

Жер -жаһанда «Жерұйық» жоқ – өзіңдей!,

Қазақстан!!! Менің – «Жұмақ- мекенім!!!»   дей келе бүгінгі ашық  тәрбие сағатымызды  аяқтаймыз.

Қорытынды сөз:    “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”  мақаласындағы туған жер  арнайы жобасындағы   өлкетану  бағыты бойынша  өтілген ашық тәрбие сағатымызда көне обаларды,ескерткіштерді, әулие жерлерді білдік.

Демек рухани жаңғыру дегеніміз: санамызды жаңғырту, салтдәстүріміз

әдеп- ғұрпымыз, дініміз, тіліміздің жаңғыруы, 30  дамыған мемлекеттің қатарына  қосылу.

Е  Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен сабағымызды аяқтаймыз.