Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру гигиенасы.

Бекітемін _____________________

Сабақ жоспары

Пәні:Биология

Сыныбы: 8

Күні: 14.11.2017ж.

Сабақтың тақырыбы:Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру гигиенасы.

Мақсаты:Көру мүшесінің құрылысы және қызметімен танысып, гигиенасын үйрену.

Күтілетін нәтижелер:Көру мүшесі адам үшін көздің маңызын түсінеді.

Көру анализаторының құрылысын біліп, қабаттарын бірі-бірінен ажыратады.

Көру мүшесінің қызметінің бұзылу себептерін болжайды

Көрнекіліктер:  АКТ,слайд,  үлестірмелі материалдар, бейнеролик,көру жітілігін анықтауға арналған кесте.

Ғылымдармен байланыс: тарих, медицина, гигиена.

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: топтық, жұптық, жеке жұмыстар.

Сұрақ-жауап, тест, түсіндірме, зерттеушілік.

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы

Ұйымдастыру.(2мин)

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Сыныптың, оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
  3. Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасы(5мин)

  • 18.Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік.

Тест жұмысы

І нұсқа

1.«Анализатор» түсінігін алғаш ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы кім ұсынды?

А) И.П. Павлов   В) Н. И. Пирогов    С) И. М. Сеченов   Д) И. И. МечниковЕ)А.Везалий

  1. Сыртқы рецепторға жатады:

А) ағзаның ішінде      В) жүректе        С) ішек-қарында      Д) қантамырларда Е)терінің үстіңгі қабатында

3.Сезім мүшелерінің екінші атауы:

А)тыныс алу    В)қорғаныш    С)тітіркену     Д)сенсорлық жүйе    Е)рефлекс

  1. Анализатор неше бөліктен тұрады?

А)1    В)2      С) 3         Д) 4          Е)5

  1. Анализатордың қозуды талдайтын орталық бөлігі қайда орналасқан?

А)жұлында    В)сопақша мида    С)ми қыртысында  Д) мишықта Е)алдыңғы мида

 

 

 

ІІ нұсқа

  1. Анализатордың тітіркенуді қабылдайтын бөлігі:

А) рецептор     В) өткізгіш     С) шеткі   Д)орталық    Е)сенсорлық

  1. Рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін бөлігі

А) шеткі       В)орталық     С)рецептор      Д)сенсорлық     Е) өткізгіш

3.Ішкі рецептордың орналасуы:

А)  терінің үстіңгі қабатында   В) сыртқы орта   С) құлақ қалқаны Д) жүректе   Е) мұрында

  1. «Сенсор» латын тілінде қандай мағына береді?

А) көру    В)есту      С)сезу,түйсіну     Д)мағынасы жоқ   Е)жүйке

5.Рецептор нешеге бөлінеді?

А) 1       В)2         С)3         Д)4         Е)5

Жауаптары: 1-нұсқа: 1-а, 2-е, 3-д, 4-с, 5-с.  2-нұсқа: 1-а, 2-е, 3-д, 4-с, 5-с.

Жаңа сабақ

Кіріспе бөлім(3мин)

1-топ:Ақ қабық, көз алмасы, қасаң қабық, торлы қабық, кірпік, нұрлы қабық, көз бұршағы, қарашық, тамырлы қабық, қабақ.

2-топ: Көз қарығуы, коньюнктивит, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік, окулист, офтальмолог,қырақтылық, сығырлық, су қараңғы, дальтонизм.

3-топ: жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; жарықты сол жақтан түсіру. Теледидарды ұзақ қарамау, А витаминін ішу, Темекі тартпау ,ішімдік ішпеу,кітапты көлікте оқымау, кітапты жатып оқымау,кітапты 30-35 см қашықтықта ұстау, көзді бұтақ тиюден сақтау.

 

Жаңа сабақтағы кіріспе бөлімнің нәтижесі бойынша оқушыларды топтастыру, топқа ат беру.(ғалымдар, дәрігерлер, гигена).

 

Негізгі бөлім

  1. Өткен сабақпен байланыс(сезім мүшелерінің бірі-көз)
  2. Пәнаралық байланыс.(медицина, тарих, математика)

3.Өмірмен байланыс(әлемде 45 миллионнан астам адамның көзі мүлде көрмейді, Қазақстанда жыл сайын 2000-ға жуық адам көру қабілетінен айрылады).

1-топ: Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%-дан көп ақпарат алады. Көру арқылы  жазуға, оқуға үйренеді. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме, балет, кинодағы әдемілікті көре білу тәрбиелі адамды ерекше көрсетеді.

