Түсінік хат

                           

Түсінік хат

 

Оқушының  шығармашылық  қабілеті мен сөйлеу  тілін, ой ұшқырлығын дамытуға мүмкіндік  беру. Оқу  құралының  тапсырмалары  оңайдан  біртіндеп  күрделенуге қарай, оқушының  өмірде білетіндеріне сүйеніп, ары  қарай  білуге  мүмкіндік  жасайтындай практикалық  жұмыстармен  қамтылған. Әріп  тізбектері бұл-фонетикалық  талдау. Әріп бейнесі  ауызша  оқып,  көруге ғана емес, жазу  арқылы  есіне  сақталмақ. Баланың өз бетімен жұмысы  кеңістікте  заттарды орналастыру, бастырып сызу,сызбаны өзінше аяқтау арқылы жазу, мөлшерлеу, іштей  санау, салыстыру,  дәлелдеу ,ойланып  жұмыс  жасау  арқылы  іске аспақ.  Әріптің  орнын  табу арқылы сауатты жазуға үйрену. Сөзді табу, буынды ажырату. Сурет  борйынша  әңгімелеу  арқылы  сөйлеуге  үйрену. Жатқа  айтуға  жұмбақты тез шешуге талпыну. Сұраққа жауап  беру, пікір алмасу, ойды  жалғастыру. Мектеп  жасындағы балалардың  тәрбие  тұжырымдамасында   «Үздіксіз тәрбиенің негізі – жас ұрпақтың санасына  ұлттық  ұлағатты  қасиеттерді  сіңіруге бағытталған ұлттық тәлім – тәрбие» делінген .Бастауыш  мектеп  оқушыларының оқу іс — әрекеті  мен оқудан тыс уақытындағы іс — әрекетінде  шығармашылық  қабілетін дамыту — өскелең буынға тәлім – тәрбие берудегі күрделі психологиялық  әрекет болып  табылады. Шығармашылық  қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып,оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың,іс — әрекеттің субьектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің,сабақкезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалықжәне шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.

Өйткені, қазіргі  кезеңдегі  қоғамның  жедел  дамуы  ғылым  мепн  техниканың дамуымен байланысты болса, ал  болашақта  ғылым  мен  техниканы, өндірісті  дамытатын бүгінгі мектеп  оқушылары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:     Оқушыларды сурет бойынша әңгіме

құрастыруға ой-өрісін, дүниетаны-

мын,қызығушылығын дамыту.Тіл

байлығын сөйлеу мәдениетін  қалып-

тастыру.Сурет бойынша әңгімелеу

арқылы сөйлеуге үйрету.

 

 

Міндеті:        1.Сюжетті сурет бойынша еркін әңгіме

құрастыруды үйрету,

 

2.Сурет арқылы оқушы өз ойын

жүйелі жеткізе алуын қалыптастыру.

 

  1. Ұлттық сөз саптау ерекшелігіне

баулу. Шығарманың көркемдік

мазмұнын сезіну және көркемдік

мазмұнын қабылдай білу, оқиғаның

баяндалу ерекшелігін түсіне білу.

Әңгіме,ертегілерді өз бетімен

құрастыра білу. Көркем шығарма

кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз

қылықтарын ажырата білу.Зерделеуге

қиялын ұштастырып, білімін шыңдай

түсуге бағыт беру.

 

 

 

 

      

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Тапсырмаларды шапшаңдылықпен,тапқыр лықпен,ізденімпаздықпен орындаған оқушылардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді. Өз беттерінше жұмыс жасау барысында шығармашылық деңгейі көтеріледі.Жан-жақты, ой-өрісі кең,жауапкершілігі жоғары , терең   білімді,  ұлттық  рухта тәрбиеленген, өз   ана тілін жақсы  меңгереді. Оқушылардың оқу дағдысының нығаюы.Тіл байлығының артуы. Жан-жақты, ой-өрісі кең, жауапкершілігі жоғары , терең білімді,  ұлттық  рухта тәрбиеленген, өз ана тілін

жақсы меңгерген, ана тілінің жанашыры, қоғамдық адами құндылықтарды  қатаң сақтайтын, елінің, тілінің дамуы үшін еңбек ететін, жаңашыл жеке тұлға.

 

 

 

Оқушылардың білім білік дағдыларына  қойылатын талаптар:

 

 

1.Оқушыларды сөз өнеріне баулу.

2.Сөйлеу мәдениетінің талаптарын меңгерту.

3.Оқушыларды еркін сөйлеуге,

сөздік қорын молайтуға жаттықтыру.

4.Жұмбақ,мақал-мәтел, жаңылтпаштар

жаттауға дағдыландыру.

5.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға дағдыландыру.

 

Осы талаптарды орындау барысында оқушының

іс-әрекеттерінің жоғары деңгейге

көтерілгендігі байқалады.

 

 

 

  

 

 

       

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

                  

 

                        Кездесетін қиындықтар:

 

1.Ата-аналардың бақылауының аздығы.

 

2.Кейбір оқушының өзінше ізденбеуі.

 

3.Оқушының себепсіз сабақтан көп қалуы.

 

4.Оқушының үй тапсырмасын орындауда ата-ананың көмегінің болмауы.

 

5.Отбасында келеңсіз жағдайлардың болуы.

 

 

Қиындықты шешу жолдары:

 

1.Сабақты жан-жақты дайындықпен өткізу.

2.Кітапханамен тығыз байланыста болу.

3.Ата-аналармен дұрыс қарым-қатынаста болу.

  1. Оқушымен жеке жұмыс жүргізу.

5.Топпен жұмыс.

6.Баланың қабілетіне қарай тапсырма беру

  1. Себепсіз сабақтан көп қалмау.

