Өсімдіктерді қорғаймыз

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Өсімдіктерді қорғаймыз

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: 3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Өсімдіктердің жойылу себептерін атайды.

 

Бағалау критерийі -Өсімдіктердің жойылу себептерін біледі және түсінеді;

-Экологиялық ережелерді біледі және құрастыра алады;

-Қызыл кітаптың маңызын түсінеді.

Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер: Сирек кездесетін өсімдіктер, жойылып бара жатқан өсімдіктер, Қазақстанның Қызыл кітабы
Өсімдіктердің жойылу себептерін айта алады.
Құндылықтар Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен жұмыс
Алдыңғы меңгерілген білім Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызымен және өсімдіктер санының азаю себептері
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

1 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

 

 

 

4 минут

Ойсергек. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып төмендегі өлең жолдарын айтқызу.

Көңілденіп шаттанып,

Айналама қарайын.

Қуанышын көршімнің

Күн нұрына балайын

Алақанды көршіме

Соғып -соғып  алайын,

Бүгінгі келген қонақпен,

Амандасып алайын.

Топқа біріктіру.

Оқушыларды «Ұсақжемісті мүкжидек», «Кәдімгі емен», «Інжугүл», «Жаңғақтұмсықты лотос» гүл атауларына сәйкес топтарға біріктіру.

Өсімдіктер туралы ақпарат. Әр топ атауына сәйкес оқулықта берілген ақпаратты пайдаланып, хабарлама дайындайды. Сұрақтарға жауап беру.

— Қандай ақпарат алдың?

— Бұл өсімдік- терге не ортақ?

— Мұндай өсімдіктер сенің туған өлкеңде өсе ме?

— Ғаламшарымыздағы барлық өсімдік жойылып кетсе, не болады?

Шаттық шеңбері

Слайд №1,2,3

 

 

 

 

 

 

 

«Ұсақжемісті мүкжидек», «Кәдімгі емен», «Інжугүл», «Жаңғақтұмсық-ты лотос» гүл атаулары жазылған парақшалар

Слайд №4,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлан. Оқушылар өсімдік әлемін қорғау үшін адам не істейтіні туралы ой бөліседі. Бұл сұрақты жұптарымен бірге талқылауды ұйымдастырып, оқушыларға жауаптарды қағазға жазып алу тапсырылады. Кейбір жауап­тарды тақтаға жаздырып, адамдардың қамқорлығы өсімдіктің көптүрлілігін сақтап қалуға көмектесетіні жайлы қорытынды жасалады.

Оқушылар өсімдіктерді қорғау туралы ұсыныс біл­діріп, жойылып кетудің алдын алу шаралары тура­лы әңгімелесіп, оларды көбейту жолдарын табуға талпынады.

Мұғалімнің түсіндіруі.

Біздің елімізде табиғат жағдайының өзгеруінен кейбір өсімдіктерге жойылу қаупі төніп тұр. Бұл өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. Кітаптың қызыл түсі қауіп белгісін білдіреді әрі адамдардың назарын жойылып бара жатқан өсімдіктерге аударуға ықпал етеді.

Қызыл кітап мезгіл-мезгіл өсімдіктер туралы жаңа мәліметтермен толықтырылып отырады.

Зертте. Оқушылар жұптасып, Қызыл кітаптың беттері неліктен түрлі түсті екендігін анықтайды. Олардың қолында «Біз енді көре алмайтын өсімдік түрлері», «Аса сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер», «Саны күрт азайып бара жатқан өсімдіктер», «Бұрыннан саны аз өсімдіктер», «Жойылмай, аман қалған өсімдіктер» деп жазылған үлестірме парақшалар болады. Оқушыларға Қызыл кітаптың беттері қара, қызыл, сары, ақ, жасыл бо­латынын айтып, қолдарындағы үлестірме парақшалардың жиектерін жазуға сәйкес түске бояуды тапсыру. Түстерді өз ойлары бойынша таңдайды. Олардың жұмыстарын жауаптарымен салыстыру.

Жауаптары: Кітаптың түсі – қауіп-қатер белгісі, өсімдіктердің жойылып бара жатқанына назар аудартады.

Қызыл кітап түрлі түсті беттерден құралады.

Қара түсті беттерде енді біз ешқашан көре ал­майтын өсімдік түрлерінің тізімі жазылған. Олар жер бетінен мүлде жойылған.

Қызыл түсті беттерде аса сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер жазылған.

Сары түсті беттерде саны жағынан күрт азайып бара жатқан өсімдіктер жазылған.

