СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ

СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ

Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес,  ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Яғни, ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.

Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.

Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады. Сондықтан дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық. Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.

Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғымалар орнату арқылы, жерасты сулары да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Аустралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.

Алайда, табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.

Бүгінгі таңда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда.  Адамзаттың бүгінгі іс әрекеті  жерге, ауаға, суға орны толмас жарақаттар салуда. Осы тұста бабаларымыздың «Су тіршілік көзі» деп бекер айтапағанын ұмытпауымыз керек. Өйткені адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес.

Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді. Су  қорларының мөлшері азаймайды, себебі табиғатта барлығы баланс тепе-тендікте болады. Осы жобамен айналыса бастағанмен, су туралы көп мәліметтер іздеу барысында, көп нәрсе өзіме аштым. Кейбір мәлімет ғаламтор жиеліден алынғанмен, басқа мен сияқты оқушыларға жеткізгім келді.

Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.

Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.

Су қорларының ластануының бір түрі — жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.

Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар — өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға — тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.

Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.

Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м3/1 км²). Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Жалпы Қазақстан бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті 9 естеден көруге болады.

Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану, сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес.      Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, гепатит, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.

Судағы химиялық және улы заттардың мөлшерін Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады.  Олар — бериллий, молибден, селен иондары және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бұл заттардың әрқайсысының шекті концентрациясы да әртүрлі. Әдетте, миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері — 0,05 мг/л, селен — 0,001 мг/л. бериллий — 0,0002 мг/литр. Мемлекеттік санитарлық — эпидемиологиялық қызмет бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында, оның жүйеге түсер жерінде, бөліну жүйесінде судың сапасы үнемі бақылап отырады. Егер су құбыры жүйесі 10 мың адамға қызмет көрсетсе мемлекеттік стандарт  (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға — айына 100 рет, 100 мыңнан аса адамға — айыңа 200 үлгі алып бақылап отырады.

Су құбыры – бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарынбір орталықтан сумен қамтамасыз етеді.

Шымкент қаласы Аөбай Қарасу құбырынан жер асты суларын насос арқылы тартады. Ол құбыры жердің 60-70 метр астынан шығарады. Бұл құбырлар 1977 жылы салынған. Ол жақта 42 ұңғыма бар. 132000 м3 күніне тартады. Жер астынан тартқанда ауыз су бірнеше қабаттардан өтіп шығады. Ең төменде:

  • Балшық
  • Сумен қаныққан құм
  • Балшық
  • Құмтас
  • Құм
  • Суглинкалар
  • Топырақ

Осындай жер асты сулардан шыққан таза суды қаланың әр тұрғындардың үйіне үлкен насостардың және көптеген адамдардың еңбегімен жеткізіледі.

 

Су ресурстарын қорғаудың негізгі әдістері.

Суды тазарту әдістері: химиялық, биологиялық, физикалық, механикалық.

Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі — қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық, химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.

     Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу- тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады. Ақпа сулар — бұл өнеркәсіпте және тұрмыста пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады.

Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген органикалық және минералдық зиянды заттар болады. Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында, биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде залалсыздандыру және тазалау қажет.

     Химиялык (реагентті) тазалау — бейтараптаудан (нейтрализация) жәнетотығу тотыұсызданудан тұрады.Бейтараптау — сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға — хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады.

      Биохимиялық тазалау — аэробты және анаэробты биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау — өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді.

Суды залалсыздандыру — судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді . Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.

Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік ұзақтығына байланысты.

Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда қолдағы микроорганизмдердің жалпы саны мен ішек таяқшасы тобына жататын бактериялардың бар-жоғы анықталады.

Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық қорлары азаюы және сумен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін.

