Түрлі түсті жіптер

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сурет салу»

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Апта тақырыбы: «Жабайы аңдар әлемі. Жануарлар қысқа қалай  дайындалады? Әр түрлі мезгілдегі тіршілік кезеңі»

Тақырыбы: «Түрлі түсті жіптер»

 

Мақсаты: Фломастерді немесе майлы қарындашты дұрыс пайдалана отырып ирек сызықтар сызуға үйрету. Саусақтарының бұлшық еттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Демонстрациялық материалдар.

Қажетті құралжабдықтар: 3 түсті фломастерлер,  3 түсті жіптер, әр балаға арналған жіптердің суреті салынған парақтар, дымқыл қол сүрткіштер.

Биллингвальды компонент: жіп — нитка, фломастер — фломастер.

 

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату — тәтті ойнаймыз.

Айналаға бар адамға

Тек мейірім сыйлаймыз.

 

  • Саламатсыздар ма, балалар?!

Ғажайып сәт.

Топқа есік қағып бір себет жіптер кіреді.

— Балалар, «Жіптер әлемі» сендерге түрлі түсті әдемі жіптерін қонаққа жіберіпті. Біреу бізге жіберіпті. Жіптерді таратып беру. Қолдарыңа ұстап көріңдер. Қандай жұмсақ түстер, қандай әдемі.

— Осы жіптердің суреттін салып беруімізді сұрайды.

 

Ұйымдаструшылық кезеңі

— Балалар мына қолдарындағы жіптен не сезіндіңдер? Жіптерді тарқатып қайтадан орауға болады. Осы жіптерден үстеріңдегі киімдерді тоқиды. Тұрмыстық заттарды да тоқуға болады.

— Біз бүгін сурет салатын құралдардың бір түрі — фломастермен танысып жұмыс жасаймыз.

Фломастердіңде түстері де әртүрлі болады.

— Қазір әдемі жіптердің суретін алдарында тұрған фломастерлердің немесе майлы қарындаштың көмегімен парақтың сол жағынан бастап оңға қарай қисық сызық сызу арқылы саламыз.

Үлгі суреттермен таныстыру.

— Балалар, енді бірнеше рет ауада сызықтар сызып, жаттығу жасап көрейік. 3-4 рет қайталау.

Сергіту сәті:

Қане, жіпті орайық,

Енді шешіп көрейік.

Қайта орап жіптерді,

Тағы шешіп көрейік.

Жеке жұмыс.

Көмек керек балаларға көмек беру.

Дайын суреттерді тақтаға ілу, балаларды мадақтау, қолдау көрсету.

«Жіптер әлемінен» келген жіптер балаларға алғысын айтып қоштасады.

Жарайсыңдар, балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!

 

 

 

Ақтау қаласы

№55 “Қыран» балабақшасы

І кіші топ тәрбиешісі

Сундетова Меруерт Нурбековна