№15 сабақ  «Алғыс айту-игілік сыйлау»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                   Мерзімі:            12. 2017 жыл.

Мұғалім:                   Сынып: 1 «         »

Оқушылар саны:   

 Тақырып: №15 сабақ  «Алғыс айту-игілік сыйлау»

Құндылық:Дұрыс әрекет.

Қасиеттер:Сыйлау,шындықты айту, батылдық.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды сыйластыққа  қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушыларды шындық айтуға дамыту.

Тәрбиелік : Батылдыққа  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер,

дискілер, бояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Автобуста»  Әбді Шынбатыров

— Қандай адам алғысқа бөлене алады?

— Жақсылықты тек алғыс алу үшін жасау керек пе?

— Өз істеріңе алғыс алғанда қандай сезімге бөленесіндер?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                            Алтын алма, алғыс ал,

                            Алғыс деген – ел сыйы.

1. Алтын алма, алғыс ал дегенді қалай түсінесің?

2. Алғыс дегеніміз нені білдіреді?

3 Ел сыйы дегеніміз не?

Осы сұрақтар айналасында мақалды талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. « Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің» бейнефильмі.

—          Ана баласын қалай жоғалтты?

—          Өзге ұлтқа деген сенімділік қалай пайда болды?

—          Жаманшылықты жақсылықпен қалай қайтарды?

—          Ана неліктен Арзыгулге алғыс айтты?

 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    69-беттегі 1-2 тапсырмаларды орындау. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап,  қорытынды жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

                                      Не деу керек?                  Сөзі : Ә. Дүйсенбиев

                                                       Әні : Ө.Байділдаев

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

«Рақмет!»  деу керек.

Балалар жүр көшеде,

Естіледі айқай-шу.

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

«Кешіріңіз!» деу керек.

 
7. Үй тапсырмасы.

16-сабақ  «Әдеп»  оқып келу.

Қорытынды: Адам біреудің жасаған жақсылығына риза болғанда алғыс айтады. Алғыс айту – әдептілікті білдіреді. Жақсылық тек алғыс алу үшін жасалмайды. Жақсылық жасау – әрбір адамның парызы. Адамға жақсылық үшін алғыс айту игілік сыйлаумен тең. Алғысқа бөлену- бақыт.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!