САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Қонысбаев Уалихан Буркитбайұлы

«Денешынықтыру» пәнінің оқытушысы

«Арқалық медицина колледжі» МКҚК

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

 

Спорт — дене мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Спорт материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойындық дене әрекеттері үшін жүйелі, арнайы бағытталған,  құрылып  және  пайдаланылатын  ағза  құрылысының түрлері қызметінің және психологиялық қарқынды дайындығының, оған жалғасатын барынша толық қабілеттерін спорттық жарыс жолдарымен алдын-ала анықтайтын, қозғалыс әрекеттерінде көрсететін дене мәдениетінің табиғи бөлігі болып саналады. Яғни, спорт мүддесіне қызмет ететін саланың бірі болып табылады. Ол өзінің қызмет аясында тәрбиелік, дайындық және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтің шешімін табады, Балалар спортында ол былай түсіндіріледі: спорт — оқушылардың мемлекеттік жоспар мен бағдарламаға сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде сабақтан, сыныптан және мектептен тыс уақытта барынша ерікті түрде жүзеге асырылатын жұмыс түрі. Спорт үзіліссіз, қарқынды дайындықсыз нәтиже бермейді.

Дене шынықтыру мұғалімінің алдына қойылған, дене шынықтыру мен спорттың мектеп оқушылары арасында білімдік, сауықтыру, қолданбалы міндеттерін оқып-үйретумен қоса, салауатгы өмір сүру салтын ұстануға шақыру міндеті немесе өз үстанымы кірсе дұрыс болады.

Дене шыныктыру мәдениеті адамзаттың қайсысының болмасын, жұмыс істеу қабілеттілігін әсерлі түрде тиімді, табысты жетілдіруге бағытталған. Осыған байланысты, оның дамуы бүкіл адамзаттың әлеуметтік тұрғыда жағдайы мен тұрмысының жақсаруына, еңбек ету мен тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлуді, оның орындалуына қажетті қайратты жұмсауын талап етеді.

Дене шынықтыру және спорт басқаруының ұйымдастыру құрылымы әлеуметтік құрылым ретінде маңызды ұйымдастыру саласы болып табылады. ¥йымдастыру құрылымы барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың дене тәрбиелік, спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарымен айналысады. Дене мәдениеті мен спорт мекемелері — мемлекеттік және қоғамдық ұйым, дене шынықтыру мен спорттағы әкімшіліктен тұратын арнайы мамандардан кұралған ұйым. Олар дене тәрбиесі, спорт, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын атқарады. Аталған мекемелер спорт және дене шынықтыру комитеттері, спорт мектептері, ерікті спорт қоғамдары, спорттық ғимараттар, спорттық клубтардан жиі т.б. тұрады. Қоғамдық дене шынықтыру ұйымдары ерікті спорт қоғамдарын, спорт түрлерінен федерацияларын, ұлтық Олимпиадалық комитеттерін құрайды. Ерікті спорт қоғамдары дене шынықтыру ұжымдарынан құралады. Әрбір ерікті спорттық қоғамдг оздеріне тиесілі салаларда дене шынықтыру мен спорт жүмыстарын жандандырып, карамағындағы жұмыс атқаратын кызметкерлердің, еңбекшілер мен жұмысшылардың денсаулығын барынша түзеуге ат салысады.Бұндай органдар қазақ жеріңде спорт деңгейін көтеруге және балалардың қызығушылығың оятады деп ойлаймын.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да  енгізілген.

Мен барлық студенттерді спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық-зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.