Осы оқыған әдістерді өз көзімен көргім келді. Осы судың тазалау әдістерін менің зерттеу жобам барысында, мен қаланың өндірістік суды тазарту бекетінде экскурсия өттім. Ол бекетте өз көзімен қаланың лстанған өндірістік судың тазарту сатыларын көріп шықтым. Ол суды тазартуға өз үлесімді қостым. Қаладан келген сулардың түсі, иісі өте лас және нашар күйде келеді. Кейін су қабылдау камерасына жеткізіледі, ол жақта үлкен қоқыстардан тазалайды. Келесі саты песколовка деген жерде майда қоқыстан тазалайды.Осынынң барлығы механикалық тазарту әдісіне жатады.      Отстойниктерде су тынып, қалған тұмба мен қоқыстар судың түбіне түскен соң, суды аэротэнк деген жерге айдайды. Ол жақта судағы микроорганизмдер арқылы суды тазартады. Ол биологиялық әдісі. Бұнда түрлі балдырлар мен ұсақ организмдер антибиотикалық заттар бөлу немесе қалдықтарды ыдырату қасиетіне ие. Аэротэнк деген жерде, су астыннан мембраналық дисктер арқылы суға ауаны жібереді. Ол тірі микроорганизмдердің сүруіне қажет. Активті тұмба микробтарды жеп суды тазартады. Шымкент қаласында химиялық тазарту әдісін қолданбайды. Осылай канализациядан келген сулар бірнеше тазарту сатыдан өтіп, лай судан таза суға айналады. Енді бұл суды егін, гүл суаруға қолданылады.

Бірақ қаншама жетілдірілген әдістер шыққанымен Суды залалсыздандыру — судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді . Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.

Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік ұзақтығына байланысты.

Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда қолдағы микроорганизмдердің жалпы саны мен ішек таяқшасы тобына жататын бактериялардың бар-жоғы анықталады.

Ластанған суды мүлтіксіз бұрыңғы қалпына келтіру мүмкін емес.

 

Судың тиімды пайдалану.

Қазақстан Республикасының жер бетіндегі су ресурстарының орташа жылдық деңгей мөлшері 100,9 млрд. текше метр болып бағаланады, оның 56,5 млрд. текше метрі Қазақстан аумағынан құралса, 44,4 млрд текше метрі – белгілі бір аумақтардан (ҚХР, Өзбекстан республикасы, Қырғызстан және Ресей федерациясы) түседі.

Қазақстанның су ресурстары бұрынғы Кеңестер Одағы су ресурстарының 2,1%-ын құрайды. Қазақстан сумен қамтамасыз етілуі бойынша бұрынғы одақ республикалары арасында ең соңғы орын алады. Сумен қамтамасыз етушіліктің 1 шаршы км-ге шаққандағы үлесі 36,4 мың текше метрге тең болса, бір адамға жылына 6,0 мың текше метрден келеді.

Тұрғын халықтың ауыз суға деген қажеттіліктері өзендер ағыны, сол сияқты жер асты сулары есебінен қанағаттандырыла­ды, барлық облыстарда дерлік ауыз судың маңызды қоры бар. Аумағы 2 мың шаршы км жерді алып жатқан, көлемі 98 текше километрден асатын (Балқаш көлі суының 1/5 көлеміндей) мұздақтар Қазақстан өзендерінің нәр алатын негізгі көздері болып саналады.

Қазақстандағы өзендердің саны 8 мыңнан асады, олардың әрқайсысының арнасының ұзындығы 10 км-ден асады.

Егін алқаптарын суғару, өнеркәсіп кәсіпорындар мен кому­налдық-тұрмыстық қажеттіліктерді сумен қамтамасыз ету үшін каналдар қазылған. Олардың ішіндегі аса маңыздылары – Ертіс – Қарағанды – Жезқазған (500км), Арыс – Түркістан (200км) және т.б. каналдар болып саналады.

Республикада әрбірінің көлемі 1 га-дан асатын 48 мың көл бар. Ең үлкендері Балқаш (ұзындығы–605км, ені–74 км), Алакөл (104/52 км), Теңіз, Марқакөл және т.б. Қазақстан көлдерінің жалпы су көлемі 190 текше километр, олардың ішінде 20 текше километрге жуығы тұщы сулар болып саналады. 4 мыңнан аса су қоймалары мен плотиналар салынған, олардың жалпы аумағы 10 мың шаршы км-ны құрайды, бұл су қоймалары мен плотина­лардағы су көлемі 90 текше километрге жуық. Олар негізінен өнеркәсіп орталықтарын сумен, әлектр қуатымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жер суландыру үшін пайдаланыла­ды.

