Желтоқсан жаңғырығы

 

 

Желтоқсан жаңғырығы

 

Сабақтың мақсаты:

      Білімділік: Желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларға дұрыс, терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, өз көзқарастарын қалыптастыру

Дамытушылық: оқушылардың тыңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушылардың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту үшін Желтоқсан батырларының өмірін үлгі-өнеге ету

Сабақтың барысы:

І  Кіріспе сөз: «Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам»

ІІ  Барысы: — М. Шахановтың «Желтоқсан тағлымы» (мәнерлеп жатқа айтылады)

— Желтоқсан оқиғасының басталу себептері

— Желтоқсан құрбандарының: Ләзат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат

Рысқұлбековтердің ерлігі мен өмірі

— «Қайратқа тағылған жала» көрініс.

ІІІ. «Желтоқсан желі» әні орындалады

ІҮ. Желтоқсан оқиғасының нәтижесі

Ү. Бір минуттық үзіліс. «Елім менің» хор

 

1-оқушы. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләзат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбековтер секілді ұл-қыздарымыз елінің болашағы, еркіндігі, егемендігі үшін күресті. Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келді. Мінеки, осының арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.

2-оқушы. Бабалардың рухымен кеңескем,

Өзіңменен бекім белім, тең өскен.

Егеменді елдігіме бүгінгі

Қол жеткізген аруақ-ұрпақ емес пе ең?

3-оқушы. Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,

Еңсем биік көрінсе екен ертең деп,

Көкбайрақ ту желбірейді көгімде,

Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп.

4-оқушы. Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,

Әнұраным жыр боп ұйытқып қоздаған.

Егеменді елдің жайын бүгінгі

Ақын емес ой толғатып жазбаған.

Хор: «Менің елім».

5-оқушы. 1992 жылы 4-маусым күні Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан ту мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» — деді. Туымыздың авторы Шәкен Оңалсынұлы Ниязбеков.

6-оқушы. Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жанған алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

 

 

7-оқушы. Ел басына күн туса

Елпілдеген  Ерболым!

Қараша үйде түңліктей

Желпілдеген Ерболым!

Қанішердің қолында

Қансыраған Ерболым!

Өтеріңде Алладан

Жан сұраған Ерболым!

8-оқушы. Ербол Мұқажанұлы Сыпатаев 1964 жылы Алматы облысы Панфилов ауданының Әулиеағашауылында дүниеге келді. 1986 жылы Алматы энергетикалық институтының студенті болған. Желтоқсан оқиғасында соққыға жығылып, қайтыс болды.

9-оқушы. Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр күн,

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болған Алладан

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Алаштан озған жүйрігім

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім,

Сәбира апат болған күн.

10-оқушы. Сабира Мұхамеджанова 1965 жылы Шығыс Қазақстан  облысында дүниеге келген. Ол көк, жасыл орман көмкерген Алтай тауының етегіндегі әсем қала Өскемендегі оқу орнының студенті еді.

11-оқушы.  Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Топты бастап шықты Ләзат алаңға

Толған еді он алтыға небәрі.

Қаһарман қыз, ғажап қыз –

Ұрандайды Ләзат қыз:

«Жасқанбаған жауынан,

Біз — қазақпыз, қазақпыз!

Біз — қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз.

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз!»

12-оқушы.  Елі үшін ерлігімен елене,

Абырой мен атағына бөлене,

Ләзат сынды қазақ қызы қаһарман

Ұрпағына болар мәңгі өнеге.

13-оушы. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында дүниеге келген. Ол Желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы құрылыс-архитектор институтының студенті еді.

      1-жүргізуші. Жастардың бейбіт мақсаттағы демонстрациясын тарату үшін солдаттар мен милиция қызметкерлері ақылға сыймайтын заңсыз, адамгершілікке жат әдістерді қолданды. Тіпті жалған жала да тағылды.

 

 

 

 

 

 

 

«Қайратқа тағылған жала» көрініс.

Тергеуші:

  • Сен 18-күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат:

  • Жолдастарыммен бірге болдым, Фурманов көшесінде.

