Эстафеталық жүгіру

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Эстафеталық жүгіру Мектеп:Юрий Гагарин атындағы негізгі мектеп
Күні: Мұғалімнің аты- жөні: Алимкулова Нурайым
Сыныбы:  7 Қатысқаны: — Қатыспағаны: 
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.3.5.2 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:

Байытуға арналған дене жаттығуларды анықтайды

Көпшілігі орындай алады:

Эстафеталық ойын кезінде дене жаттығуларының дағдыларын анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Эстафеталық жүгіруге арналған дағдыны анықтайды және орындайды.

Бағалау критериі: Білім алушы

Дене жаттығуларының дағдыларын анықтайды

 Тілдік мақсат: Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:

Екпін,жылдамдық,төзімділік,қашықтық,мәре,сөре.

Талқылауға арналған сұрақтар :

Эстафеталық жүгірудің қандай түрлерін білеміз?

Жоспарланған уақыт: 40 Жопарланған жаттығу түрлері

 

Сабақтың басы:10

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Бой сергіту жаттығулары:

Сапқа тұру.Сәлемдесу.

Кезекші есебі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Жүгіру жаттығулары: Жеңіл жүгіріс,тізені көтере жүгіру,аяқты артқа сермей жүгіру,оң қапталмен қолды айналдыра жүгіру,сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары

Арнайы жаттығулар

 

Ресурстар 

 

Сабақтың ортасы: 25 Жаңа сабақ 

Мұғалім түсіндірмесі:

Оқушылар деңгейлерімен қажеттіліктерін ескеріп,саралап ұсынамын

1-тапсырма. Тапсырма «Тізбектелген» белсенді әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушыларды төрт-төрттен төпқа бөліп,алаңның төрт бұрышына орналастыру.қолдағы таяқшаны мұғалімнің белгісінен кейін өз ьоп мүшесіне максималды жылдамдықпен жеткізі осылай тапсырманы бірінші аяқтаған топ жеңеді.

 

Дескриптор:

Білім алушы – топ құрамында жұмыс жасай алады,эстафеталық жүгіру ережесін сақтайды

 

Дескриптордың нәтижесінде «Мадақтама»  әдісі арқылы  қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

2-тапсырма. Тапсырма «Тізбектелген» белсенді әдісі арқылы жүзеге асады

Сынып топқа бөлінеді; командалар сөре сызығына бір қатар сапқа тұрады,мұғалімнің белгісімен секіртпемен секіру арқылы мәреде орналасқан конусты айнала жүгіреді де,келесі топ мүшесіне береді, эстафетаны бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Дескриптор: оқушылар жүгіре отырып,секіртпемен секіре алады.

 

Дескриптордың нәтижесінде «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

                             Спорт алаңы

Ысқырық                                         

Уақыт өлшегіш

Эстафеталық таяқша

 

Саралау әдісі

Қарқын тәсілі:

Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын.

 

Қабілеті жоғары оқушыларға

«Қарқын» тәсіліне байланысты тапсырмалар:

 

*секіртпеде секіру жаттығулары

*Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

Ысқырық

Секіртпе

Конустар

 

 

 

Тапсырма тәсілі:

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай(көмек керек пе, əлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

Оқушыларды  жекелей отырып әдіс тәсілдерін орындауына байланысты қателіктерін анақтап,

оны жетілдіруге және қатесін түзетуге арнап жана тапсырмалар береміз:

 

*Секіру жаттығуларын орындау

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтар мен байланыс

(тәрбие элементі)

Сабақтың соңы:   5

 

 

 

Оқушыларды  сапқа тұрғызу қайта денені қалпына келтіру жаттығуларын жасау. Жаймен жүріп, қолды биікке көтеріп төмен түсіріп дем алып, дем шығару. Қоштасу.

Дескриптордың нәтижесінде «Екі жұлдыз,бір ұсыныс», «Мадақтама»  әдістері арқылы оқушылар арасында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

 

Рефлексия

1.     Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2.     Бүгін оқушылар не үиренді ?

3.     Уақытты қалай пайдаландым?

  АӘД, геометрия, физика.

Денсаулық және қауіпсіздік ережесі сақталады.