Дала жарысы .Бөлім жайлы түсінік

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Дала жарысы .Бөлім жайлы түсінік Мектеп:Юрий Гагарин атындағы негізгі мектеп
Күні: Мұғалімнің аты- жөні: Алимкулова Нурайым
Сыныбы:  8 Қатысқаны: — Қатыспағаны: 
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.1.3.1 Дала жарысы кезіндегі қауіпсіздік ередесімен таныстыру
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:

Дала жарысының денсаулыққа тигізетін әсерін көрсете алады

Көпшілігі орындай алады:

Дала жарысы кезіндегі реттілікті біледі,орындай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Дала жарысы кезінде жүгіру жылдамдығын тиімді қолдана алады

Бағалау критериі: Білім алушы

Орындалатын  әрекеттерді көрсетеді.

Қимыл-әрекеттеріне байланысты қозғалыс дағдыларын жетілдіреді.

 Тілдік мақсат: Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:

Мәре,сөре,жылдамдық

Талқылауға арналған сұрақтар :

—         Жүгіру кезіндегі күш жұмсау?

—         Жүгіру ережесі қандай?

Алдыңғы оқу: Өзгертілген командалық ойын
Жоспарланған уақыт: 40 Жопарланған жаттығу түрлері Ресурстар 

 

Сабақтың басы:10

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі, зейін шоғырландыру

Бой сергіту жаттығулары:

Сапқа тұру.Сәлемдесу.

Кезекші есебі.

Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Саптық жаттығулар.

Жалпы дамыту жаттығулары, қозғалыста және орнында.

Жәй жүріс; залды айнала жүру (1 айналым).

Қол жоғарыда аяқтың үшымен журу;

Қол белде өкшемен жүру

Бірқалыпты жүгіру,тізені көтеріп,қолды тигізу.

Қолымыз артта аяғымыздың ұшын тигізіп жүгіру.

Демалу жаттығуларын орындау терең демалу.

Жаттығулар орындау.

Бір саптан үш сап құрау; ара қашықтықты сақтау; бастапқы қалып, сол аяқты қозғау бір қалыпта,басты оңға солға айналдыру, қол иығымызда 1-2 алға, 3-4 артқа айналдыру, қолымыз кеудемізде 1-2, 3-4 қозғалту; оң қол жоғары да сол қол белде оңға-солға жантайу, аяқы біріктіріп,қолды тізеге қойып,тізені оңға-солға айналдыру,бір орында секіру;оң  аяққа 10рет,сол аяққа 10рет,қос аяққа 10рет.

Бір қатар сапқа тұру

                             Спорт алаңы

Ысқырық                                         

Уақыт өлшегіш

 

Сабақтың ортасы: 25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ 

Топтық жұмыс

Мұғалім түсіндірмесі:

Оқушылар деңгейлерімен қажеттіліктерін ескеріп,саралап ұсынамын

1-тапсырма. Тапсырма «Тізбектелген» белсенді әдісі арқылы жүзеге асады.

Жүгірудің ережесін ретімен көрсету,түсіндіру,орындау.

 

 

 

Дескриптор:

Білім алушы – мәреден шығу ережесін сақтайды;  − қозғалыс дағдыларын жетілдіруде іс-әрекеттерді көрсетеді;

   Дескриптордың нәтижесінде «Мадақтама» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

2-тапсырма. Тапсырма «Жұптық» әдіс арқылы жүзеге асады.

Оқушыларды жұппен жарыс арқылы жүгірту,жүгіру ережесін сақталуын қадағалау.

 

Дескриптор:Оқушылар ережені сақтай отырып жүгіруді біледі.

Дескриптордың нәтижесінде «Бас бармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

 

 

 

Ысқырық

Секундомер

 

Сабақтың соңы:   5

 

Оқушыларды  сапқа тұрғызу қайта денені қалпына келтіру жаттығуларын жасау. Жаймен жүріп, қолды биікке көтеріп төмен түсіріп дем алып, дем шығару. Қоштасу.

Дескриптордың нәтижесінде «Екі жұлдыз,бір ұсыныс», «Бас бармақ», «Мадақтама»  әдістері арқылы оқушылар арасында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

 
Саралау әдісі

Қарқын тәсілі:

Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын.

Қабілеті жоғары оқушыларға

«Қарқын» тәсіліне байланысты тапсырмалар:

 

*Ұзақ қашықтыққа жүгіру

*Жүгіру кезіндегі ережені сақтау

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)

Тапсырма тәсілі:

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай(көмек керек пе, əлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

Оқушыларды  жекелей отырып әдіс тәсілдерін орындауына байланысты қателіктерін анақтап,

оны жетілдіруге және қатесін түзетуге арнап жана тапсырмалар береміз:

 

*Жүгіру кезіндегі дұрыс дем алу  

*Жүгіру барысында мәре,сөре ережесі

 

Рефлексия

1.     Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2.     Бүгін оқушылар не үиренді ?

3.     Уақытты қалай пайдаландым?