Тергеуші:

  • Жоқ!!! Сен Сатбаев пен Мир көшесінің қиылысында Совицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің (орнынан тұрып сойылмен соғады, Қайрат құлап түседі).

Жігіт:

  • Иә, темір есік сықырлап ашылатын, Қайратты жауап алуға әкететін. Ол қайтып келгенде үсті-басында сау тамтық жер болмайтын.

Қайрат біраз жатып есін жиған соң:

  • Жоқ, мен Совицкийді өлтіргемін жоқ!

Тергеуші:

  • Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар!

Қайрат (екі милиция қызметкері Қайраттың қолынан ұстап тұрғанда өлеңін оқиды):

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десе, алыңдар!

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең, атыңдар!

(Қайратты сүйреп әкетеді).

Жүргізуші.

«Маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан да биік тұр,» — деп Қайрат Рысқұлбеков Желтоқсан құрбаны болды.

«Желтоқсан желі» әні орындалады.

1-жүргізуші. Ақиқат жолы қашанда ауыр. Желтоқсан оқиғасы көзден де, көңілден де кетпейді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі 20 жыл біздің елімізге көптеген өзгерістер әкелді. Ұлттық сана-сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын көтердік.

2-жүргізуші. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Компартиясының небәрі 18 минутқа созылған рекордтық қысқа уақытта өткен Пленум болды. Елдің тыныштығын бұзу үшін бұл уақыт жеткілікті еді. Республика Компартиясы Орталық Комитеттінің Бірінші хатшысы Қазақстанға 30 жылдай мерзімде бласшылық еткен Дінмұхамет Қонаевты қызметінен алды және оның орнына саяси Бюроның ұсынысы бойынша Генадий Колбинді сайлады.

1-оқушы. Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркенім халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрды,

Желтоқсанда егеменді ел болдым деп талпындың.

2-оқушы. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

Уақытыңның талабына дәл келсе де ұраның,

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың,

«Нашақор» деп «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым.

3-оқушы. Саған таққан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным

Керең болып қалмады екен неге менің құлағым.

Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!

            4-оқушы. Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр, әнім

Ел іргесі берік болсын ұраным,

Тәуелсіздік өзің еркін сезіну

Салт-дәстүрлі қолдан түспес ұраным.

Тәуелсіздік!

Не деп оны түсіндік,

Тәуелсіздік ар-ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр, туыс боп

Ел жұртының алма құнын түсіріп

Тәуелсіздік!

Менің байтақ Отаным

Бір өзіңдей Мұхтар, Абай, Шоқаным

Тәуелсіздік сәбиімнің шаттығы

Тәуелсіздік ақ батасы атаңның.

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік жыр, әнім

Көкбайрақ пен Елтаңба, Әнұраным

Мен өзіңнен Тәуелсіздік айналдым

Қолда елдің, қасиетті құраным!

1-жүргізуші.            Мен қазақпын.

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз рыстан.

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап!

Мақтан етсін халықтар халықтығын!

Жетер сан жыл шеккені малдай азап!

«Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын,

Мақтан етсін атақты туыс атын.

«Қазақпын» деп, жауға айтам қасақана,

Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын…

Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен,

Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам басына моланың да,

Мұрагермін оған да иемін мен.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім…

Ж. Молдағалиев

 

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді, сол жырларды жаттап, көкейгетүйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздер білімді, дені сау, Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуіміз қажет.

Желтоқсанның 21 жылдығына байланысты Алматы Республика алаңында Азаттықтың айбынды ескерткіші – Тәуелсіздік монументі қойылды. Аға-апаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.

«Менің Қазақстанмын» Әнұран орындалады.

 

Тәуелсіздік – ел тілегі

 

 

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, тәлеусіздік деген не мағына беретінін, біздің ел қандай ел екенін, сол арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Н.Назарбаевтың суреті, Қазақстан рәміздерінің суреті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың мына сөздері ілінді.

 

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол — тәуелсіз Қазақстан.

*  *  *

Егер де ел болсақ, ел боламыз десек бірінші сыныпқа барған балаларымыздан бастап

үлкендерімізге дейін Ата заңымызды оқып – үйрену, оны ежелей білу, мүлтіксіз орындау

 қамын жасауымыз керек.