Су ресурстарының тапшылығы Қазақстанның тұрақты да­муы­на кедергі келтіріп отырған негізгі экологиялық проблема­лар болып саналады.

Қазіргі кездегі суландыру деңгейінің төмендігі жағдайында, су ресурстары толықтай дерлік пайдаланылады, мұның өзі, біздің республикамыздың алдағы уақыттағы әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер ететін қолайсыз факторлар болып саналады. Суды тұтынушылардың басым көпшілік бөлігі суға тапшы аймақтарда орналасқан, суды пайдалану қажеттілігінің жыл ішіндегі кестесі республиканың таулы және жазық аумақтары үшін күрт өзгеше­леніп көрінеді. Суармалы егістік жерлер су ресурстары­ның негізгі тұтынушылары болып саналады, бұл жерлердегі суға деген қажеттілік негізінен жылдың жылы мезгілдеріне келеді, суландырғаннан кейінгі сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құйылады және топырақтың құрамындағы пестицидтермен, тұздармен қаныққан сулардың сапасы нашар күйінде әлденеше рет қайыра пайдаланылады. Бұл өзеннің төмен­гі сағаларындағы суды тұтынатын адамдардың денсау­лығына маңызды түрде кері әсерін тигізеді. Республикада су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау мә­се­лелері бүгінгі күні аса көкейкесті міндеттердің бірі болып са­на­лады.

Қазақстан аса ауқымды көп салалы халық шаруашы­лы­ғы кешеніне ие бола отырып, су ресурстарымен жеткіліксіз және біркелкі емес қамтамасыз етушілікті сезінуде. Аталмыш пробле­ма­ны шешуде су пайдалануды тиімді реттеудің маңызы зор болып саналады.

Суды тиімді пайдалану, су ресурстарын ластанудан, қоқысқа толып кетуден қорғау, сондай-ақ топыраққа тигізетін зиянды әсерінен сақтандыру мақсатында су қатынастарын реттеу оның негізгі міндеттері болып саналады.

Су мемлекеттік меншік болып саналады және тек пайдалану­ға ғана беріледі.

Су пайдаланудың мынадай түрлері белгіленген:

  • ауыз су; ауыл шаруашылығындық;
  • тұрмыстық; өнеркәсіптік;
  • емдік; энергетикалық;
  • курорттық; көліктік;
  • балық шаруашылығындық және т.б.

Суды пайдаланушы су ресурстарын тиімді және үнемді пай­далануға, су сапасын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауға, өнеркәсіптік мақсаттарға жұмсалатын су көлемін азайту үшін ық­пал етуге және олардың ластанушылығын болдырмауға мін­де­тті.

Су объектілері халықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін ластанулардан, қоқыстарға толудан, балық қорын азайтуға әке­ле­тін жайлардан, сумен қамтамасыз етудің нашарлауынан, өзін-өзі тазалайтын судың табиғи қабылетін жоғалтуынан, сулардың гидрогиялық режимінің бұзылуынан қорғалған болуы тиіс.

Су ресурстарын қорғау туралы заңда суды жоспардан тыс ысырап жасағаны, ластағаны, қалай болса солай пайдаланғаны, су қашыртқыларындағы суды қорғау тәртібін бұзғаны, өз беті­мен гидротехникалық жұмыстар жүргізгені, су шаруашы­лығы объектілерін бүлдіргені, пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктер белгіленген. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып қалуын судың ластануы деп атайды.

Коммуналдық және өнеркәсіптегі сумен қамтамасыз етудегі табиғи сулар сапасының нашарлауы сутартқыны ауыстырумен немесе су тазалауға арналған неғұрлым күрделі жүйелер мен қондырғылардың құрылысымен я болмаса өзге де көздерден сумен қамтамасыз ету жүйесін салумен байланысты қосымша шығындар жұмсауға әкеледі.

Өнеркәсіпте, алдын ала тазалаусыз ластанған су қоймалары­нан суды пайдаланған кезде өнімдердің сапасы төмендейді, ма­те­риалдың беріктігі мен төзімділігі нашарлайды, өнімдердің өңі өзгереді, жабдықтардағы қалыпты жылу алмасу бұзылады, тех­нологиялық жабдықтардың қуаты кемиді, металдың тотығуы көбейеді және т.б.

