№29 сабақ  «Әрдайым көмектес, ешқашан зиян   келтірме»    

                                        Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                        Мерзімі:                 04. 2018 жыл.

Мұғалім:                      Сынып: 1 «А,Ә,»

Оқушылар саны:     Тақырып: №29 сабақ  «Әрдайым көмектес, ешқашан зиян   келтірме»          Құндылық:Қиянат жасамау.

Қасиеттер:Зиян келтірмеу, қоршаған ортаны құрметтеу, жақсылық  жасау.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға көмектесу және зиян келтірмеу ұғымдары туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау   құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Ешқашан зиян келтірмеудің мәнін ұғындыра отырып, ақкөңілділік  қасиет  туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Қоршаған ортаны құрметтеу арқылы сыйластық қасиетіне баулып,  дамыту.

Тәрбиелік: Жақсылық жасау жолында  сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Аңыз»

— Жолаушы түйе мінген адамның жақсылығын неліктен түсінбеді?

— Түйе мінген адамның өзгелерді көп ойлауының себебі неде?

— Неге ол жолаушыға  ренжімей жай ғана өтініш айтты?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

              Ешкімге де, еш нәрсеге де қылдай қиянат жасама.

                                                                                  Б. Момышұлы

1. Қиянат деген не?

2. Ешкімге қиянат жасама  деген не?

3. Қылдай қиянат деген не?

Осы сұрақтар айналасында мақалды талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.

                   « Құйыршық» мультфильмін  көрсету.

Қиянат жасамау  мәнін түсіндіру.
5. Шығармашылық  жұмыс, топтық  жұмыс.

    129-беттегі 1,2-ші тапсырманы орындау. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап, қорытынды  жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

             Айгөлек!                          Сөзі: Н. Баймұхамедов

                                                       Әні : Б. Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында,

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап, ән  салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

Қ-сы

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа,

Ел бөбегі, кел бөбек.

 
7. Үй тапсырмасы.

30-сабақ  «Адалдық жолы»  оқып келу.

Қорытынды: Нағыз күшті адам ешнәрсеге, ешкімге  зиян келтірмейді, қиянат жасамайды. Айналаңа сүйіспен-шілікпен,  түсіністікпен қарасаң, ешнәрсеге, ешкімге зиян келтірмейсің. Ең бірінше өзіңе қиянат жасама.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау  бар жерде, қиянат жасамау  бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!