Жамбыл Жабаев

С А Б А Қ №19

 

Тақырып:  Жамбыл Жабаев.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін

                         тереңдеті,толықтыру.Өлеңдерінің мәнін ашып,меңгерту,жатқа айту.

Жамбылға арнаған атақты қылқалам шеберлерінің суреттерімен

таныстыру,әндерін үнтаспада тыңдау;

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуне ықпал ету,ойлау                                  шеберлігін,сөйлесу,жазу мәдениетін жетілдіру,білімге деген құштарлығын                                 арттыру;

3.Тәрбиелік: патриотизмге, Отанды сүюге,адамгершілікке баулу,поэзия,саз өнер,бейнелеу                         өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру;

Сабақтың типі:

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс,  көрнекілікпен   жұмыс, мәнерлеп оқу, аудару, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Жамбылдың суреті,кітаптар көрмесі, Ә.Қастеев «Жамбыл»суреті,

Черкасский «Жамбыл» суреті, атақты адамдардың Жамбыл  туралы  сөздері, домбыра, үнтаспа т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, ән-күй, қазақ тілі

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Үй тапсырмасын тексеру: І.Жансүгіров «Құлагер» атты поэмасын  мәнерлеп оқу.

  1. Ой туғызу – побуждение.

    Балалар,қазір сіздерге тақтада жазылып тұрған бірнеше  эпиттерді ұсынамын, ал сендер кім туралы екенін айтыңдар.

(тақтада алдын ала жазылып, қағазбен жабылып тұрған сөздер ашылып оқылады) – «өлең-  сөздің пірі», «поэзия алыбы», «Қазақтың Гомері», «жүз жасаған   бәйтерек».

— дұрыс, бұл сөздер ұлы Жамбыл ақын туралы. Бүгінгі сабағымыз Жамбыл атамызға арналады.

Сабақтың түрі – интеграциялық сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөздері:

Ұлы Абайдың құрдасы, көзі тірісінде Гомер аталған алып атамыз – Жамбыл.

«Ұлы жамбылдың дауысы 90 жасында шырқап,ақындық дарынның бұрғысына қарағанда еселеп шарықтап кетуі дүниежүзілік даналардың өміріне де кездескен емес» – дейді қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов.

Сабағымыздың мақсаты: Жамбыл  Жабаевтың өмірімен шығармашылығы туралы мағлұматтарды толықтыру,оқулықта берілген өлеңдерін оқып,аудару. Жамбылдың Ұлы Отан соғысындағы шығарған өлең-жырларын атап өту, тарих пәнімен байланыстырып,Жамбылдың бейнесін сипаттаған қазақ және өзге ұлт суретшілердің жұмыстарын көріп,оларды сипаттап, оларды сипаттап,бейнелеу өнері пәнімен байланыстыру.

 

II.Сабақ  тақырыбының  мағнасын  ашу – осмыление.

       Топпен жұмыс. Оқушылар алдын ала дайындап әкелген тапсырмаларымен өз ойларын ортаға салады.

 

1 топ – әдебиетшілер ( Жамбылтану) тобы  — бұл топ оқушылары Жамбыл  Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы  туралы жаңадан жинақтаған мәліметтермен таныстырады. 88– 47 бетте берілген ақынның өлеңдерін оқып,  мазмұны бойынша түснік береді

2 топ  — музыка өнерін  зерттеушілер тобы – бұл топ оқушылары Жамбылды тек қана ақын емес әнші,композитор,айтыскер ақын екенін көрсетуі  қажет.

3 топ  — тарихшылар тобы  Ұлы Отан соғысындағы орны ақынның шығармашылығының орны  туралы мәліметтер беру.

 

III. Оқушылардың  ой -пікірлері – рефлексия

 

1.Инсерт стратегиясы

2.Венн диаграммасы

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма: 88 – 89 бет. «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдерді  жаттап келу.