КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ НЕГІЗІ – КӨПТІЛДІ, КӨПМӘДЕНИЕТТІ ШӘКІРТ БАУЛУ

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ НЕГІЗІ – КӨПТІЛДІ, КӨПМӘДЕНИЕТТІ ШӘКІРТ БАУЛУ

 

Қ.С.Қыдыршаева

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, М.В.Ломоносов атындағы

ЖОББМ жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Қашан да игі істің басы — тіл. Қай заманда да тіл – елшінің алмас семсері-құралы. Өнер алды – тіл. Тәрбиенің де, әдептің де басы – тіл. Ақыл мен білімнің тілмашы да – тіл. Демек, адамның құты – тілден. Әйгілі философ-жазушы Әбіш Кекілбайұлы айтады: «Жалпақ әлемді ауызыңа қарату үшін, рухани ерлік керек, жалпақ әлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін, рухани байлық керек» деп. Біздіңше, рухани байлық, рухани ерлік тұлғаның тұла бойына тіл арқылы дарымақ. Демек, жақсылық та – тілден, жамандық та тілден. Тілменен түйген тіспенен шешілмес.

Ал, көптілділік – бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. Бұл реттегі ойымызды орыс тілінде сабақтасақ, стремление к трехъязычному образованию является самым перспективным и полностью соответствует тенденции в странах Европейского союза. Изучение несколько языков поможет интеграции Казахстана в экономическую и культурную сферы мирового сообщества. Существует очень мудрое и актуальное в настоящее время изречение: чем на большем количестве языков вы говорите, тем больше раз вы человек. Владея языками, люди способны понимать друг друга, сотрудничать и взаимодействовать. Турасын айтсақ, екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. Ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын» [1,89-93], — деген-ді. Значит, в Европе среди выпускников школ и студентов давно стало нормой непринужденное общение на нескольких языках. Знание не менее трех языков является требование времени.

Приоритетность государственного языка – основа полилингвального образование в Казахстане. Конституция Республики Казахстан закрепляет приоритетность казахского языка как основы полилингвального образования. Оно возникает из необходимости  гармоничного взаимодействия родного языка, который определяет национальную принадлежность людей и других языков, в данном случае русского и иностранного (английского) языков. Как гласит восточная мудрость: «Знание родного языка — ключ к сердцу народа». В процессе коренной модернизации системы образование ведущее место принадлежит и иностранным языкам. Наряду с родным языком они призваны обеспечить формирование гармоничного овладения трехъязычием. Все народы и культуры мира сейчас стали намного ближе друг другу и желают полноценного общения. И такую роль в Казахстане играет русский язык. Русский язык – как один из ключевых факторов  формирования позитивного восприятия Казахстана в мировом сообществе продолжает быть средством межнационального общения между народами нашей Республики, инструментом диалога в межнародных организациях. Русский язык – один из официальных языков ООН.

Приобщение к иноязычной культуре, постижения ее самобытности, осмысление ее культурного вклада в общий фонд духовных ценностей становится сегодня краеугольным камнем духовно-нравственного воспитания. Составной и неотъемлемой частью учебно-воспитательного процесса школы является работа по формированию поликультурной личности, владеющей несколькими языками и способной легко интегрироваться в культуру других народов.

Өз кезінде Елбасымыз «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбындағы «Назарбаев университетінде» оқыған интерактивті дәрісінде: «Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ет қажет. Осылайша біз тілдерді меңгерудің қисынды жүйесін қалыптастыра аламыз: әліпбиі – балабақша деңгейінде, мектепте – базалық деңгей, университет пен колледжде – мамандық бойынша кәсіби тіл» [2,115], — деп, көптілді білім беруді дамытуға басымдық танытады. Осы жоғарғы қазақ, орыс тілінде өрілген тұжырымды-түйінді қағидаларды елеп-екшей келе, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекші нұсқаулықтарын алғышарт ете отырып, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, М.В.Ломоносов атындағы ЖОББМ көптілді білім беруді дамыту жұмысы бір жүйеге енгізілген. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың алғы кезектегі міндетіне көптілді білім берудің нормативті-құқықтық базасын дайындау, көптілді білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуде арнайы пәндерге орай ағылшын тіліндегі оқулық, оқу құралдарын, үш тілді терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, көптілді сыныптарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге қатысты оқу-әдістемелік кешендерді даярлауға бағыт беру енеді. Нәтижеде көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім мекемелерімен, тығыз байланыс орнату, орта мектеп оқушыларымен көптілді оқу-тәрбиелік шаралар ұйымдастыруға басымдық берілгенін қолдау дұрыс. Демек, көптілді білім беруді дамыту – көпқырлы мәселе. Бұл саланы қилы қырынан қарастыру – оқу орындарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Басты мақсат – көптілді және көпмәдениетті шәкірт баулу.

