Тоқсан жастағы тарлан. Мырзатай Жолдасбеков

 

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ  
Сабақтың тақырыбы Тоқсан жастағы тарлан. Мырзатай Жолдасбеков
Мақсаты Өнер адамдары туралы түсініктері кеңейеді. Сын тұрғысынан ойлау арқылы сөйлеу тілдері дамиды. Кенен Әзірбаев және оның өмірі туралы, әннің құдіреті туралы мағлұматтар алады. «Бозторғай» әнін тыңдау арқылы ән өнеріне деген қызығушылықтары дамиды.

 

Күтілетін нәтижелер Мәтінді  түсініп, мәнерлеп оқуға машықтанады.

Тапсырмалар орындау арқылы сын тұрғысынан ойлаулары дамиды.

Түртіп алу арқылы таныс емес сөздердің мағынасын сұрап біледі, түсінеді.

Тілек сөздерді тауып, жаттайды.

Кененді сипаттаған сөздерді табады, теңеудің мағынасын түсінеді.

 

Көрнекіліктер Кенен Әзірбаевтың портреті, өмірбаяны, шығармашылығы

 

Қолданылған модульдер Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ-ны пайдалану; Оқушыларды зерттеу тәсілі

 

Оқыту әдістері СТО, жеке жұмыс, топтық жұмыс

 

Ұйымдастыру

2 мин

 

Психологиялық ахуал орнату. Сабаққа дайындықтарын тексеру

Қазақша,орысша,ағылшынша

  Саз аспаптарының атауларымен «Домбыра», «Қобыз» , «Жетіген»болып 3 топқа бөлінеді.

 

Қызығушылықты ояту

3 мин

Үй жұмысын тексеру +,- әдісі бойынша

 

Жаңа сабаққа түсу

5 мин

Миға шабуыл

Сандарға қарап әріптерді орнына қойсақ,бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

«Тоқсан жастағы тарлан»

Автормен таныстыру

Мырзатай Жолдасбеков туралы қысқаша айтып шығу.Халқымыздың бетке ұстар асыл азаматтарының бірі, орда бұзар отыз жасында жемісті ғылыми-зерттеу еңбектерімен қазақ әдебиетінің тарихын бір мың екі жүз жылға тереңдетіп, ерлік жасаған, тоталитарлық жүйе күйремей тұрып-ақ Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сынды Алаш арыстарын, ардақты ақын-жазушыларымызды халқымызбен қайта қауыштыруға айтарлықтай үлес қосқан, тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында еліміз үшін шыбын жанын шүберекке түйген көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жанынан табылып, ұлтымыздың рухын оятуға, еліміздің еңсесін көтерісуге атсалысқан, Наурыздың ұлттық рухани сипат алып, қайта оралуына, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуына, елдік салт-санамыздың, әдет-ғұрпымыздың жаңғыруына зор үлес қосқан Мырзатай Жолдасбековтің есімі елімізге кеңінен белгілі.

 

Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру. Кенен Әзірбаев (22.06.1884 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылы – 12.04.1976 Жамбыл облысы Қордай ауданы, Кенен ауылы) – халық ақыны және композиторы, әнші. Кенен Әзірбаев қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген Кенен жасынан домбыраға қосылып өз жанынан өлең, ән шығара бастайды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасын құрып ел аралап, халқымыздан шыққан батыр ұл-қыздардың ерлігін жеңісін жырлады. К. Әзірбаев ең алдымен әнші ақын. 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды. Кенен атаның Талжібек, Зұлухия, Ұлтай, Төрткен, Көркемжан, Бақытжан, Ақтамақ, Ақбілек деген балалары бар. Бұлардан бұрын Базар, Назар, Сағатбек, Болысбек, Әбсәмет, Тұрар деген балалары дүниеге келгенмен, қайтыс болған. Ақынның қызы Төрткен әкесінің еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі. Төрткен әпкеміздің атын бала тұрмай қойғаннан кейін көне әдет-ғұрыппен есімін «Төрткемпірбіршал» деп қойыпты. Әпкеміздің сол аты біразға дейін сақталды. 4-ші сыныпқа барғанда ғана аты «Төрткен» деп өзгертіліпті. Атам Төрткемпірдің «Төртін» алып, өзінің Кенен деген атының «кенін» қосып Төрткен атапты.

