№31 сабақ  «Жер – ортақ үйіміз»

                                   Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                         Мерзімі:                .05. 2018 жыл.

Мұғалім:                 Сынып: 1 «А,Ә,»

Оқушылар саны:     Тақырып: №31 сабақ  «Жер – ортақ үйіміз»

Құндылық:Сүйіспеншілік.

Қасиеттер:Ынтымақтастық, сыйластық, түсіністік.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға Жер – ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік   құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға жердің ортақ үй екенін    түсіндіре отырып, ынтымақтастық қасиеті  туралы түсінік  беру.

Дамытушылық: Оқушыларды  Жер – ананы қадірлеуге, оның тұрғындарымен ынтымақтастыққа үйрету арқылы сыйластық қасиетін дамыту .

Тәрбиелік: Оқушылардың  Жер – анаға сүйіспеншілігін арттыру арқылы түсіністік, ынтымақтастық, сыйластық  қасиеттеріне  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, в идеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Жер – біздің ортақ үйіміз»

— Жер қалайша ортақ үйіміз болады?

— Жер – ананың риясыз қызметін неден байқауға болады ?

— Жер – анаға риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіруге болады?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

              Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…

                                                                              Абай  Құнанбаев

1. Адамзатты сүю дегенді қалай түсінесің?

2. Адамзатты неге бауырым деп сүю керек?

3. Қылдай қиянат деген не?

Осы сұрақтар айналасында мақалды талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы

         . « Қобыланды  батыр» мультфильмін  көрсету.

Сүйіспеншіліктің  мәнін түсіндіру.
5. Шығармашылық  жұмыс, топтық  жұмыс.

    140-беттегі 1,2-ші тапсырманы орындау. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап, қорытынды  жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

            Бар әлемнің баласы                 Сөзі: С. Жиенбаев

                                                                  Әні : А. Бейсеуов

Бірге біздің жырымыз,

Бірге серуен құрамыз.

Бірімізді – біріміз,

Күнде көріп тұрамыз.

Жолдарымыз жосылып,

Жатыр асқар тауды асып.

Орманымыз қосылып,

Жолдарымыз жалғасып.

Таңы да ортақ аспанның,

Жарығы ортақ жұлдыздың.

Тілегіміз бір біздің,

Жүрегіміз бір біздің.

 
7. Үй тапсырмасы.

32-сабақ  «Бір ананың баласымыз»  жаттап келу.

Қорытынды: Жер шарында өздерің сияқты балалар тұрады. Олардың тілі, діні, түрі  әртүрлі  болғанымен  жүректері  бізбен бір. Жер бетіндегі барлық  бала достықта, тату- тәтті  өмір сүруді қалайды. Бейбітшілік, тыныштық бар жерде балалар да бақытты болады.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік  бар жерде, сүйіспеншілік  бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!