Физикалық және химиялық құбылыстар. №3 Зертханалық жұмыс «Химиялық құбылыстарды зерттеу белгілері»

Ұзак мерзімді жоспар бөлімі:

7.1В  Заттар күйінің өгерісі

Мектеп: №12 Аманкелді атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 02.10.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Манапбек С.
Сынып: 7 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар.

№3 Зертханалық жұмыс «Химиялық құбылыстарды зерттеу белгілері»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.1.3 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату;
Сабақ мақсаты: – «физикалық және химиялық құбылыстар» анықтамасын білу, түсіну;

– химиялық реакциялардың белгілерін білу;

– физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату;

 

Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгеру

 

 

Жетістік критерийлері: Оқушы мақсатқа жетеді, егер —  

– «физикалық және химиялық құбылыстар» анықтамасын білсе;

– химиялық реакциялардың белгілерін білсе;

– физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата білсе;

– физикалық және химиялық құбылыстарды қандай негізгі белгілері бойынша ажыратылуын түсіндірсе;

 

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:

— Ауызша нысандағы хабарлама топпен/жұппен физикалық және химиялық құбылыстарды қандай негізгі белгілері бойынша ажыратылуын түсіндіреді;

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

физикалық және химиялық құбылыстарды, химиялық реакциялардың белгілері;

 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Физикалық құбылыс  – бұл құбылыс негізінде…

Химиялық құбылыс – бұл құбылыс негізінде…

Бұл құбылыс физикалық/химиялық болып табылады, өйткені …

 

 

Құндылықтарды дарыту: Ынтымақтастық арқылы топта/жұпта жұмыс жасау;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Біліктерін дамыту, талдау, қорытынды жасау.

 

Пәнаралық байланыстар: химия–физика: физикалық құбылыс

 

АКТ қолдану дағдылары: PowerPoint презентациясымен жұмыс жасау;

 

Бастапқы білім:

 

7.1А Химияға кіріспе. Элементтер, қосылыстар мен қоспалар
 

 

Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері: Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет: Ресурстар
    Сабақтың басы Сабақ басында көніл аударылатын кезеңдер:

– оқушылардың зейіні

– оқушалармен бірге сабақ мақсатын анықтау (оқыту нәтижелері)

 

Өзектендіру тірек білімдері:

(У) Адам және оны қоршаған тірі және өлі табиғат  үздіксіз өзгерісте болады. Осындай болып жатқан әр түрлі өзгерістер мен құбылыстар заттарға да сипат алады. Бізді қоршаған ортадағы өзгерістер мен құбылыстарға мысалдарды қарастырсақ, бұл құбылыстар физикалық және химиялық болып келеді. Бүгін өткізілетін сабақтың мақсаты физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы бойынша презентация

 

 

 

Мағынаны тану

 

(У) Бір заттың басқа затқа айналмай, өз қасиеттерін сақтап қалуы бұл физикалық құбылыс екені бізге физика курсынан белгілі.

Осылайша, шақпақ қантты ұнтақтай отырып, біз қант өте ұсақталып, қант ұнтағын аламыз.  Бұл ұнтақталған қант бөлшектерін біз тек микроскоппен ғана көре аламыз.

Егер қанттың судағы ерітіндісін қарастыратын болсақ, біз одан ұсақ бөлшектер – яғни молекулаға ыдырағанын байқауға болады.  Қант ерітіндісінен суды буландыратын болсақ, қант молекуласы қайта қосылып, кристалданады. Қант — ұнтақтау кезінде де, суда еру процесі кезінде де ол қант болып қала береді.

Булану процесі кезінде су буға айналады. Судың буы – судың газ тәріздегі күйі. Салқындату кезінде су мұзға айналады. Мұз – судың қатты күйі. Аз мөлшердегі судың буы мен мұз – судың молекуласынан түзілген.

Сұйық күйдегі су, мұз, су буы әртүрлі заттар емес,  олар агрегаттық күйлері әртүрлі болап келеді бір заттан (судан) тұрады..

Демонстрация: шыны түтікшенің иілуі (химия кабинетінің мүмкіндіктерін ескере отырып, басқа да құбылыстарды қарастыру).