Ақынның әлемге танымал шығармалары «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан», «Біз жеңеміз», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр», «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», тағы басқа әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналған.

 

«Бозторғай» әнін тыңдату.

— Әнді тыңдағаннан қандай әсер алдыңдар?

— Көз алдарыңа не елестеді?

— Неліктен деп ойлайсыңдар?

— Оқиға қай кезеңде болған?

— Бұл ән кімнің әні болуы мүмкін? Білесіңдер ме?

Қазақ елінің жарық жұлдыздарын атаңдаршы (Қобыланды батыр, Қабанбай батыр, Қаныш Сәтбаев, Жамбыл Жабаев, Шәкен Айманов, Шығанақ Берсиев, Атымтай Жомарт).

— Топтардың аталуы қандай тақырыпқа байланысты болып отыр?

— Сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

— Қазақ халқының арасында өнер адамдары көп болған. Өнердің түрлері де сан алуан. Соның ішінде домбыра тарту өнерін халыққa жеткізген атақты композиторларды халық қастарлеп, құрметтеген.

— Қандай композиторларды білесіңдер?

— Енді осы әнші композиторлардың бірінің әнін тыңдап көрелік.

 

 

Мағынаны тану

5 мин

 

 

Мәтінмен жұмыс

9 мин

Мырзатай Жолдасбеков «Тоқсан жастағы тарлан»

— Мәтінді мәнерлеп оқыту

1топ:Мәтінге кластер құру

2топ: К.Әзірбаевқа мінездеме беру

3топ:мәтінде түсіп қалған сөздерді орнына қою

 

— Сөздік жұмысын жүргізу, мағынасын түсіндіру

— Бөлімдерді әңгімелету.

— Сұрақ-жауап

·         Кішкентай Кененнің бойынан қиын-қыстау кезде қандай қасиеттер байқалды?

·         Кененнің өзі туралы «… қараңғы түнекте өмірге келдім» деген сөзін қалай түсінесіңдер? Оның дәлелін мәтіннен іздеп табыңдар.

·         Бала Кенен өміріндегі аянышты кезеңді әңгімелеп айтыңдар.

·         Ақынның ұстазы кім болған?

·         Ақын нені армандапты?

·         Сол арманына жетті ме екен?

 

Сергіту сәті

3 мин

«кунфу» әдісі
5 мин Слайд арқылы Кенен Әзірбаев туралы мәлімет көрсету. Қысқаша өмірбаянымен, әндерімен таныстыру.

— Мына суретте Кенен Әзірбаевті неге Алатау тауының негізінде көрсетіп тұр?

— Иә, Кенен Алатау тауының биік шыңына ұқсас. Ол өте биікте, халық оны жоғары ұстап, құрметтейді.

 

3 мин Шығармашылық тапсырама

1топ: Галереяға саяхат

2топ: Мәтіннен ақынның балаларға берген батасын мәнерлеп оқып, өзіңе айтқандай қабылдап, дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Білім таппай, білгіш болмаймын,

Көрінгенге күлгіш болмаймын.

Қорқақтаған қоян болмаймын,

Қуыс кеуде ноян болмаймын.

3топ:Музыкалық әуен шығару

 

Ойтолғау Қорытындылау

5 мин

Ұшақтарды лақтыра отыра,ұшақтағы сұрақтарға жауап беру

Топтарын жұмыстарын талқылау, талдау, ортаға салу.

 

Бағалау

2 мин

Балаларды бағалау
Рефлексия

2 мин

Бағдаршамға қысқышты қысып қою
Үйге тапсырма беру

1 мин

Мәтінді оқып,ой тоғау жазып келу