Сыныбым мақтанышым

 

 

Сыныбым мақтанышым

 

 

Жетекші боп бір сыныпқа келемін,

Барлығына сендер үшін көнемін

Жетектеген осы орта буының

Анасы да әкесі де мен едім.

 

Алтыншыға биыл міне көштіңдер,

Есеюде күннен күнге өскіндер

Он алтыңда бір мен үшін қымбатсың

Сендер жайлы толғанысты естіңдер!

 

Ұлдан он бір,қыздан міне бесеуің,

Сендерменен жарқын сәтті кешемін.

Сендер жайлы жақсы естісем өсемін

Жаман болса қайтып қалар меселім.

 

Жақсылықты көрсем деймін жалпыңнан,

Таймашы деп айтар едім қалпыңнан

Соңғы кезде белсенді боп Бекзатым

Балапандай биіктерге талпынған

 

Қозғаласың расымен қинала,

Дәл өзіңе мен айтатын сый дара

Үздіктердің біреуі боп келесің,

Жақсы оқушым менің рас Диляра!

 

Бір өзіңді мына халық мақтаған,

Әуезовтай болсаң болды ақтабан

Оқуда да, тәрбие де алдысың

Мұхтарым бар тобын жақсы бастаған

 

Түсінемін тұйықтығын жаныңның,

Тәртібіңмен ортамызда танылдың

Бес гүлдің біреуі сен Малика,

Мінезіңмен қасымыздан табылдың

 

Спорт десе барлығын да қоясың,

Бәрің дағы доп қуғанда дарасың

Тәрбиеңмен мінезің сай Алинур

Мақтан тұтар сыныптағы баласың

 

 

 

 

Адам болып шығатұғын түбінде,

Ескі досты сағынуда бүгінде.

Қалыбыңа тартсаң жаман болмайсың

Жақсылықты мен тілеймін Гүлімге

 

Ілінетін алдыменен назарға,

Ашық ойлы кім жетеді Ажарға

Кейді ашулы, кейде күндей ашылған

Ұялаған озық едің жанарға

 

Өзіне сай бап пен бағы мәнер де,

Жақсы адам шығады ау сенен де

Асықпайсың, сасапайсың ау қашан да

Ұқсаңдаршы, сабыр сақтап Әлемге

 

Мына оқушы дей алмаймын желікті

Ол дағы бір арамызда көрікті

Кенжебайда болса дағы отбасы

Арамызда жат демейміз Серікті

 

Білім деген жағып келген бұлағын,

Асықпасаң тағы да сен ұнадың

Бетке ұстардың біреуі сен қашан да

Құмарбек қой қандыратын құмарын

 

Келсеңдағы арамызға жаңадан

Ешкім сені жоқ қой жат деп санаған

Сендағы бір басқалардан дарасың

Санжар барда алдымызда аламан

 

Арналады бәрлеріңе жыр асыл,

Жазғандарым расымен ұнасын

Байсалды бап сен жүргенде өзгеше

Табиғатыңмен таңдандырдың Расул

 

Бір орында тұра алмайтын әлі де,

Деп ойлайды қозғалмасаң сәні не

Алғыр әрі зерек ойлы тансысақ

Арамызда асыр салған Әміре

 

Ләззат та мақтанышы сыныптың,

Бір өзіңе көп артылар үміт тым

Әніңменен таңдандырдың талайды

Көріне бер шыңдарынан биіктің

 

 

 

Тегіңде бар айналайын асылдан,

Айырылыма дәл осындай досыңнан.

Еркелікпен сен де жүрің кей кезде

Ойлы едің ғой ойлана біл Досымжан.

 

Барша елдің өзіңе алдың назарын,

КВН-дай тарқамасын базарың.

Өзіңменен мақтанамыз қашан да

Жана берші қанат қағып Ералым

 

Өздеріңсің менің дағы көктемім,

Өздеріңді мен жек көрер деп пе едің

Өмірлерің жаққын болсын қашан да

Өзгеше бір мен осылай зерттедім

 

Биік болсың алтындарым тұғырың,

Ұстаз деген танысаңдар ұлы ұғым

Өздеріңмен біргемін ғой қашан да

Мақтан тұтар аман босын сыныбым!