АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

 

 

Алматы қаласы

АСҮ №15  мектеп – интернаты

ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Ахметова Құндыз Құрманқызы

 

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы — жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі — бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі — ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық. Сөздіктерде «Технология»  деген адамдардың нақтылы күрделі үрдісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы.

Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің  іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер. Күрделі құралдар: механикалық  визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б; аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық  кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық  жүйе. Бұл технологияларды әсіресе шетел тілін үйренуде  пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың  мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық  технологияларды  оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр.

Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының  шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады.  Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын  қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық — электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық — электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

  • лексиканы оқып үйретеді;
  • сөйлеу ырғағын;
  • диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
  • хат жазуға үйретеді;
  • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Көбінесе мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданған тиімді деп ойлаймын. Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша ашық сабақта қолдандым. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады. Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;  оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы  сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті  материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы,  ActiveBoard  электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге болады. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

 

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

 

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

 

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

 

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

 

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

 

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

 

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралып оқытуға ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер,слайд-шоу).
  2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.
  3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.

Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес  компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу.
  2. Ағылшын тіліндегі сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
  3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
  4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.

 

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр — түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.  Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды. Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы — Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

 

 

Әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана.- 2001ж.

 

  1. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми  конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3

 

  1. Г. Н. Губайдуллина «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 2011ж

 

  1. С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж.

 

  1. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.

 

  1. С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5

 

  1. Г.Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6

 

  1. Г.Оразәлі Мектепте интерактивті тақтаны қолдану. Білім әлемінде, 2010ж. №5

 

9.Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5

 

10.Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9

 

  1. Л. А. Кравченко, И. Ф. Ахметова Использование интерактивной доски на уроках иностранного языка в средней школе. Английский язык в школе, 2008г. №1

 

12.С.Шолпанбай Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы. Мектептегі шет тілі,  2010ж. №3

 

13.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4

«Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».

14.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың

педагогикалық ұстанымдары».

15.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

Алматы қаласы

АСҮ №15  мектеп – интернаты

ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Ахметова Құндыз Құрманқызы

Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н. Ә. Назарбаев

 

«Инновациялық» деген сөз — латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан — жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.

«Ақпараттық компьютерлік технологиялар»- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды.

Ақпараттық технология

Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір — бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуымен оқу материалының сапасын арттырады.

 

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

 

Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі — оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибеңде қолданып келемін. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану мен үшін оқу процесін жаңа оқу — әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.

 

Шығармашылық іс — әрекет

Зейін

Есте сақтауы

Интеллектісі

Ойлауы

 

Оқытудың компьтерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.

Мен өзімнің тәжірибемде:

— дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар).

— компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа құралдар).

— Интернет — технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e — mail — ақпарат алмасу құралы ретінде, т. б.) жиі пайдаланамын.

 

Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі — білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мен өз тәжірибемде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын.

Осы компьтерлік оқыту технологиясы арқылы білім сапасын арттыру. Мен өзімнің сабақтарымда:

Оқытуды ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формаларын пайдаланамын.

 

Қолданылған технологиялар: жобалау, компьютерлік әдісі, ақпараттық ойын, топтық т. б. элементтерін қолданамын.

Қорытынды диагностика: тестілеу, жобаны қорғау. Мұғалім араласпай — ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық — анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір неше бағыттары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі негізгілері мыналар:

— компьютер – оқушы білімін бағалау құралы;

— компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар;

— мультимедиа — технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал;

— Дербес компьютер, білім жетілдіру құралы;

 

  1. Компьютер — оқушы білімін бағалау құралы;

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд — фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай — ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Компьютер көрнекі – бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым — қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады»

 

  1. Электрондық оқулық — оқушыны осы оқулықпен таныстыру.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін өте маңызды әрі мағыналы жұмыс. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын туындаған проблемаларға аударамын. Мысалы: 10-шы сыныпқа арналған электрондық оқулықта әр тақырыпқа сай толық мәлімет берілген.

 

  1. Мұғалімнің сабаққа деген шығармашылық қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын құрал.

Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта оқушылардың есте сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және оқушылар принтер арқылы қажетті ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік береді.

 

  1. Интернет желісімен жұмыс жасағанда:

— Жобалардың презентацияларын дайындау.

— Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.

— Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу.

— Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.

— Өзін — өзі бағалау.

 

  1. Интерактивті тақтаны пайдалану:

— Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;

— Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

— Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

— Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

— Aktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Мұғалім — ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай — ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру — уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.