Ақ түсті беттерде саны бұрыннан аз өсімдіктер тізімі жазылған.

Жасыл түсті беттерде жойылмай, аман қалған өсімдіктер жазылған.

Табиғаттың шағым кітабы айдарында оқушылар «Пошташы» ойыны арқылы өсімдіктердің жай-күйімен танысады. Әр топтағы бір оқушы ку­рьер (пошташы) рөлінде ойнап, конверт әкеп береді. Конверттерді топтарға таратып, онда өсімдіктердің адамдарға арналған шағымдары жазылғаны ескеріледі. Оқушылар топта шағымды талқылап, экологиялық ережелермен танысып, оған қатысты жауап жазады.

Балалар жауабын конверттерге салып (жауабтарын формативті бағалауда қолдануға болады), адамдардың табиғаттағы тәртіп ережелері туралы талқылап, Қазақстан Республикасы заңнама­ларында көрсетілген сирек кездесетін өсімдіктерді жинағаны үшін қолданылатын жазалармен танысты­ру.

 

Сергіту сәті. «Көзге арналған жаттығу»

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Оқушылардан неліктен әр елдің өз Қызыл кітабы болуы тиіс екенін талқылау. Халықа­ралық Қызыл кітап бар ма? Балаларға халықаралық Қызыл кітап бар екенін, оның Швейцариядағы Морж қаласында сақтаулы тұрғанын айтып беру..

 

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс ұсынылады.

18-жұмыс парағы. «Өсімдіктерді қорғаймыз», 20-б.

Сұхбат. Оқушылар сұхбат жүргізеді. Олар 3 қа­тысушыдан жауап алады. Сұрақтарды үй тапсырмасы ретінде талдаған өте маңызды. Соңында олар бұл тапсырмадан қандай білім алғаны туралы қорытынды шығаруы қажет.

Бұл тапсырма ақпаратты талдай білуге негіздел­ген. Жауап беруші Қазақстанның сирек кездесетін өсімдіктерін атамауы да мүмкін, бұл жағдайда сұхбат алушы өз білгенімен бөліседі.

19-жұмыс парағы. «Экологиялық ережелер», 21-б.

Мен өсімдіктерді қалай қорғаймын? Оқушы­лар ағашқа бекітілген жапсырмаларға адамдардың табиғатта өзін ұстау ережесін жазу керек. Тапсырма­ны орындау барысында оқушылар сабақтың қоры­тынды тұжырымдарын бекітеді. (Жауаптары: табиғат аясында қоқыстарды, сынған шыны зат­тарды, пластикалық бөтелкелерді қалдыруға болмайды; орманда от жағуға болмайды, амалсыз от жағуға тура келген жағдайда оны өшіріп кетіңіз; жапырақтарды, гүлдерді, өсімдіктерді жұлуға болмайды; өсімдіктерді қазып алуға болмайды)

 

Шатасқан әріптер. Тапсырманы орындау үшін әріптерді магнитке бекітіп, магнитті тақтаға орна­ластыру қажет. Оқушылар сөйлем шыққанша әріп­тердің орнын ауыстырады.

(Жауаптары:

A) Сәуір болмай, тәуір болмас.

Ә) Қыстағы қар – жерге ырыс, жердегі ылғал – елге ырыс.

Б) Ағаш тамырымен мықты, адам дос-жарымен мықты).

Бағалау:

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Өсімдіктерді сақтауда Қызыл кітаптың ролін анықтау —       Өсімдіктердің жойылу себептерін біледі;

—       Өсімдіктерді қорғау ережелерін құрастырады.

—       Сирек кездесетін өсімдіктерді атайды;

—       Қызыл кітаптың маңызын түсінеді.

Ақпарат көздерін анықтау —   Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтайды.
 

 

 

 

 

 

 

 

«Біз енді көре алмайтын өсімдік түрлері», «Аса сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер», «Саны күрт азайып бара жатқан өсімдіктер», «Бұрыннан саны аз өсімдіктер», «Жойылмай, аман қалған өсімдіктер» деп жазылған үлестірме парақшалар

Слайд №6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конверт

Слайд №7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/ watch?v=_lx7d4eIkVE

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Кері байланыс.

Эйлер Венн диаграммасын толтыру. Оқушылар стикерлерге өсімдіктерді жазып тақтаға жабыстырады.

Сирек кездесетін өсімдіктер

 
 
Жой

ылып бара жатқан өсімдіктер

 

Эйлер Венн диаграммасы тақтасы

Слайд №8

Қосымша ақпарат
Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.