Көздің кұрылысы. Көз косымша мүшелерді: қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері, жас өзекшесі, көзді қимылдататын бұлшық еттер, көз шарасын қорғайды. Адам көз алмасын жас сұйықтығымен ылғалдау үшін қабағын ашып- жабады.  Сөйтіп, оны жылытады Көз жасы безі жас сұйықтығын. шығарады. Жас сұйықтығының артық мөлшері жас өзегі арқылы мұрын қуысына ағады Көз алмасының пішіні шар тәрізді, 2/3 белігі бас сүйектегі көз шарасымен коршалады да, көз алмасының солға, оңға, жоғары жөне төмен қозғалысын камтамасыз ететін көз алмасын кимылдататын бұлшық ет арқылы көз шарасына бекінеді . Көз алмасы ақ қабық (склера), тамырлы және тор қабықтан тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы белігі мөлдір қасаң қабыққа жалғасады. Ол көзді сыртынан қоршайды, оған көздің бұлшық еттері бекінеді. қабық жарықты өткізеді, Тамырлы қабықта кан тамырлары бар.  Қан тамырлары ақ қабық жағынан қара пигментпен жабылған. Сондықтан көз алмасының ішіне түскен жарықты өткізбейді.Тамырлы қабық көздің барлык қоректік заттармен және оттекен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабыктың алдыңғы жағы орталығында қарашық борналасқан нұрлы (түсті) қабыққа жалғасады. Көздін түсі нұрлы қабық түсіне байланысты. Қарашық жарқыраған жарықтан тарылып, көз ішіне жарық ағынын шектейді, ал қараңғыда ұлғайып, шашыраған жарықты ұстайды. Бұл бейімделу (адаптация) деп аталады. қарашықтын арткы бөлігінде екі жағы дөнес_линза тәрізді көзбұршақ (хрусталик) орналасады. Көзбұршак кірпік бұлшық етіне бекінеді және оның жиырылуына байланысты пішінін өзгертіп отырады (кисықтығын өзгертеді). Егер алысқа қарасақ, оның қисыктығы азаяды да, алыстағы заттарды жақсы көреміз, ал жақын орналаскан заттар айкын болмайды. Жакын орналаскан заттарды көргенде керісінше болады. Көзбұршақ өз қисықтығын ұлғайтады. Көзбұршақтың мүндай өзгерісі аккомодация деп аталады. Көз алмасының артқы қабырғасында көздің тор қабығы (сетчатка) орналасады Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар (жарык пен түсті қабылдайтын рецепторлар) ж\е таяқшалар (қас қарайғандағы жарық рецепторлары) орналаскан. Көздің тор қабығында қарашыққа қарсы жиналған құтышалар сары дақ деп аталады. Ал көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ дейді., жарық тітіркендіргіштерін қабылдамайды.  Көздің ішкі бөліғі көздің пішінін сақтайтын мөлдір іркілдек затпен — шыны тәрізді денемен толтырылған

Қорытынды:Көз алмасы  бұлшық етпен көз шарасына бекінеді . Ақ қабық жарық өткізеді

Тамырлы қабық  оттекпен қамтиды. Қарашық жарық ағынын реттейді. Нұрлы қабық  көзге түс береді. Көзбұршақ жарықты сындырады.Тор қабығы жарық пен түсті қабылдайды.Шыны тәрізді дене көз пішінін сақтайды.

 

 

 

 

2-топ: Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қраңыз [1]). Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.

10 жас пен 65 жас аралығындағы мыңдаған адамға жүргізілген әлеуметтік тексеруден кейін адамдардың орташа есеппен аптасына компьютер, смартфон, телеэкран қарау уақыты 49 сағатқа жетіп, 80% адамдарда көз ісу, көз ауру, көзден жас ағу, көздің бұлыңғырлануы сияқты белгілер пайда болған. Сонымен бірге көз құрғау ауруына шалдығу салыстырмасы да үздіксіз жоғарылаған. Ендеше, осызаман адамдарының көру қуатының әлсіреуіне не себеп? Көзді ұзақ уақыт жақын аралықта ұстау Балалардағы алысты көре алмау ауруы болсын, әлде көздің шаршауы, көз құрғау ауруына шалдыққан орта жастағылар болсын, олардағы ортақ ерекшелік – көзді қалыптан тыс істету немесе уақытында демалдырмау. Көз ұзақ уақыт қызмет істегенде, шаршап, көздің бұлыңғырлануы, қышуы сияқты ауру белгілері пайда болады. Кітап оқығанда немесе ғаламтор шолып, телевизор экранына ұзақ уақыт қарап отырғанда, дұрыс отырмау, ұзақ уақыт көзілдірік тағу, жолда немесе көлікте отырғанда смартфон не кітап қарау сияқтылар бұл түрдегі ауруды онан әрмен асқындырады. Тазалыққа көңіл бөлмеу Көз жайсызданғанда адамдар көзді уқалағанды әдетке айналдырған. Қолдың таза болмауы, ондағы бактериялардың көп болуы себепті бұлай істеуге әсте болмайды. Зерттеу нәтижесі бойынша, адам қолында 100 мыңдаған бактерия өмір сүреді. Олар түрлі көз ауруларына, әсіресе қызыл көз ауруы мен басыр ауруына соқтыратын басты себептердің бірі. Көз дәрілерін беталды пайдалану Ұзынды күн жұмыс істегеннен кейін көздің ісінуі мен қабынуын, көздің қызаруы, қышуы сияқты жайсыздықтар пайда болатындықтан, көптеген адамдар осы кезде көз дәрілерін пайдаланып, ауруды басқысы келеді. Бұлай істеу керісінше адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Көз дәрілерінің құрамында шірітуге қарсы зат болатындықтан, осы тектес дәрілерді ұзақ уақыт істеткенде көз тор қабығын зақымдайды және ауыр трагедияларды тудыруы мүмкін.

