Жер сфералары дегеніміз не?

 

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Бөлім: Жер және ғарыш

 

Мектеп:

Модератор:Жер сфералары дегеніміз не.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:  
Тақырыбы: Жер сфералары дегеніміз не?
Оқу мақсаты: 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Жердің қабықтарының болатынын, әр қабықтың неден құралатынын анықтайды.
Бағалау критерийі Жер қабықтарын біледі;

Жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды;

Жер сфераларын түсінеді.

Тілдік мақсат Тірек сөздерді пайдалана отырып, жер сфераларын сипаттап бере алады, жердің қабықтарын ажыратып, оның неден құралғанын айтып бере алады.
Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сфера, литосфера, биосфера, гидросфера, атмосфера.

Құндылықтар Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика.
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен  жұмыс
Алдыңғы меңгерілген білім 2-сыныптан Күннің пайдасы мен зияны, Жердің табиғи серігі, Күн жүйесінің ғаламшарлары мен ғарыштағы уақыт пен арақашықтықтың ерекшелігі туралы біледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

2минут

 

 

3минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында «Шаттық шеңберінде» бір-біріне тілек айтқызу. Олар бір-біріне үш сын есім айтады.

Жедел жауап. «Алтын сандық» ойыны арқылы оқушылардан өткен тақырыптарды еске түсіру. Сандықтан сұрақтарды кезек-кезек алу. Сұрақтар:

-Күн біздің ғаламшарға не береді?

-Күн сәулесі туралы не айта аласың?

-Жердің табиғи серігі бар ма?

-Қандай ғаламшарларды білесіңдер?

-Біз қандай ғаламшарда өмір сүреміз?

-Жердің табиғаты қандай?

-Жанды табиғат туралы не айта аласың? Мысал келтір.

-Жансыз табиғатқа мысал келтір.

-Біз жануарлар туралы не білеміз?

-Өсімдіктер туралы не айта аласыңдар?

Тапсырманы орындау барысында оқушылар ғарыш пен жер туралы не білетіндерін еске түсіреді. Сонымен қатар, табиғатқа нені жатқызуға болатынын талдайды.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 

Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1,2

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

4 минут

 

 

 

 

 

1минут

 

 

8минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

1 минут

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

6 минут

Жер қабықтары.

Мақсаты: Жердің төрт қабықтан тұратынын және олардың атауларын түсінеді.

Топқа біріктіру. Оқушыларды тақырыптың тірек сөздеріне байланысты «литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера» топтарына біріктіру.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында топпен постер құрайды. Постер құру үшін литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфераның суреттерін пайдалануға болады.

Жетекші сұрақтар арқылы Жердің қабықтарын ажыратады, қабықтарға тән сипаттамаларды атайды. Тірі табиғат нысандарын ажыратады. Жер қабықтарының грек тілінен енгенін біледі.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Қай жерде орналасқан?

Мақсаты: Оқулықпен жұмыс жасай отырып, еліміздің табиғат нысандарымен танысып, олар Жердің қай қабығында орналасқанын анықтайды.

Тапсырманы жұппен орындауға болады.  Оқулықта берілген ақпаратпен таныса отырып әр жұп Жер қабығының ерекшелігін ескере отырып, суреттерді  талдайды.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер»  арқылы жұптарды бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Қабықтардың аттары әр қабықтың нысандарына тән ортақ белгілерін анықтайды.

Ресурстарды тарату. Жұп санына қарай Жер қабықтары жазылған үлестірмелі парақшалар немесе пазлдар.

Зерттеудің жоспары:

-Парақшаларды немес пазлдарды Жер қабықтарының атаулары мен нысандарды сәйкестендіру;

-Мәліметтер арқылы пиктограмма салу.

Модель жасауда оқушылар Жердің әр қабатында орналасқан нысандар мен үлестірме парақшаларда (немесе пазлдарда) жазылған сөздер арасындағы ортақ белгілерді табады. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына Жер қабықтары туралы нені білгісі келетінін жаздыруға болады.

Зерттеу жұмысын қорытындылау: Модельдеуді орындай отырып, топырақтың маңызы туралы ой қорыту. Басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстыру.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан. Тапсырманың мақсаты: Жер қабықтарының өзара байланысын және оларды графикалық түрде қалай белгілеуге болатынын түсіну.

Оқулықта берілген суретті диаграмманы талдап, келесі сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:

-Жер қабықтарының өзара бір-бірімен байланысы бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

-Ағаштың Жер қабықтарымен қандай байланыста болады?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:

—          Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?

—          Қандай жаттығуларды білесіңдер?

—          Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

9-жұмыс парағы. «Жер қабықтары неден тұрады?», 11-б.

Жер қабықтарының сипаттамалары.

Сабақта таныстырылған тірек сөздерді бекітуге арналған тапсырма. Оқушылар сөйлемдегі бос орындарды толтырады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Жердің ауа қабатын біледі;

-Биосферада тірі ағзалар мекендейтінін түсінеді;

-Жердің қатты қабығын біледі;

-Жердің су қабығын біледі.

Қабықтағы нысандар.Тапсырма Жер қабықтары туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Жер қабықтарына қатысты нысандарды табады.

10-жұмыс парағы. «Жер қабықтары», 12-б.

Дұрыс-бұрыс.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырма. Жер қабықтары туралы тұжырымды оқиды, оның дұрыс не бұрыс екендігін анықтайды.

Жер шарына саяхат.

Жер қабықтарын анықтап, оларды бояу..

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Жер қабықтарын біледі;

-Жер қабықтарын ажырата алады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфераға байланысты суреттер

Слайд №3

 

 

Слайд №4,5,6,7

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

Смайликтер

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

Кері байланыс.

«БББ»кестесі.

Оқушылар стикерлерді толтырып, кестеге жабыстырады.

 

 

Слайд №8

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

·         Топтау бойынша саралау:

-Ынтасы жоғары оқушыларға топырақтың пайдалану жолдарын ұсынуды тапсыру.

-Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады

·         Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

— өзара бағалау: «Постер » бойынша бағалау

— мұғалімнің  жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«Жетістік баспалдағы»

 

 

 

 

-Сергіту жаттығуын орындау

— әрекеттерді жиі ауыстыру

— қауіпсіздік ережелерін сақтау