Зерттеу еңбектерге сүйенсек, көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек [3,64].

Жалпы билингвизм (қостілділік) және полилингвизм (көптілділік) – қазіргі таңда ғалымдар тарапынан қызығушылық тудырып отырған өзекті мәселе. Бүгінгі күні қостілділік өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі факторына айналып отыр. Ғылыми әдебиеттерге арқа сүйесек, билингвизм – жеке адамның екі тілде ұдайы қарым-қатынас жасауы, яғни сөйлеу, жазу тәжірибесі дегенді білдіреді.

Билингвизмнің екі түрі көрсетіледі: табиғи және жасанды. Табиғи қостілділік баланың тұрмыс жағдайында, көбіне қостілді отбасында қалыптасады, яғни бала екінші тілді отбасында игереді. Ал, жасанды қостілділік кейіннен оқу арқылы игеріледі. Қостілділіктің қалыптасу жасына сәйкес екі түрі бар: ерте билингвизм және кеш билингвизм. Ерте билингвизм балалық шақтан қостілділікті игеру болып табылады, кеш билингвизм екінші тілді ересек жаста игеру деп түсіндіріледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қостілділігі (көптілділігі) ауызекі сөйлеу тілінің даму кезеңінде қалыптасады. Себебі, бала отбасында бір тілде сөйлесе, балабақшада немесе аулада бірнеше тілдерді игеруі мүмкін. Мәселен, қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілді балабақшаларға өз балаларын беру жағдайы көп кездеседі. Көп балабақшаларда қазақ, орыс және ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі. Сонда бала мектепке дейінгі жасында-ақ бірнеше тілді қатар үйрене бастайды.

Баланың қостілділігінің (көптілділігінің) қалыптасуына интернационалдық некенің де әсері бар. Мұндай әлеуметтік жағдай баланың екі тілді (орыс тілі және қазақ тілі, қазақ тілі және татар тілі, т.б.) қатар үйренуіне әкеледі. Сонымен, мектеп жасына дейінгі балада табиғи билингвизм, кей жағдайларда көптілділік қалыптаса бастайды. Ғалым В.П.Беляевтің пікіріне сүйенсек,: «…Табиғи билингвизм сәйкесті тілдік ортада (теледидар мен радио) туындайды. Бұл тұста тілдік жүйенің ерекшелігін тану әрекеті жүрмеуі де мүмкін».

Ғылымда билингвизмнің екі түрі көрсетіледі: 1)табиғи (тұрмыстық) – естественный; 2) жасанды (оқу) – искусственный. Табиғи қостілділік жастардың тұрмыс жағдайында, көбіне қостілді отбасында қалыптасады, яғни жастар екінші тілді отбасында ата-анасы арқылы игереді. Ал, жасанды қостілділік кейіннен оқу арқылы игеріледі.

Ғылымда қостілділік қалыптасу жасына сәйкес екіге бөліп қарастырылады: 1) ерте билингвизм (ранний); 2) кеш билингвизм (поздний). Ерте билингвизм балалық шақтан қостілділікті игеру болып табылса, кеш билингвизм екінші тілді ересек жаста игеру деп түсіндіріледі.

Тілдің қолданылу сипатына қарай билингвизм репродуктивті және продуктивті деп екіге бөлінеді. Репродуктивті билингвизм екінші тілдегі мәтінді қабылдау және мазмұндай алу қабілеттілігі деп түсіндіріледі. Ал, продуктивті билингвизм – екінші тілді түсіну және ол тілде еркін сөйлей білу қабілеттілігі. Басқаша айтқанда, продуктивті билингвизм жағдайында билингв сөйлемдерді ауызша да, жазбаша да өнімді түрде қолдана біледі.

Ғалым Т.Агапованың пікірінше, «баланың жасы неғұрлым кіші болған сайын, соғұрлым екінші тілді игеру мүмкіндігі де жоғары болады және табиғи түрде игеру жүреді». Ғалым бала қай тілді бірінші игерсе, сол тіл жетекші рөлді атқарады деп есептейді [4,60].

Отбасында компьютердің болуы мен интернет желісінің үнемі пайдаланылу жайы да мектеп жасына дейінгі баланың қатарынан бірнеше тілді игеруіне және қолдануына жағдай жасайды. Қазір Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ұлттық мульфильмдерден гөрі балалардың қызығушылығы орыс тіліндегі шетелдік мультфильмдерге жоғары екендігі мәлім. Бұл жағдай да көпшілік уақытын теледидар алдында өткізетін балалардың екінші тілді игеруіне әсер ететіндігі мәлім. Әрине, тілдерді игеру әр балада әр түрлі жүреді.

