Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің мәндестігі

Сыныбы 9 а Күні 17.09.18 ж Пәні: алгебра
Сабақтың тақырыбы Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің мәндестігі
Мақсаты

 

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің жалпы түрдегі өрнегін жаза білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдері болатын сандар жұбын жаза білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін және мәндес теңдеулерді ажырата білу.
Күтілетін нәтижелер

 

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу ұғымымен біледі.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді және берілген теңдеуді оған мәндес теңдеуге айналдыра алады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдері болатын сандар жұбын табады және шешімін жазадады.

Керекті жабдықтар оқулық, үлестірме қағаздар, плакаттар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс, математикалық эстафета, жұптық жұмыс, миға шабуыл
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 4 мин

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

-Оқушылармен амандасады

-Сабаққа қатыстарын тексереді

-Үй  тапсырмасын тексереді.

 

Миға шабуыл әдісін пайдалану.

Оқушыларға логикалық сұрақтар қояды:

1. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?

2. 7 май шам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше май шам қалады?

3. 3 таяқтың неше ұшы бар?

4. Ең үлкен үш таңбалы сан?

5. 12-ні он есе арттырса неше болады?

— Оқушыларды қатар бойынша 3 топқа бөледі

-Амандасады

-кезекші оқушылардың сабаққа қатыстары туралы хабарлама жасайды

-жұптарымен дәптерлерін алмастырып үй есептерін тексереді.

— Оқушылар қойылған сұрақтарды тыңдап, жауап береді.

— Оқушылар  топтасып отырады.

Тұсаукесер 1 мин

 

Тақырыпты хабарлайды.

Топ ережелерін естеріне салады.

Топ ережелерін естеріне түсіреді. Табыс критерийлерін құрады.
Негізгі бөлім

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

Тақырыпты түсіндіреді, мысалдар көрсетеді.

Тақырыптың алдын ала тапсырмасында 3х+2у-8=0 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу қысқаша келтірілді.

Берілген 3х+2у-8=0 2у=-3х+8

У=-1,5х+4

Х=1 болса, у=2,5 х=2 болса, у=1

Х=3   болса,   у=-0,5   осы берілген  сандар жұптары берілген теңдеудің шешімі. Бұл теңдеулерді жалпы түрде жазуға болады: ах+ву=с7

ах+ву=с түріндегі теңдеулер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады. Мұндағы х пен у -айнымалылар, ал в және с -қандай да бір сандар. Сызықтық теңдеудегі с бос мүше деп аталады.

Шешімдер жиыны бірдей болатын екі айнымалысы бар  теңдеулер  мәндес теңдеулер деп аталады. Шешімдері болмайтын екі айнымалысы бар теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады.

«Математикалық эстафета»

№17 (есеп ауызша)

№18 (а), ә), б)) (топтық жұмыс)

№19, №20 (жұптық жұмыс)

 

Есептерді тақтаға жазып, әр топқа бөледі. Теңдеуді топ болып х-ті у арқылы, у-ті х арқылы орындайды.

1 қатар: 3х+2у=9,

2 қатар: 7х-4у=8,

3 қатар:  -х+2у=4

Тақырыпты тыңдайды, мысалдарды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтан оқушылар кезекпен шығып, тапсырмаларды орындайды. Орындап болғаннан кейін топ мүшелері тексереді.

Топ болып берілген тапсырманы орындап, парақты мұғалімге тапсырады.

Қорытынды 3 мин

 

1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің теоремасын айтып беріңдер.
3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?

4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу дегеніміз не?

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.
Бағалау 2 мин Белсенді оқушыларды сай бағалайды. Топ мүшелері сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды айтады.
Үйге тапсырма 1 мин №18 (в), №21 Күнделіктеріне, дәптерлеріне жазады.
Рефлексия 1 мин Қызыл — өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар

Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар

Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар

Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Айтылған түстердің біреуін таңдайды.