«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылардың  қабылдану салтанатының сценарийінің жоспары

 

«Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты» КММ-нің

2018 — 2019 оқу жылындағы республикалық қоғамдық бірлестігі

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылардың

 қабылдану салтанатының сценарийінің жоспары

 

2018 жыл, 13 желтоқсан

Өтетін орны: «Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты» КММ-сі

Акт залы ( зал  . «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы  бар баннер, слайдта бейнеленіп, ілінеді).

Ұйым мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін –өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Кештің ашылуы. Фанфар

Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары

 

Жүргізушілер: Ақбергенова Айгерім, Жайлыбаев Бекзат

              Айгерім::

               Қайырлы күн, қонақтар,  ұстаздар және оқушылар Бүгін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен

жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп

оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

              Бекзат:

              Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз.

Бүгін ұстаздар және оқушылар республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен

жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

 

Тәлімгер: «Мектеп! Түзел! Тік тұр!».

Ұланбасы: Аға тәлімгер!  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты  жиынға  мектеп –интернатымыздың 97 ұланы сапқа тұрғызылды. Рапорт берілді.

Тәлімгер: Рапорт қабылданды

 

Мектеп Ұланбасы:  «Жас Ұлан» ұйымы ТҮЗЕЛ  ТІК ТҰР!!!

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар Туы  әкелінсін. 

 

Бекзат:   

Ақ туымыз желбіреп

Биіктен көз тартады

Жас ұлан,  ол- ержүрек

Болашақтың  қорғаны !

Айгерім:

Туған елім – Қазақстан Отаным,

Мақтанышпен таңды әркез атамын!

Тыныс алып ұлағатты саяңда,

Болашақтың  жарқын  үнін  қатамын!

 

 

 

Айгерім: Ортамызға республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымына    қабылданатын оқуда алда, өнерлі де талантты, белсенді  оқушыларымызды шақырамыз.

 

/ «Атамекен» әнінің музыкасымен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар саппен кіреді. Белгіленген орынға келіп тұрады./

 

  1. Жұбанова Жамал – 5 сынып оқушысы, Оқу екпіндісі, мектепішілік ән-би байқауларының жеңімпазы, қазақ тілі олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері
  2. Айтжанова Лунара – 5сынып оқушысы, Музыка пәнінен өткен қашықтық олимпиады жеңімпазы
  3. Аманкелді Әділет – 5 сынып оқушысы, оқу екпіндісі, жайдарман ойынының жеңімпазы
  4. Гусинский Алина – 5 сынып оқушысы, мектебіміздің белсенді, қамқор оқушысы
  5. Жақып Айшат – 5 сынып оқушысы Оқу екпіндісі, қолөнер үйірмесінің мақтанышы
  6. Жолдыбаев Жолдасбай – 5 сынып оқушысы, Оқу екпіндісі, жайдарман ойынының жеңімпазы және ұйымдастырушысы,  спорт ойындарынан жетістіктер иесі
  7. Сердалиева Гүлжанай – 5сынып оқушысы, Оқу екпіндісі, мектепішілік ән-би байқауларының жеңімпазы
  8. Қабылов Нұрбақыт – 5 сынып оқушысы, мектебіміздегі үқыпты, батыл, өжет оқушы
  9. Ұзақбаева Наргиз – 5 сынып оқушысы, оқу екпіндісі, мектепішілік ән-би байқауларының жеңімпаз
  10. Бөлекбаев Жандарбек– 5 сынып оқушысы, Оқу екпіндісі мектебіміздің белсенді оқушысы

 

                   Бекзат:

                    Білімді –көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

 

                   Жүргізушілер бірге: «БІЗ …»

     ОҚУШЫЛАР: «Жас Ұлан»

                  Жүргізушілер бірге: ҰРАНЫМЫЗ

ОҚУШЫЛАР: «ҚАЗАҚСТАН – НҰРСҰЛТАН – ЖАС ҰЛАН» — 3 РЕТ.

Ұланбасы: Ант қабылдансын!

Оқушылар:

Біз – Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

БАРЛЫҒЫ БІРГЕ: АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

               Ұлан  басшысы:Мектеп-интернаттың  Жас ұланы!Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге  дайын  бол!

 

Оқушылар: Әрқашанда дайынбыз!

 

Бекзат: Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

 

Айгерім:

Құттықтау сөз мектеп —  интернат  директоры Сулейменова Гүлнар Данабекқызына және бүгін бізде қонақта Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің әдңскері біздің мектеп-интернатымыздың  Қамқоршылық кеңесінің мүшесі  Бақыт Лиза Қуанышқызына беріледі.

 

Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурбергенова Айгүл  Мұханбединқызына беріледі

 

/Оқушылар хормен «Жас Ұлан» ұйымының  әнұраны орындалады/ «

Жас Ұланның» Туы Көтеріліп, Ортадан)

Жамал: «Жас Ұлан» — Қазақстанды сүйеді

Лунара: «Жас Ұлан» — мектепте үздік оқиды

Әділет: «Жас Ұлан» — үлкендерді құрметтейді

Алина: «Жас Ұлан» — тек шындықты айтады

Айшат:«Жас Ұлан» — спортпен еңбекті ұнатады

Жолдасбай: «Жас Ұлан» — болашақ «Жас Отан»

Гулжанай: «Жас Ұлан» — Отанға шексіз қызмет етеді

Нұрбақыт: «Жас Ұлан» — ережені бұлжытпай орындайды

Наргиз: «Жас Ұлан» — табиғатқа қорған

Жандарбек: «Жас Ұлан» — Өз Отанының нағыз патриоты

Айгерім : Құрметті оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

 

Бекзат: «Жас Ұлан» қатарына қабылданушыларға арналған ән —  биін қабыл алыңыздар!

Ұланбасы:

Мектеп сап түзеп тік  тұрыңдар!

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Туы шығарылсын!

 

Айгерім: Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «жас ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

 

               Айгерім: Бүгінгі жас қырандар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанынын қорғайтын, ел өркениетін өрістететін,  ата-бабаларымыздың ісін әрі қарай жалғастыратын, ел сенімін ақтайтын болашақ жас ұрпақ.

 

             Бекзат: Салтанатты жиынға қатысушылар, құрметті қонақтар, «Жас Ұландықтар»!  Патриоттық сезімге толы  салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті, ендеше республикалық «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатын жабық деп жариялаймыз!

 

Қош сау болыңыздар!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты» КММ- сі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылындағы республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен

жасөспірімдер ұйымына оқушылардың қабылдану салтанатының «Мәңгілік елдің ұландары» 

 бағдарламасы