Ауыл шаруашылығындағы су көздерінің ластануы қажетті сапада су алу үшін әртүрлі шараларды жүзеге асыруға жұмсала­тын шығындардың көбеюіне әкеледі.

Балық шаруашылығында – су көздерінің ластануынан балық­тар жойылады, оның тамақ өнімі ретіндегі тауарлық сапасы тө­мен­дейді, су қоймаларының өнімділігі кемиді.

Су көздерінің ластануы су астындағы су тартқы құрылғы­лар­дың, өзен порттарының, суэлектрстанцияларының, плотиналар­дың және т.б. қызмет мерзімін қысқартады.

Ал ауыз су тазалығы — денсаулық кепілі.

Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Сусыз қалған қала мен дала! Сұмдық, мұндай жағдайға жете көрмейік! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін.

Біздің Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Сонымен қатар географиялық орналасуына сәйкес жалпы су қорының 44 пайызы көршілес мемлекеттерден ( Ресей, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республкасы) келеді.

Мәселен,  біздің Оңтүстік Қазақстанды суармалы сумен қамтамасыз ететін еі үлкен өзен Сырдария бізге жетенге дейін үш мемлекет  (Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) жерін басып өтеді. Бұл мемлекеттер арасында осы өзеннің суын пайдалануға әрбір мемлекеттің өз үлесі белгіленген. Алайда өзеннің соңғы сағасында орналасқан Қазақстан үшін өзіне тиісті су үлесін алуда әр жыл сайын көптеген кедергілер кездеседі. Осыған орай көршілес мемлекеттермен арнайы кездесулер өткізіліп, келіссөздер жүргізіледі.

«Судың да сұрауы бар» дегендей, су сарқылмасын, тоқтамасын, азаймасын десек, суды тиімді, кеңінен және шаруашылықта қолдану үшін ірі гидротехникалық құралдар мен су есептегіштерін орнатуымыз керек. Ал, қарапайым халықтың ұстанары біреу-ақ болуы тиіс. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде «су үйге келіп тұр» деген түсінікпен мөлшерден тыс пайдаланбау керек.

Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, суды үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсатында іс-шараларды мектеп қабырғасынан бастап қолға алу керек деп есептеймін. Суды тазарту үшін өте көп адам үлесін қосады. Қазіргі заманда кейбір мемлекеттерде су қорлары өте төмен, кейбір жерлерде мүлдем таза су да жоқ. 1,4 млрд. астам адамдарға  бүкіл әлемде таза суға қол жоқ. Сумен жабдықтау және сұраныс арасындағы алшақтық үнемі өсіп келеді, 2030 жылға қарай 40% -ға жетеді деп күтілуде. 2025 жылға қарай, әлем халқының үштен бірі су жетпеу жағдайына ұшырайды. 2050 жылға қарай, әлем халқының 70% -дан астамы қалаларда өмір сүреді. Сол өзгерістерге орай судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Адам дамуы әлемдік халықтың арттыру және экономиканың ресурстар жағында сұраныс өсіп жүреді. Жердің кейбір аймақтарда өте өткір бар жоқтығы, оның тұщы су болып табылады. Сол үшін суды тиімді пайдалануға тырысу қажет.          Қорыта айтқанда,   Ол үшін балаларға су туралы арнайы баяндамалар жасап, келесі іс-шараларды жүзеге асыруға  тәрбиелеу керек және мемлекетіміз суды тиімді пайдалануға салалар жүргізу керек:

Суды ысырапсыз үнемдеп пайдалануға ;

Су көздерін ластауға жол бермеуге;

Су шығынын азайту мақсатында (көшеде болсын, су құбырларынан босқа аққан су болса т.б.) бақылағыштық дағдыларын жетілдіру;

Тіс жуғанда суды ағыздырмай жауып туру керек;

Көкөністерді жуғанда ыдысқа су толтырып жуғанда көп су ағыздырмауға болады;

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен суды үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру;

  • Ирригациялық инфрақұрылымды жаңарту және кеңейту қажет;
  • Қол жетімді суды үнемдеу шешімдері туралы халыққа ақпарат беру;
  • Мемлекеттік мекемелерде және коммуналдық секторда суды үнемдеу технологияларын енгізу;
  • Қоқысты бөліп тастауға және оны суға тастамауға үйрету;
  • Ірі қалалардан бастап сумен қамту және су тарту желілерін дамыту.

