Мен салат жасаймын

 

 

 

Тақырыбы: Мен салат жасаймын Мектебі:№2 Красный Яр орта мектебі
Күні, айы: Мұғалімнің аты-жөні:Ескендирова С.Б.
1-сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.4.1. Қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

Көкөністерді атай алады, салат жасау үшін қандай

көкөністер қажет екенін айта алады, оларды көкөністер арасынан

таңдай алады.

 

 

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, өз қалауы бойынша ерекше ас мәзірін (салат) жасай алады.

 

 

Кейбір оқушылар:

Көгөніс атауларын толықтыра алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Дискриптор Ресурстар
Сабақтың басы (2-5 минут) (МК)1. Оқушылармен шеңбер құрады.Олармен танысу.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

 

 

 
Сабақтың ортасы (6-40 минут) Көкөністер арқылы топқа бөлу (сәбіз, қызанақ, қияр).

(МК, Ұ) Мұғалім  оқушыларды көкөніс атауларымен таныстырады. Мысалы:

Мынау-картоп.Картоп қоңыр.

Мынау-сәбіз.Сәбіз дәмді.

Мынау-қызанақ.Қызанақ қызыл.

Мынау-орамжапырақ.Орамжапырақ жасыл.

Мынау-қияр.Қияр жасыл.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсету.

 

 

2.Сұрақтарға жауап бер. «Миға шабуыл» әдісі.

-Мынау не? Мынау-қызанақ.

-Қызанақ қандай?Қызанақ қызыл.

3.Жұппен жұмыс.Бір-бірінен сұрайды.

Саған не керек? Маған қызанақ керек.Бағалау,топ бағалайды.

Сергіту сәті./қимыл,сурет көрсету/

 

 

4.Топпен жұмыс. Сурет-слайд.

-Бұл не?

-Бұл-салат.Ендеше балалар,біз қазір салат

жасаймыз.Әр топ салат жасайды;1 топ-…..2 топ…..3 топ………

Салатқа не керек?Салатқа қызанақ,қияр,пияз,тұз керек.

— Сен не жасайсың?

— Мен салат жасаймын. Маған сәбіз және орамжапырақ керек.

 

 

(МК, Ұ) 2-тапсырмадағы кесте бойынша мұғалім «Маған … керек» деген сөйлем үлгісін жаттықтырады. Оқушылар «Саған не керек?» деген сұраққа кесте бойынша жауап береді. Оқушылар берілген көкөністерден өзі қалағанын таңдап айтады. (Ж) 3-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылармен тапсырмадағы сөйлесу үлгісін тыңдау, рөлге бөліп оқу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі.

— Сен не жасайсың?

— Мен салат жасаймын.

— Саған не керек?

— Маған сәбіз және орамжапырақ керек.

— Салат дайын ба?

— Иә, міне, дайын.

— Ім-м, қандай дәмді!

 

(Ұ) 4-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар көкөніс атауларын қайталайды, өздерінің салат жасайтындарын және оған қандай көкөністер қажет екенін айта алады. Сұрақтар: Сен не жасайсың? Саған не керек?

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

 

 

Оқушылар тыңдайды,қайталайды,үлгі бойынша сөйлейді.

 

 

Дыбыстарды көрсетеді.

 

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді

Көкініс муляждарын көрсетеді.

 

 

 

Олар тыңдайды,оқиды.Үлгі бойынша сөйлеседі.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді.Өз ойын айтады.

 

 

 

 

Көкөніс атауларын атайды,сұраққа жауап береді.

Көкөніс суреттері

 

 

 

 

 

Кеспе  тән дыбыстар

 

 

 

Көкініс муляждары

Слайд

 

 

 

Музыка

 

 

Табиғи көкөністер

Ыдыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

суреттер

 

Сабақтың соңы 3минут (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Рефлексия.

 

«Сәттілік ағашы» стикерлер жапсырады.

Ағаштың түбі-мен сабақты түсінбедім

Ағаштың ортасы-сабақта қиындықтар туды.

Ағаштың басы-сабақты жақсы түсіндім.