Егер де мектеп жасына дейінгі баланың ата-анасы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қостілділікті дамытуға көңіл бөлмесе, баланың қолданысындағы бір тіл қарым-қатынас жасаудан біртіндеп шыға бастайды (тілдік аттриция), дамуын тоқтатады (фоссилизация), қолданыстан ығыстырылады (тілдің ауысуы), ұмытылады, қолданысын тоқтатады (тілдің өлуі).

Тілдік аттриция дегеніміз — «непатологическое ослабление ранее усвоенного индивидом языка». Демек, баланың бұрын игерген тілінің қолданыста әлсірей бастауы болып табылады. Тіл игерудің қажетті деңгейіне жетпей тоқтатылады. Фоссилизация термині екінші тілдің дамуының тоқтатылуы деп түсіндіріледі. Ата-анасының біреуінің әсерінен бала өзі бұрын игерген екінші тілді (анасының немесе әкесінің тілі) қолданыстан шығара бастауы сол тілдің дамуын мүлдем тоқтатады.

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді дамытуға жіті назар аударып, «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі [1,4].

Тарихи деректерге сүйенсек, жетпіс тілді білген Әбунасыр әл-Фарабиден бастап, жеті тілді меңгерген көптеген ұлы тұлғалар бар. Солардың бірі ұлы ақын Абай атамыз діни сауатын араб тілінде ашып, орыс тілін өз бетінше меңгерген және де А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, т.б. классиктердің шығармаларын аударды. Сол ұлттың тілін білу арқылы ұлан-ғайыр қазақ даласына орыс мәдениетін таратқан. Сондықтан үлкен көштен қалмаудың бірден бір жолы – көп тіл меңгеруде.

Ешкім тумысынан көптілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды. Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір қажеттілігі. Осы қажеттілік негізінде көптілділік пайда болып қалыптасады және қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама қажет.

Бірнеше тілде сөйлеудің артықшылықтары бар: жаңа зерттеулер бойынша, біртілділерге қарағанда, қостілділердің зейін ауысымы жылдам жүзеге асады екен. Зейін ауысымы – жаңа объектіге ойша «зейін қою» және назар аудару қабілеттілігі. Мысалы, сіз қозғалыс кезінде зейініңізді дөңгелектен жолға аударасыз немесе топтық ойын кезінде қорғанудан шабуылға аударасыз. Қостілділік когнитивті артықшылықтар қатарымен байланысты болып келеді, ал 2010 жылы «Тіл және таным» (Language and Cognition) зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің зейін ауысымы қабілетін жақсартуға қостілділіктің қалай ықпал ететіндігі қарастырылған болатын. Сондай-ақ, Карнеги Меллону университеті 88 студентке тәжірибе жүргізеді. Оның бірінші жартысы – біртілділер, ал екіншісі – қостілділер. Зейін ауысымы сынағында қостілділер біртілділерге қарағанда орта есеппен 6 милисекундқа жылдамырақ болған.

Қостілді (қазақ және орыс) отбасында тәрбиеленіп жатқан 100 баланың ата-анасына төмендегіше сұрақтарды қамтыған сауалнама ұсынылды: 1. Бала қай жастан қостілді ортада тәрбиеленіп келе жатыр? 2. Баланың қостілді игеруінің себебі неде? 3. Баланың басқа тілдерді игеруі қалай жүрді? 4. Баланың тілдік мәдениетті игеруі не арқылы жүргізілді: әдебиет, теледидар, интернет, мектепке дейінгі мекеме, туыстарымен қарым-қатынас жасау, т.б.? 5. Баланың тілдерді игеру нәтижесі қандай деңгейде? 6. Бала екі тілдің сөздерін араластырып сөйлей ме? 7. Баланың жетекші тілі қай тіл? Ол қай тілді жиі қолданады? 8. Баланың тілге теріс әсерін байқадыңыз ба? Ол қалай көрініс тапты? 9. Балаңыздың қостілді болуының жақсы жағы бар ма?

Ата-аналардың көпшілігінің жауабына сүйенсек, балалар тілді өз еркімен табиғи түрде игерген, ешкімнің тарапынан ешқандай әсер ету болмаған. Сонымен қатар, балалар екі тілде сөйлей білгендерімен, жетекші рөлді орыс тілі алып отырғандығын байқадық. Себебі интернационалды отбасылардың көпшілігінде орыс тілі жетекші рөл атқарады. Десек те, балалардың қос тілді игеруіне отбасыларында барлық жағдай жасалынған: теледидар бар, интернет желісі қосылған, түрлі ойыншықтар мен кітаптар алынып отырады. Зерттеуге алынған балалардың көпшілігі қазақ тілді балабақшаларға барады.

