Ертегі әлеміндегі математика

                                 Іс-әрекет Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы таң! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

 

Терезеден кірген күннің шуағы жүрегімізді жылытты.Қолымызды жүрегімізге қойып,дүрсілін тыңдайық.Жүрегіміз қуанып тұрған секілді.Себебі,біз үшін бүгін ерекше күн.Ендеше бүгінгі қуанышымызды қонақтарға балалық жүрек жылуымен сыйлайық.

 

 

 

Балалар өлеңді қимылмен көрсете отырып айтып,көңіл-күйлерін көтеріп,қонақтарға жүрек жылуын сыйлады.

 

Ізденіс-ұйымдастырушы

 

Балалар, менің ойыма өздерің сүйіп тыңдайтын «Қасқыр мен лақтар» ертегісі түсіп отыр.Сол ертегідегі лақтардың анасы ешкі бүгін бізден көмек сұрай кепті.Міне,бағанадан бері бізді тыңдап,тасада отыр,жағдайы тым ауыр,лақтарын жоғалтып алыпты.

Ешкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?  Мен орманға азық  әкелуге шыққанымда сұр қасқыр менің 5 лағымды алып кетіпті.Лақтарымды табуға көмектесесіңдер ме?

Лақтарын тауып беру үшін бізге біраз тапсырмалар берілген.

 

1-тапсырма: Сан мен салыстыру.

Балалар ешкі не жегенді жақсы көреді?

Алмұртты.

Алмұрттың түсі,пішіні,дәмі қандай?

Енді балалар,жолақшаның үстіне бірнеше алмұрт,астына біонеше алмұрт қоямыз.

Асты нешеу,үсті нешеу?

Енді тең болуы үшін не істеуіміз керек?

Енді балалар үстіңгі жолақшаға тағы  алмұрт қостым нешеу болды? Санайық.

Тең болу үшін не істейміз?

 

 

 

2-тапсырма: «Шатасқан сандар»

Шарты:Тақтадағы сандарды ретімен қою керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма: «Ақылды қалам» ойыны

Шарты: қалам арқылы дұрыс жауапты белгілесе, әуен ойнайды.

 

Балалар біз ешкінің үшінші лағын да тауып бердік.

 

 

4-тапсырма: Сурет санына байланысты сандарды біріктіру.

 

-Балалар, ешкінің төртінші лағы да табылды.

 

 

5-тапсырма: Уақытты бағдарлау.

Таңертең, түс,кеш,түн мезгілдерін әр түспен бояу.

 

Балалар біз барлық тапсырманы дұрыс орындадық. Ешкінің лақтарын тауып бердік.

 

Ешкі: -Рахмет балалар,лақтарымды көріп қуанып қалдым.

 

Сергіту жаттығуы:

Саяхатқа барамыз.

Дорбамызды аламыз.

Эй,бұл кім?

Эй, бұл кім?

Бұл тау.

Астынан өте алмайсың.

Үстінен өте алмайсың.

Кеттік алға.

Құм,су. Тас

 

Енді балалар, жұмбақ жасырамын.

 

1.Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар. (Дөңгелек)

Дөңгелек-круг

 

2.Атына сай балалар,

Үш бұрышы,үш жағы бар

Ол пішінді кім табар?   (үшбұрыш)

Үшбұрыш-треугольник

 

3.Төрт бұрышы,төрт жағы бар,

Ол қандай пішін, балалар?

(Шаршы)

Шаршы-квадрат

 

«Шығармашылық» сала – Дөңгелек

Картопты бояуға батырып,ешкі тұяғының ізін қағаз бетіне басу.

 

Таным саласы- Шаршы.

Ноутбукпен жұмыс.

Ноутбуктегі геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыру.

 

«Шығармашылық» сала – Үшбұрыш

Тұзды қамырды екіге бөліп,тәсілдерді қолдана отырып,ұзынша таяқша жасап,екі ұшын қосу арқылы пішіндер жасау.

 

Балалар кім санамақтар біледі?

 

Кім қандай жаңылтпаштар білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ешкіге көмектесіп,тапсырмаларды орындайтындарын айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алмұртты.

Дәмі тәтті,түсі жасыл,зеленый,грин.

Пішіні сопақша.

 

Үстінде 4,астында 3

Астыңғы жолаққа 1 алмұрт қосамыз.

5 алмұрт болды. Санайды.

Астына 1 алмұрт қою керек.

 

1-лақ: Санжар:

Мен лақпын,лақпын.

Секеңдеген шұнақпын.

 

Сандарды ретімен орналастырып, тура және кері санады.

 

 

2-лақ: Аянат:

Сүйкімдісі лақтардың

Жемісін жеген бақтардың.

 

Жоғары,төмен,оң,сол бағыттарын қалам арқылы көрсетті.

 

3-лақ: Дамеля:

Қолқанаты анамның

Ақылдысы боламын.

 

Санды қойып,соған сәйкес лақ суретін бірге қойды.

 

4-лақ: Ақерке:

Мың бұралып майысқан,

Мен боламын ерке лақ.

 

 

5-лақ: Нұрдаулет:

Мен лақтардың кенжесі

Ешкі анамның еркесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты дұрыс шешіп,пішіндерді екі тілде атады.

 

 

 

 

 

Назерке:

Қош-қош дейін келе ғой,

Қошақаным еме ғой!

Ақ ешкінің бөпесі-ай,

Шөке-шөке ,шөкетай!

Ұнамайды ұзауың,

Шәуім-шәуім бұзауым!

Жайылған тау жотасын,

Кәуіс-кәуіс боташым!

Құйрық атып ұрыншақ,

Құрау-құрау құлыншақ!

Тапшы өзің, ақылдым,

Қанша төлді шақырдым?

 

Барлығы 5 төлді шақырдың.

 

Нұрсұлтан:

Бір балапан ұяда,

Бір балапан қияда

Екеу болды есебі,

Қалды ұяда нешеуі?

 

Ұяда 1 балапан қалды

 

Ағылшын тілінде санамақ.

айтты.

 

Мадияр:

Бес серке сүзісіп тұр,

Бес серке су ішіп тұр.

Көк ешкі көп шөпті жейді,

Көп ешкі көк шөпті жейді.

Аянат:

Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш.

Расул:

Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай.

 

Рефлексивті түзету  

-Жарайсыңдар,балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

 

Біз бүгін кімге көмектестік?

 

Лақтарын табу үшін қандай тапсырмаларды орындадық?

 

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Не білді?: Берілген тапсырмаларды орындауда ақыл-ойы дамды.

 

Не алды?:  Пішіндерді ажыратып, түстерін атады.

 

Не істей алады?: заттарды салыстырып, «артық»,  «кем»,  «тең»  ұғымдарын түсінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы:  Таным, қатынас, әлеуметтік, шығармашылық, денсаулық

Бөлім: Қарапайым математикалық  

Тақырыбы: Ертегі әлеміндегі

математика

Мақсаты:  Балаларға 5-ке дейінгі реттік сандарды

ауызша санап,артық,кем,тең таңбалары

арқылы салыстыра білуге, кеңістікті

бағдарлай білді жетілдіру. Геометриялық

пішіндер арқылы есте сақтау қабілетін,

сөздік қорын дамыту. Балаларды үш тілде

ауызекі сөйлеу тіліне үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда 2011-2012 оқу жылы

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Техкарта