 

Қортынды сөз

 

Дүние жүзінде өшпейтін мұра қалдырған Қорқыт ата судың  қасиеті туралы мынандай өсиет қалдырған екен «Қар қанша жауғанмен  жазға бармас, гүлденіп өсетін бәйшешек күзге бармас. Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы, адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы» деп. Қорқыт атаның болжамы бойынша сулар тарам-тарам болып Дария құраған жағдайда ғана теңіз толтыра алады. Сондықтан «Тамшымен теңіз толады» деген нақыл сөз Қорқыт заманынан өзінің мазмұнын сақтап келеді.

Судың ен негізгі қасиетінің бірі өзендердің, теңіздердің, мұхиттардың температурасын тұрақты түрде ұстап тұруында. Сондықтан су тіршіліктің пайда болған ортасы болып қастерленеді.

Осыған орай, су және ондағы тіршілік туралы айтылған аяттар мен мақал мәтелдердің көп болуы тегін емес. Оның барлығы табиғатты аялау, суды үнемдеу және оны таза сақтау, қоршаған ортаны қорғау туралы қоғамдық пікір қалыптастыруда алатын орны ерекше.

Сондықтан да Қорқыт ата бата бергенде былай аяқтайды екен « Мәңгі гүлденіп аққан сұлу өзендерің шөлге айналмасын. Теңізіңнің суы сарқылмасын. Қаратауың күйремесін. Көлеңкесі биік дайрағың көктеп, көгере берсін. Осы дұғам қабыл болсын» деп.

Көшпелі қазақ үшін су өмірменде, өліммен де бірдей болған. «Су бар жерде өмір бар» деп бекер айтпаған.

Жер мен суды қатар қадірлеген өзбек халқы «Жер қазына, су алтын» деп бағалаған. Ал төбесінен су төніп тұрған қырғыздар «Ағын су арам болмайды. Суды көп кешсе шалшық болады» деп текке айтпаған болар.

Сондықтан табиғатқа табыну және суды қастерлеу туралы бірер сөздік Қорқыт дәуірінен бастау алған деп атауға болады.

Арал теңізі, Сырдария мен Әмударияның суларының молдылығын, өзендердің арналарының кеңдігін көрген Асанқайғы ата былай деп жырлаған екен:

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады

Су түбінде жатқан тас

Жел толқыса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

Кейінен Аралдың толқуы мен тартылуын, шөл даланың қасіреті мен жұтын  көргенде Асан Қайғы былай деген екен:

Құйрығы жоқ жалы жоқ

Құлан қайтіп күн көрер

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтіп күн көрер

Шыбын шақса жаз болып

Қаздар қайтіп күн көрер

Жалаң аяқ балапан

Қаздар қайтіп күн көрер.

Ол қазақ даласының кеңдігін, табиғаттың молдығын жырлаған. Тек судың тапшылығын айтып ылғи мұнайған, бір тамшы суға зәру болатын заман алда деп мұнайған екен.

Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне «Дүниеде не өлмейді» дегенде, алпысы бір ауыздан;

«Ағын су өлмейді

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді» деген екен.

Сөз соңында айтарым, Шымкенттен Астанаға атаммен жеңіл көлікпен  бірнеше рет барғанда менің байқағаным  Қазақстанның жері өте кең байтақ екенін көрдім.  Атам «Бұл жер біздің байлығымыз. Жер астында қандай шикізат қорларының жатқанын әлі біле бермейміз»  деді.

Алайда суы жоқ жерлерден жүріп өткенде не ұшқан құс, не жан-жануар көрінбейді. Ұшқан құстарды көре бастаған сәттен бастап суы бар жерлерге орналасқан елді мекенді, жайылып жүрген үй жануарларын кездестіресің. Балқаш көліне жақындаған сәтте аспанда қалықтап ұшқан ақ шағалаларды көрдім. Сонда «Су өмір тіршілігі» деген сөздің бекер айтылмағаны есіме түсті.