 

(Г) Күнделікті өмірде кездесетін физикалық құбылысқа 5 мысал келтіру. Талқылау жұмысы топта жүргізіледі.

 

(У)Бұл құбылыстар негізінде жаңа заттар құрылмайтынын атап өту қажет.

Физикалық   құбылыс  кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды (парафиннің еруі, шыны түтікшенің иілгіштігі).

Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық  құбылысқа  жатады, (жану, шіру).

Қандай сыртқы белгілері бойынша біз химиялық құбылысты физикалық құбылыстан ажыратамыз?

Химиялық реакциялардың белгілері:

1)   Түсінің өзгеруі (күзде жапырақ түсінің сарғаюы)

2)   Тұнбаның түзілуі (сүттің ашуы)

3)   Жағымсыз иістің пайда болуы (жұмыртқаның шіруі)

4)   Газдың бөлінуі (ас содасы + сірке қышқылы)

5)   Жарық пен жылудың бөлінуі (жану, шіру)

 

(Г) Күнделікті өсірден химиялық құбылысқа 5 мысал келтіру. Қандай негізгі белгілері бойынша бұл құбылытарды химиялық құбылысқа жататынын түсіндіру

 

(Э) №3 Зертханалық жұмыс «Химиялық құбылыстарды зерттеу белгілері»

Тәжірибеде жасайтын іс-қимылдар:

Қандай белгілер негізінде бұл құбылыстарды химиялық құбылысқа жатқызуға болады?

а) Сілті ерітіндісіне бірнеше тамшы фенолфталеин тамшылатып қосыңыз. Байқалған құбылыс?

б) Барий хлоридіне натрий сульфаты ерітіндісін құю. Байқалған құбылыс?

в) Мыс купоросы ерітінідісіне сілті ерітіндісін қосу. Байқалған құбылыс?

г) Ас содасының аз мөлшеріне қышқыл ерітіндісін қосу. Не байқалды?

д) Сіріңкені жағып, 2-3 секундтан кейін сөндіріңіз. Не байқалды? (абайлаңыздар!!!)

 

(Қалыптастырушы бағалау)

1) 2 топқа бөлініздер:

а) физикалық құбылыстар;

б) химиялық құбылыстар;

Темірдің таттануы, судың қатуы, бензиннің жануы, алюминийдің балқуы, сүттің ашуы, табадағы тамақтың күюі, қардың түзілуі, жұмыртқаның шіруі, спирттің жануы, қағаздың тозуы, майшамның жануы.

Өз таңдауларыңызға түсінік беріңіз.

 

2) Қай жағдайда химиялық өзгерістер, ал қай жағдайда физикалық құбылыс екенін түсіндіру:

А) резина дайындауда табиғи газ қолданылады;

Б) судың буға айналуы;

В) ерітіндіні сүзгіден өткізеді;

Г) металл оксидтік қабықпен қапталады;

Д) шыныдан зертханалық ыдыстарды дайындау;

Е) майшамның жануы.

 

Сілті ерітінділері,

фенолфталеин, қышқылдар,

барий хлориді, натрий сульфаты,

мыс купоросы,

ас содасы,

сіріңке

 

http://bilimland.kz/.

 

https://www.youtube.com/watch?v=2V4UCLyCwO8 физикалық құбылыстар

 

https://www.youtube.com/watch?v=hFHiPbZ89hs видео урок

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=4ZGULLWEy1c ағылшын тілінде видео көрсету

Рефлексия Рефлексия:

— не білдім, нені үйрендім

— не түсініксіз болды

— қандай қателіктермен жұмыс істеуім керек

 

Үй жұмысы: мұғалім дайындаған сілтеме бойынша оқушылар видеоларды қарастырады. Тақырыпты мазмұндау «Физикалық және химиялық құбылыстар»

 

                Оқушылардың әртүрлі дарындылығына арналған сараланған үй тапсырмасы

А) физикалық және химиялық құбылыстарға қысқыша мақала жазу

Б) https://www.youtube.com/watch?v=4ZGULLWEy1c

В) тірек конспект жазу «Физикалық және химиялық құбылыстар».

 
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді  іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.