Сауалнаманың қорытындысын талдау барысында мыналарды байқадық: мектеп жасына дейінгі балалардың ерте қостілділігі (көптілділігі) мынадай түрлерді қамтиды – бала екі тілді тең дәрежеде түсінеді, бірақ олардың біреуінде сөйлегенді ұнатады; бір тілден екінші тілге тез ауыса алады; сөйлеу барысында бір тіл мен екінші тілді араластыру жиі кездеседі.

Демек, ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы. Бұл реттегі негізгі мақсат – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға баулу. Олай болса, мектептерге де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру жұмысы да басты жолға қойылу керек. Себебі жаңа формация бағытында құзіретті тұлға тәрбиелеуде кәсіби білікті, жаңашыл мұғалім болуы шарт. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. Қазіргі кезде оқушыларға тілдерді оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту үрдісінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу үрдісінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ, ашық сабақтар, пікірсайыстар, семинар, зияткерлік сайыстар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар оқушылардың жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету. Оқу үрдісінде мультимедия кабинеттерінде үш тілді қатар қолдануда электрондық оқулықтар қолданылып, сабақ тиімділігін арттыруда пайдалы көмекші құрал болуда. Бұндай оқулықтарда үш тілде әр түрлі әдістемелік материалдар берілген. Болашақта шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалім үшін сапалы әдістемелік оқулықтар, тапсырмалар жинағын жасауға ізденіс жұмысы бар.

Қазақстанның болашағы — көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру мәселесі де. Сондай-ақ 12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни, бұлар — жаңаша білім беруде мұғалімдерге қойылатын талаптар. Сондықтан көптілді білім берудің мақсаты – әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту. Міндеттері – әр оқушының жеке қабілеттеріне сай көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау; әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары. Күтілетін нәтиже: көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Осыған байланысты келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді — мемлекеттік тілді – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаһандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептегі маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізуе бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы аян.

Қысқасы, нарықтық экономика өзара еңбек сайысында бәсекеге қабілетті тұлғаларды қажет етеді. Бұл мектеп мұғалімдерінің жаңа талап, тың міндет, бірегей мақсаттар үдесінен табылуын көздейді. Осы ретте білім беру жүйесі ұстаздарына енді ел ертеңі болар шәкірт баулу ісінде өмірден өз орнын мығым таңдай білетін, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білім мен білігін айқын көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырудың, яғни бәсекеге қабілетті тұлға баулудың аса өзекті мәселе екендігіне назар аударар уақыттың жеткенін ескеру қажет. Бұл ретте бізден көшілгері алыс шетел оқу орындарының білім беру саласындағы озық дүниелерін үлгі ету – жаза баспау үшін, орынсыз уақыт өлтіріп, қателеспеу үшін керек. «Ілгері кеткен жұрттың қатесін енді ілгерілейін деп тұрған жұрттар істесе, көре тұра отқа түскендік болып шығады», — деген Сұлтанмахмұд Торайғыров сөзін де ескеру осы ұлт ұрпағына арналатын үлкен жұмысымызда қажет-ақ. Демек, көптілді-полиглот тұлға атану – өнер. Бұл орайда да Сұлтанмахмұд ақын: «Оқу-білім көркеймек – елге егіп пайдасын, Ел жетіліп көркеймек – өнер қанат жайғасын», — дер еді. Иә, Ахмет Байтұрсынұлына сүйене айтсақ, «ақыл жастан, тек тәрбиесі болсын» делік [4,61]. Ендігі кезекте ой үдесін дөп басу үшін, бізге керегі – үш тілді білімді ұстаз. Ал білімі көп адам – құралы сай ұста секілді: не істесе де, келістіріп істейді. Ендеше, түзу ғылымнан, түзу ұстаздан тәлім алған шәкірт неге түзелмесін! Түзу бағыттағы көшіміз қашан да көрікті болғай!

 

Әдебиеттер:

  1. Елбасы және мемлекеттік тіл / Құраст.Ж.Б.Нәлібаев, Н.Ә.Асқаров. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2011. – 312 б.
  2. Қыдыршаев А.С. Тілдік қатынас сәтіндегі сөйлесім әрекеті: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім // «Қазақстан – 2050» стратегиясы: мемлекеттік тіл және көптілді білім беруді дамыту мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Орал, 26 сәуір 2013 жыл. – 115-118-б.б.
  3. Қыдыршаев А.С. Интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы риторикалық технологияның мәні // «Көптілділік: өзекті мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 17-18 мамыр 2012 жыл. – 64-69-б.б.
  4. Қыдыршаев А.С., Шакуова Д.А. Көптілділік – бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру негізі // «Көптілділік және мәдениеттер үнқатысымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Ақтөбе, 25 сәуір 2014 жыл. – 60-61-б.б.