Ауыл-алтын бесігім

Ауыл-алтын бесігім

 

Мен ауылда туып өспесем де, ауылды қатты ұнатамын. Демалыс сайын әкем туған, ата-әжем тұратын ауылға жол тартамын. Таза ауада тыныстап қайтамын. Әжем ұсынған құнарлы тағамдарды жеп, бойыма күш қуат аламын. Әсіресе, қой баққан қатты ұнайды. Мүлгіген тыныштықта, кең жазық далада қой қайтарамын. Тауға мініп, табиғат көрінісін биіктіктен бақылап, керемет сезімге бөленемін. Қайтар жолда сарқырап ағып жатқан мөлдір бұлақ суын ішіп, мейірімді қандырғанға не жетсін, шіркін?!

 

Ауылдың әрбір тасының да өзіндік тарихы бар. Атам мені ауылдағы киелі жерлерді таныстырып, тарихын айтып береді. Ауылдың қыстағы ақ түтек бораны мен жаздағы ысқырық желі де ерекше ғой. Әр үйдің төбесіндегі мұржадан будақтап шығып жатқан түтіннің өзі ауылға жиі келіп тұр деп қол бұлғап тұрғандай.

 

Осылайша ауылдағы қызықты күндерді сөзбен жеткізу оңай емес. Уақыттың қалай өткенін байқамай қаласың. Демалыс аяқталып, қалаға жол жүріп бара жатқанда “Уа, туған жер төсіңді аш мен қайтара келемін” деп қимай  еріксіз қоштасасың. Шіркін, ауылға барғым келіп тұрғаны…

 

Жаншуақ Жоламан

№73 жалпы білім беретін а  мектептің 3 а сынып оқушысы