Киіз үй. Фразеологизмдердің көпмағыналылығы. Фразеологиялық омонимдер
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: қазақ тілі | Мектеп: Қазақ мектеп-гимназиясы | ||||
Тақырыбы: | |||||
Күні: | Мұғалімнің есімі: Байтенова Г.Ж. | ||||
СЫНЫП: 7 | Қатысқандар саны: 12 | Қатыспағандар саны: | |||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | О7.2.4.1 — идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: | ||||
· Мәтін мазмұнын түсінеді, мазмұндай алады.
· Фразеологизмдердің түрлері туралы түсінік алады |
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: | |||||
· Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
· Фразеологизмдердің түрлерін таба алады. |
|||||
Кейбір оқушылар: | |||||
· Мәтінді талдай отыра, тұрақты тіркестердің түрлерін таба алады.
· Фразеологимздерді пайдаланып, сөйлемдер құрайды. |
|||||
Жетістік критерийлері | · Мәтін мазмұнын түсінеді;
· Ойын көркем тілде жеткізеді. · Өз көзқарастарын білдіре алады. |
||||
Алдыңғы оқу | Көш. Фразеологимздердің түрлері туралы түсінік. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Менің көңіл күйім». Сыныпты 2 топқа бөлу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Миға шабуыл: «Сұрақ-жауап» әдісі — Киіз үй дегеніміз не? — Киіз үйдің қандай түрлерін білесіңдер? |
Жүрекше
Сұрақ үлгілері |
|||
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма: Мәтінді және фразеологиялық омонимдер туралы түсінікті оқу.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру. Сұрақ үлгілері: — Үзінді не туралы? — Мәтіннің идеясы не? — Мағыналық бөліктерге бөлу, ат қою. — Сөздікпен жұмыс: күлдіреуіш, еріс, сағанақ, маңдайша, бақан. — Фразеологиялық омонимдер деген не? ҚБ: «Бас бармақ» 2-тапсырма: Берілген фразеологизмдердің мағыналарын айту. Оларды көп мағыналы және омонимдер деп ажытару. 1-топ: көзі ашылу, аузы берік, қарны ашты 2-топ: күні өтті, қас қақпады 3-тапсырма: Фразеологизмдік сөздікті пайдаланып, көп мағыналы фразеологимздерді табу. 6-тапсырма: Берілген мағыналарға ортақ фразеологизмдік нұсқаны табу. 1-топ: 1-ші қатарды алу 2-топ: 2-ші қатарды алу. ҚБ: «Шапалақ» |
Орындық
Сұрақ үлгілері
Фразеология лық сөздік |
|||
Сабақтың соңы
|
«3 сұрақ» әдісі:
1. Киіз үй дегеніміз не? 2. Киіз үйдің бөліктерін ата? 3. Фразеологиялық омонимдер дегеніміз не? |
Сұрақ үлгілері |
|||
Кері байланыс | «Себет» кері байланысы
ü Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәлімет алдыңыз ? ü Алған біліміңді себетке салыңыз. |
||||
Үй тапсырмасы | 43-бет, 7-тапсырма
|
||||