Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері.

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Күні:

Тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері.

Мектеп: №116 Д. Нұрпейісова жом

Мұғалім: Отегенова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын және жоғары температураға бейімделуін түсіндіреді.
Бағалау критерийі -Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын және жоғары температураға бейімделуін түсінеді;

-Температура өсімдіктің өсуі мен дамуына әсерін біледі; —

-Жоғарғы температура мен төменгі тем­пература өсімдіктің қай бөлігінде болатынын анықтайды.

Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер: Аптап
Өсімдік тіршілігіне жылудың әсерін айтып бере алады.
Құндылықтар Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика.
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен жұмыс
Алдыңғы меңгерілген білім Өсімдіктің бейімделуін, температура туралы бәледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!»

Оқушылар  тұрып  бір-бірін қолдарынан ұстап  сәттілік  тілейді.

-Балалар,  ғылымға  кіріспе  сабағын  бастамас  бұрын,  осы  сабағымыздың  ұранын  жаттап алайық.

Терең  ғылым   сананың,

Тегі дөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Ғылымға кіріспе   сабағын.

-Балалар, ғылымға  кіріспе  сабағының   қандай  пайдасы  бар?

 «Мұғалім-оқушы» диалогі. Сұрақтар қоя отырып тақырыпты ашу.

—          Ауаның, топы­рақтың, судың температурасы тәулік ішінде қалай өзгереді?

—          Айналамыздағы ауаның температурасы өсімдікке қалай әсер етеді?

Эврикаға сұрақтарға жауап берумен көмектесу.

1. Бір тәулік ішінде күн райының, судың, топырақтың температурасы қалай өзгереді? Ал жыл мезгіліне байланысты қалай өзгереді?

2. Өсімдіктер жылдың қай мезгілінде тез өседі?

Слайд №1,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

Слайд №3

Сабақтың ортасы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

2 минут

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды «Айна» стратегиясы арқылы жұптастыру.

Қыр басында. Оқушыларына жұптасып қырдың оңтүстік және солтүстік беткейлерінде­гі өсімдіктердің айырмашылығына қатысты кесте құруға тапсырма беру. Өсімдіктің әртүрлі температураға бейім­делуі туралы қорытынды жасайды.

Кесте құру барысында басшылыққа алынатын критерийлер: жылуды аз/көп қа­былдайды, мол/сирек шығады, сәнді/жұтаң гүлдейді.

Қырдың оңтүстік  беткейлерінде­гі өсімдіктер Қырдың солтүстік беткейлерінде­гі өсімдіктер
жылуды аз/көп қа­былдайды   жылуды аз/көп қа­былдайды  
мол/сирек шығады   мол/сирек шығады  
сәнді/жұтаң гүлдейді   сәнді/жұтаң гүлдейді  

 

Жылу. Өсімдіктің әр бөлігіндегі температураның айырмашылығын білу үшін диаграмма сызбасын талдау.

Оқушылар өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жер астындағы бөлігіне қарағанда көбірек жылу алатыны туралы қорытынды жасайды.

Зертте. Зерттеу жүргізу үшін түйе жантағы, жусан, жабайы ассүттіген өсімдіктері бейнеленген А4 пішімдегі суретті үлестірме парақшаларын тарату.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Топ болып бұл өсімдіктердің қандай жерлер­де өсетіні жайлы талқылау. Әр өсімдік қоршаған ортаның жоғары температурасына қалай бейімделе алатынын болжау.

• Әр суреттегі өсімдіктің бейімделу тәсілін ерек­шелеп, жазып қою. (Түйе жантағының тікенектер­мен қапталған құрғақ бұтақтары болады; жусанның жапырақшаларының ұсақ болатыны соншалық, олар талшықтарды еске түсіреді; жабайы ассүттіген қатты қызудан сақтану үшін күнге қырымен қарап тұрады, тіпті үлкен жапырақтары қатты қызғаннан күюі де мүмкін.)

• Ортақ параққа жапсырып, қорытынды шешім шығару.

• Басқа топтардың шешімдерімен салыстыру. Әр топтың зерттеу нәтижесін тыңдап, оны талдап, бағалау.

«Мұғалім-оқушы» диалогі.

Өсімдік тез өсуі үшін жылу мөлшері жеткілікті болуы керек. Олар жылуды Күн­нен қызған ауа мен топырақтан алады. Өсімдіктің өсіп-жетілуіне 15-тен 30 гра­дусқа дейінгі температура қолайлы.