8.Сабаққа ұқыптылықпен дайындалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Суретті әліппе» таңдау пәніне арналған күнтізбелік тақырыптық жоспар.  

1-сынып.Барлығы:34 сағат. Аптасына:1-сағат.

р/с Сабақтың тақырыбы Сабақ түрі сағат

саны

мерзімі
  I-тоқсан      10-сағат Тіл және сөйлеу      
1. Оқу құралдары аралас 1  
2 Сөйлем.Әңгіме. әңгіме 1  
3 Аа,Әә әрпі.Алатаудың алмасы(М.Әлімбаев)

Әліппе.

ақпараттық   жұмыс

 

 

1  
4 Оо,Өө әрпі.Олжас өлең жаттады.Өрік. ойын әдістері

 

1  
5 Рр әрпі.Бал араның жыры өз ойын пікірлеу

 

1  
6 Лл әрпі.Лама. аралас 1  
7 Шш,Щщ әрпі. Әжемнің алшасы.Щетка сұрақ-жауап 1  
8 Сс әрпі.Бес саусақ. ойын әдістері 1  
9 Уу әрпі.Уық. аралас 1  
10 Ыы,Іі  әрпі.Шымшық.Тірлік пен бірлік. сұрақ-жауап 1  
  II-тоқсан   6 сағат  Сөйлем.Сөз.      
1 Дд әрпі.Делфин пікірлесу 1  
2 Тт,Пп әрпі.Тиін.Піл. аралас 1  
3 Мм,Нн,ң әрпі.Мысық.Нан«Мақта қыз бен мысық» ойын әдістері 1  
4 Гг,Ғғ әрпі.Ғарышкер.Гүл өсірем үйде. аралас 1  
5 Жж әрпі.Жау,Жау жаңбыр. сұрақ жауап 1  
6 Кк,Ққ әрпі.Көгершін.Қамшы. өз ойын пікірлеу 1  
  III-тоқсан    10 сағат  Дыбыс.Буын      
 1 Ее,Ээ әрпі. Ешкі. Электр. аралас 1  
 2 Бб,Вв әрпі.Балық.Автобуста. ақпараттық жұмыс 1  
 3 Ии,й  әрпі.Инелік.Қысқа й. аралас 1  
 4 Ұұ,Үү әрпі. Ұшақ.Үйрек. сұрақ-жауап 1  
 5 Һ,Хх әрпі. Айдаһар. ойын әдістері 1  
 6 Яя,Юю әрпі.  Ақ қоян. Ақ аю. түсіндіру 1  
7 Фф,Цц  әрпі.Телефон.Цирк. аралас 1  
 8 Чч  әрпі. Почташы. түсіндіру 1  
9 Мен қалай оқуға бардым.(А.Байтұрсынұлы) ойын әдістері 1  
10 Әліппе деген алтын жол.(Ө.Тұрманжанов) сұрақ-жауап 1  
  IV-тоқсан   8 сағат  Сөйлем.   1  
1 Жұмбақтар ойын 1  
2 Мақал мәтелдер аралас 1  
3 Жаңылтпаш аралас 1  
4 Менің Отаным Қазақстан сұрақ-жауап 1  
5 Аңдар мен үй жануарлары сұрақ-жауап 1  
6 Көкөністер мен жемістер түсіндіру 1  
7 Мақта қыз бен мысық   (ертегі) ойын әдістері 1  
8 Қорытынды.Тест қайталау 1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. «Тіл дамыту» (Ә.С.Әмірова,Қ.А.Анартаева)

Алматы кітап  ААҚ 2004 жыл.

  1. «Суретті дәптер» оқулық (Ф.Н Жұмабекова,

Л.Т.Сейілова)  Алматы кітап   ААҚ  2004.

  1. «Әліппе серігі» Б.Баймұратова.Р.Ізгүттынова
  2. Сыныпқа арналған «Әліппе серігі» (Ұ.Ботабаева,

М.Қ.Солтанғазина)

5.Мақал-мәтелдер жинағы

  1. «Жұмбақтар» (М.Әбуова,Р.Сатаева)
  2. «Көркем әдебиет» (Д.З.Жүсіпова, С.Ж.Андабекова)
  3. «Айгөлек» журналы 2009 жыл.
  4. «Балдырған» журналы 2008 жыл.

10  «Бала би» журналы 2007 жыл. 11.”Қуырмаш” журналы 2011 жыл.

12.Оразбаева Ф.Ш. Т.Т. Аяпова,

Н.Х. Шадиева Қазақ тілі 2007ж

13.Оразбаева Ф.Ш. Т.Т. Аяпова, Г.Т. Бейсенбекова Ана тілі 2007 ж

14.Әдебиеттік оқу

Әдістемелік  нұсқау. П.Қ. Жаманқұл А.Т.

Мадиева Н.Н. Орынбаева 2009ж

15.Тіл дамытудың ғажайып әлемі. Д.З. Жүсіпова.

Ф.Қ. Искакова. “Аруна ”баспасы

  1. Әдебиеттік оқу хрестаматиясы. «Алматы» баспасы

П.Қ. Жаманқұл.А.Т.     Мадиева.Н.Н.Орынбаева. 2009 жыл

17.Г.Ж. Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі.2007ж

18..Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар.1-4-сыныптар.2001-2001 ж.

19..Бастауыш мектеп журналдары. 1999-2003ж.

20.Д.З.Жүсіпова, С.Ж. Андабекова, Қ.А. Сатыбалдиева, К.Т. Байғабылова

Көркем әдебиет

21.Д.З. Жүсілова, Ф.Қ. Исхакова, Т.Ж. Омарғалиева, Б.Ж. Ноғайбекова

Тіл дамытудың ғажайып әлемі

22.С.Рахметова. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту.

Алматы 1978жыл