№33 сабақ  «Балалық  шақ  мейрамы»

                                    Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                       Мерзімі:                .05. 2018 жыл.

Мұғалім:                       Сынып: 1 «А,Ә,»

Оқушылар саны:     Тақырып: №33 сабақ  «Балалық  шақ  мейрамы»

Құндылық:Сүйіспеншілік.  Қасиеттер:Ізгілік, риясыз қызмет, түсіністік.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға өмірдің мәнін  түсіндіру арқылы  сүйіспеншілік   құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға бақытты өмір сүрудің мәнін түсіндіру  арқылы  ізгілік  туралы  түсінік  беру.

Дамытушылық: Оқушыларды  риясыз қызмет етуге үйрете отырып, бақыт туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды  ізгіліктің, сүйіспеншіліктің, бақыттың  мәнін  түсінуге  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, в идеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Асыл тас»

— «Үшкір, әрі өткір қырлары жок»  адамда  қандай  қасиеттер болады?

— Қалай ойлайсыңдар, адам мінезіндегі «үшкір, әрі өткір қырларынан»  құтылуына не көмектесті?

— «Үшкір, әрі өткір қырларды»  тегістеуге сыныптағы жағдайлар қалай көмектеседі?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

              Татулық – табылмас  бақыт.

                                                                              Нақыл  сөз

1. Татулық  дегенді қалай түсінесің?

2. Табылмас бақыт дегенді қалай түсінесің?

3. Қылдай қиянат деген не?

Осы сұрақтар айналасында мақалды талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.

                   « Алтын  саха» мультфильмін  көрсету.

Сүйіспеншіліктің  мәнін түсіндіру.
5. Шығармашылық  жұмыс, топтық  жұмыс.

    146-беттегі 1-ші тапсырманы орындап, жағзы демалыс туралы әңгіме құрастырып жазу, 2-ші тапсырма бойынша сахналап көрсету. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап, қорытынды  жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

             Жаз  мереке                      Сөзі: Б. Аманшин

                                                       Әні : А. Бейсеуов

Жаз мереке,

Жаз мереке —

Жарқырайды көкте  күн,

Аппақ  қандай,

Жақсы – ақ  қандай,

Туған менің мектебім.

Қ-сы

Оқушы өңшең балақан —

Өзіңнен өскен балапан.

Жазды қарсы ап,

Шырқап  ән сап,

Соғады көп – көп алақан.

 
7. Үй тапсырмасы. 

34-сабақ  151-беттегі тестке дайындалып  келу.

Қорытынды: Балалар, өзін-өзі тану сабақтарынан көп нәрсе білдіңдер. Бес құндылықпен танысып мәнін ашуға талпындыңдар. Адал, шыншыл, мейірімді, қамқоршыл, бауырмал, әдепті болуды үйрендіңдер. Отбасын, Отанды сүйесіңдер.Табиғатқа қамқор бола аласыңдар. Әрқашан тату – тәтті, бақытты болыңдар.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік  бар жерде, сүйіспеншілік  бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!