Қатты қызған Күннің тікелей сәу­лесінен өсімдік күйіп кетуі мүмкін. Аптап ыстықтан қорғану үшін олар ылғал­ды көбірек буландырып, тез салқындайды.

Өсімдіктерге суық та әсер етеді. Жылусүйгіш өсімдіктерге ауаның сәл салқындауы да зиян тигізуі мүмкін. Ал суыққа төзімді өсімдіктер қатты аязға да шыдайды.

Сергіту сәті.

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

Ойлан!  Жаздың ыстық күндері дала өсімдік­терінің температурасы неліктен ауа температурасынан төмен болатынын талқылау.

Дала өсімдіктері жаздың ыстық аптабында ылғал­ды көбірек буландырып, ұзын жіңішке жапырақта­рын салқындатады. Осылайша өсімдіктің жер үстін­дегі бөліктерінде температура салқындайды.

Сен білесің бе?

Жұмсақ қар жылы көрпе сияқты өсімдік тамырын жауып, аяздан қорғайды.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

9-жұмыс парағы. «Өсімдік тіршілігіндегі жылу», 11-б.

Ыстық – суық. Оқушылар дұрыс жауапты бел­гілеуі қажет. Бұл тапсырма өсімдіктің жоғары темпе­ратураға бейімділігі туралы оқушылардың білімдерін бекітуге арналады (Жауаптары: 1. «Суыққа бейімделген өсімдіктер» – жапырақта­ры түседі, жер бетіндегі мүшелері қурап, солып қа­лады. 2. «Ыстыққа бейімделген өсімдіктер» – ылғал­ды көп буландырады, жапырақтары ұсақ болады, жапырақтың тікенді болады, жапырақтары қалың түкпен қапталады, жапырақтар күн сәулесіне қы­рымен орналасады).

Өсімдіктің өсуіне қажет жағдайлар. Оқушы­лар диаграмманы оқып, сұрақтарға жауап береді, өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін қолайлы температура туралы қорытынды жасайды (Жауаптары:

Өсімдіктің өсуіне қолайлы температура: + 25 0С.

Қандай температура өсімдікке кері әсер етті? Өсімдік үшін қауіпті температура: + 40 0С.

Қандай температурада өсімдіктің өсуі мен дамуы баяулайды: 5 0С, 10 0С, 30 0С.

Қорытынды: өсімдіктің өсуі үшін 25 0С қажет, осы температурада өсімдік жақсы өседі әрі дамиды. Жоғары не төмен температура өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейді).

10-жұмыс парағы. «Өсімдік үшін жылудың

маңызы», 12-б.

Өсімдік қайда өседі? Оқушылар диаграмманы талқылап, өсімдіктердің тіршілік ортасы туралы қо­рытынды жасай алады (Жауаптары:

Ең жоғарғы температура гүлде, ал ең төменгі тем­пература тамырда болады. Ыстық ауа жерді жылы­тады, тамыр температурасы жоғарылайды, бірақ жапырақ пен өсімдік сабағынан айырмашылығы көп емес. Өсімдік шөлде өседі. Жапырақтары кішкен­тай тікендерге айналған).

 

Бағалау.

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Өсімдіктердің бейімделуін жолдарын түсінеді. —         Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын біледі;

—         Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жер астындағы бөлігіне қарағанда көбірек жылу алатыны туралы біледі.

Температураның өсімдікке әсерін біледі. -Жоғары не төмен температура өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейтінін сипаттайды;

-Ең жоғарғы температура гүлде, ал ең төменгі температура тамырда болатынын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №4,5

 

 

 

Кесте толтыру

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

Слайд №6

 

 

 

Түйе жантағы, жусан, жабайы ассүттіген өсімдіктері бейнеленген А4 пішімдегі суретті үлестірме парақшалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=Xn6Q73aB5XM

 

 

 

 

Слайд №7

 

 

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Кері байланыс:

-Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Тәжірибе де  жасадық,

Соныменен  сабақта

Не  білдік,  не үйрендік?

 

Сабақ   соңында    оқушылар   рефлексия    жүргізіп,  сұрақтарға  жауап   береді:

— Нені  білдім, нені   үйрендім?

— Нені   толық    түсінбедім?

— Қандай    жұмысты    жалғастыру    қажет?

-Сабақтың  басында  аталған  мақсаттарға  қол жеткіздім бе?

 

Хабарлама, хат жазу

 

 

 

 

 

Слайд №8

 

 

Қосымша ақпарат
Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.