 

3-топ: Көз ауруларын болдырмас үшін алдымен оның тазалығына мән беру керек. Жұмыс жасағанда жарық бөлмеде отырып, арқа мен басты түзу ұстаған дұрыс. Теледидарды қараңғыда қарауға болмайды. Ол көзге зиян. Көз аурулары тұқым қуалауы немесе сыртқы ортаның жағымсыз әсері нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін. Көз ауруларының түрі көп. Олар катаракта,конъюнктивит, глаукома. Сондықтан да көз ауруларын болдырмас үшін жақсы күтім керек.

Көз күтімі жайлы кеңестер.

  1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек. Көздің көруін бір қалыпта ұстау үшін, ең бастысы, еңбек, тұрмыс гигиенасын сақтаған жөн. Яғни көзге шамадан тыс салмақ түсірмеу керек.
  2. Дәрумені мол тағамдарды көбірек жеу керек. Сондай-ақ, қыздарымыз көздеріне сапалы бояулар жағуы керек және жасанды кірпік, қас жасату да көзге зиян. Ол үшін арнайы мамандардың кеңесіне жүгініп жасау керек.

3.Көздің көруі нашарлағанда дәрігер кеңес берсе, дереу көзілдірік киген дұрыс. Көзілдірікті дер кезінде кию, оны дұрыс таңдап алу көздің бірқалыпты көруіне жәрдемдеседі. Үнемі көзілдірік киіп жүретін адамдар оны пайдаланбаса басы ауырады, көзі суырып, мазасы кетеді. Көз шаршаса адамның жұмыс қабілеті де төмендейді.

Көру мүшесі – біздің көзіміз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүргеніңіз жөн. 1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу керек. 2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек. 3. Үстелге қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру. 4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау. 5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру. 6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу. 7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру. 8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу. 9. Кітапты көлікте, жатып оқымау. 10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау. 11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.

 

Зерттеу бөлімі

Зертханалық жұмыс №5.

Тақырыбы: Көрудің жітілігін анықтау .Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты табу.

Мақсаты : Көрудің жітілігін анықтау.

Қажетті құрал -жабдықтар: Көрудің жітілігін анықтайтын кесте.

Орындалатын тапсырмалар:

  1. Суреттен көздің құрылысын қара.
  2. 2.Кестені толтыр:
  3. 3.Соқыр дақты анықтауға тәжірибе жасаңдар.Сол көздеріңді алақанмен жауып, суретті көздеріннен 15 см арақашықтыққа қойыңдар. Оң көзбен айқышқа қарап, кітапты жайлап өздеріңе жақындатындар. Содан кейін үш шеңбердің біреуі көрінбей қалғанша алыстатыңдар. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады.
  4. 4.Көрудің жітілігін анықтайтын кестені ыңғайлы жерге іліңіз. Одан 5метр арақашықтықты өлшеңіз. Көздің көру жітілігін анықтау үшін бірініші оң көзінізді жауып, сосын сол көзіңізді жауып, қандай нәрселерді көргеніңізді. Қалай көргеніңізді дәптерге жазыңыз.

 

 

 

Қорытынды:

1 . Көздің атқаратын қызметі
2 . Көзді қалай күту керек.

3 .Көзді шынықтыру үшін не істеу керек?
4. Оқушының көзіне зиян келтіретін әрекеттерді ата.

Бағалау. Топтық, жеке оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма

1.Логикалық тапырма:Неге ақ қарға қарау зиян?

2.Үйден мәтінді оқу және көз туралы мақал-мәтелдер жинау,жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

278 орта мектеп

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Пәні:

Тақырыбы:

Сынып:

Пән мұғалімі:

Уақыты:

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2017-2018 оқу жылы