*  *  *

Тәуелсіздіңтің ендігі тағдыры тотаритарлық қоғамның қайшылықтарын бойына сіңіріп үлгермеген жас ұрпақтың біліктілігіне, білімділігіне, отаншылдығына, жауапкершілігіне байланысты.

 

 

Кіріспе:

ХҮ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды бірлікке Төле би шақырды. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен қазақ халқын орыстар аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылғы маусымындағы жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендерді оққа ұшырды, қаншасы өз жерінде қырғын көрді. Біздің 1917 жылғы бостандыққы қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап көшуге мәжбүр болды. 1932-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиондай адамның 2,2 миллионы апат болды.

1941-45 жылдар аралығында адамзат тарихында алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттықты, азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да қазақтың отты жастарының қатарын азайтып кетті. «Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлік малы мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

 

 

 

 

 

Өткен жылдар жемісі.

1-оқушы. 1991 жылы 29-тамызда Елбасы Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

2-оқушы. 1991 жыл. Желтоқсанның 1-де республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

3-оқушы. Тәуелсіздік алған соң өз еркімізбен ядролық қарудан бас тартық.

4- оқушы. 1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

5- оқушы. 4-маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдары қабылданды.

6- оқушы. 28-қаңтарда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

7- оқушы. 1994-1998 жылдары Қазақстан территориясы ядролық қарудан толығымен тазарды.

8-оқушы. 1994 жылы 30- маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

9-оқушы. 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевқа 150 жыл толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген Ұлы Жеңіске 50 жыл болды.

10-оқушы. 1996 жылы 30-тамызда Қазақстан Конституциясына 1 жыл толды. 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 5-жылдық мерекесі атап өтілді. Бұл күні Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

11-оқушы. 1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді.

12-оқушы. 1998 жылы «Халық бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

13-оқушы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Американың, Еуропаның, Азия мен Африканың басшылықтарымен келіссөздер, кездесулер өткізіп, Қазақстанды әлемге танытуда. Қазақстан әлемді тануда. Мәдениетіміз өркендеуде.

14-оқушы. 1998 жылы жаңа Астана елеміздің болашағының символына айналғанына енді ешкім күмәнданбайды. Бас-аяғы 2-3 жылдың ішінде Сарыарқаның нақ ортасында, Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды.

15-оқушы.

Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.

16-оқушы.

Еліміздің әкімшілік-әміршіл жүйесі нарықтың экономикалық жүйеге ауысты. Өтпелі кезеңнен эконокикамыз отұрақтану кезеңіне аяқ басты.

17-оқушы. Мұнай қоры мол Қашаған кен орнының ашылуына байланысты Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде 5-орынға көтерілді.

18-оқушы. Еліміз мырыш қоры бойынша әлемде І орын, қорғасын қоры бойынша ІІ орын, марганец қоры қоры бойынша ІІІ орында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан ХХІ ғасырда» оқушылар шығармасы

19-оқушы. Біздер бүгінгі оқушылар – ертеңгі ХХІ ғасырдың азаматтарымыз. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, ата-бабаларымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімді естен шығармаймын.

20-оқушы. Біздің Қазақстан Республикасы жылдан жылға, күннен күнге өркендеп, өсіп, кеңейіп гүлденіп келеді.

21-оқушы.  Ассалаумағалайкум, халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

22-оқушы.  Егемен болмай ел болмас,

Етек жеңі тең болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас.

Хор: «Менің Қазақстаным».

23-оқушы.  Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бұл тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз.

24-оқушы.  Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропа, Азия да емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

25-оқушы.  Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азат жүгін, ел жауын қуғанжері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

 

26-оқушы.  Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ жері өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстай,

Елі текті, киелі, қасиетті.

27-оқушы.  Мәнге толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы.

Хор: «Гүлжазира Қазақстаным».

28-оқушы.  Шуақ шашқан арайлы көгінде күн,

Самалымен жайқалған жерінде егін.

Қия-шыңға талпынған бала,

Қазақстан – киелі елім менің!

