№12 сабақ  «Менің достарым»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                      Мерзімі:             .12. 2017 жыл.

Мұғалім:              Сынып: 1 «       »

Оқушылар саны:      Тақырып: №12 сабақ  «Менің достарым»

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Жақсы көру, достық,  татулық.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды жақсы көруге қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушыларды отбасын қадірлеуге дамыту.

Тәрбиелік : Татулыққа  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектр дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Құмырсқа» ертегі

— Кәрі құмырсқаның айтқанын қалай түсінесіңдер?

— Ара мен қоңызды нағыз достар деуге бола ма?

— Оларда досқа тән қандай қасиеттер болмады?

-Достарың көмек сұраса, өздерің не істер едіңдер?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                            Жақсымен жолдас болсаң,

                            Жетерсің мұратқа .

1. Жақсы жолдас деген не?

2.Жетерсің мұратқа  дегенді  қалай түсінесің?

3. Екеуі қалай байланысты?

Осы сұрақтар айналасында дәйек сөзді талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.

                     «Екі дос» бейне -фильм.

—          Адал достық дегенді қалай түсінесіңдер?

—          Аңыз әңгімедегі жауынгердің достығы адал достыққа жата ма?

—          Адамгершілік қасиеттер жақсылыққа айналды ма?

 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    57-беттегі тапсырманы орындау. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап,  қорытынды жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

                                      Дос болайық, бәріміз!       Сөзі : Х. Талғаров

                                                                      Әні : И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер ,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қ-сы

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

 
7. Үй тапсырмасы.

13-сабақ «Жай бір адам»  оқып келу.

Қорытынды:Достық сүйіспеншіліктен туындайды. Нағыз достар бір-бірін жақсы түсінеді, сыйласады. Біріне-бірі қолдау көрсетеді, жанашырлық танытады, көмек қолын созады. Дос болу дегеніміз – адамдардың бір-біріне шынайы тілектестігі, риясыз сүйіспеншілігі. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету – әрбір адамның парызы.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!