29-оқушы.  Қазақ аты береке, бірлік дер ем,

Қазақ осы бірлікті – тірлік деген.

Сахараға бүгінде шықты қазақ,

Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Отанымыз – Қазақстан

 

Мақсаты: оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастарып, білімпаз етіп тәрбиелеу

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Қазақстанның саяси картасы

Түрі: ойын-жарыс

Әдісі: алдын ала оқушыларға тапсырма беру арқылы өтеді

Оқушылар Әнұранды орындайды

 

Сабақтың барысы

І  Кіріспе Отан туралы өлеңдер

ІІ   Өз тарихыңды білесің бе?

ІІІ  Мақал-мәтел жарысы.

 

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. «Отан» және «Ақжол».

Бірінші бөлім: Отан туралы өлеңдер оқылады.

Отан тобы:     Халықтың енді міне, жетілгені,

Құрыштың білінбейді кетілгені.

Аталып, Қазақстан ел боп туып,

Үй тігіп, ірге қалап бекінгені.

Ақжол тобы:  Аялап ару, ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен,

Отаным – Қазақстаным!

Отан тобы:     Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным – Қазақстаным!

Ақжол тобы:  1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Бұл күн халықаралық мереке күні болып жарияланды. 1992 жылы ҚР рәміздері бекінді.

Отан тобы:     Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Мемлекеттік туымнан,

Күн шығып тұр жарқырап.

Ақжол тобы:  Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Отан тобы:    Қазақ жері – Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан.

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен – Қазақстан!

Ақжол тобы:  Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан тобы:     Отан – тарих, Отан – тіл.

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Ақжол тобы:  Отан – осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өс жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.

Отан тобы:     Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман-тоғай, көлімізді.

Ақжол тобы:  Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған,

Отан. Отан

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

 

Екінші бөлім: «Өз тарихыңды білесің бе?» «Отан» және «Ақжол» топтары «Бреин-ринг» ойынынан жарысқа түседі.

Ойын шарты: Сұрақ қойған кезде, қай топтың жауабы дайын болса, сол топ бірінші болып жауап береді.

Сұрақтар:

1). Қазақстанның жалпы жер көлемі қанша шақырым?

– 2717 мың шаршы шақырым

2). Қазақстан қанша мемлекеттермен шектеседі?

– Бес мемлекетпен шектеседі

3). Шекарасының жалпы ұзындығы және қанша шақырым Арал, Каспий теңіздері арқылы өтеді?

– Ұзындығы 15000 км және 3000 км Каспий, Арал теңіздері арқылы өтеді

4). ҚР-ның елтаңбасының жоғары және төменгі жағында не бейнеленген?

– Жоғарыда бес жұлдыз, төменінде «Қазақстан» жазуы

5). ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде жоңғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосқан кім?

– Абылай

6). ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан жерін зерттеген зерттеушілер кімдер?

– Ш.Уәлиханов, Семенов Тянь-Шаньский, Н.А.Сверцов, И.В.Мушкетов

7). Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі бар? Кез келген бесеуін ата

– 25-26 түрі бар. Олар: көмір, мұнай, алтын, фосфорит, күміс, т.б.

8). Егемендік туралы декларацияға қашан қол қойылды?

– 1990 жылы 25-қазанда

9). Қазақстанда қанша облыс бар?

– 14 облыс

10). Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

– 1989 жылы

11). Қазақ хандығының негізін құраған хандар?

– Керей мен Жәнібек

12). Соңғы Конституция қай жылы қабылданды?

– 1995 жылы 30-тамызда.

13). Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында?

– Тоғызыншы орында.

14). Қазақстанның ең үлкен облысы?

– Қарағанды облысы.

 

Үшінші бөлім: Мақал-мәтелдер сайысы

 

Отан тобы:     Отан – оттан да ыстық.

Ақжол тобы:  Отан үшін күрес – елге тиген үлес.

Отан тобы:     Отан – елдің анасы.

Ақжол тобы:  Туған жерге туың тік.

Отан тобы:     Туған жер – алтын бесік.

Ақжол тобы:  Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

Отан тобы:     Опасызда — Отан жоқ

Ақжол тобы:  Отан үшін отқа түс, күймейсің