3 ҮЗІЛІСТЕРМЕН ОҚУ ЖӘНЕ БЛУМ СҰРАҚТАРЫ

1 «Б-Б-Б» КЕСТЕСІ («БІЛЕМІН – БІЛГІМ КЕЛЕДІ – БІЛДІМ» Мені таңғалдырды

Материалды графикалық ұйымдастырудың және логикалық-мағыналық құрылымдаудың бір тәсілі. Тақырыптың мазмұны кешенді түрде қарастырылатын болғандықтан, түр ыңғайлы.

1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.

2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады.

3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру.

Студенттерге қосымша екі – «ақпарат көздері» , «ашылмаған не қалды» бағандарын ұсынуға болады.

2 ӨЗАРА СҰРАҚ

Жұппен жұмыс жасаудың бір тәсілі. «Ұғыну» сатысында қолданылады. Қолдану технологиясы: екі студент әрбір азат жолдан кейін тоқтай отырып мәтінді оқиды, содан кейін бір-біріне оқығанының мазмұны бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Берілген түр коммуникативті дағдылардың дамуына әсер етеді.

3 ҮЗІЛІСТЕРМЕН ОҚУ ЖӘНЕ БЛУМ СҰРАҚТАРЫ

Әр типті сұрақтарды қолдану арқылы оқуды ұйымдастыру әдістемелік тәсілінің шартты аты

Дайындық жұмыстары:

  1. Ұстаз оқу үшін мәтін таңдайды. Таңдау үшін критерилер: — Мәтін берілген аудиторияға мүлдем белгісіз болуы тиіс (кері жағдайда тәсілді қолданудың мағынасы мен логикасы жойылады); — Динамикалық, оқиғалы сюжет; — Күтпеген шешім, «ашық» мәселелі мәре.
  2. Мәтін алдын-ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтіннің өзінде қай жерде оқуды тоқтатып, үзіліс жасау керектігі белгіленеді: «бірінші үзіліс», «екінші үзіліс» және т.с.с.
  3. Ұстаз алдын ала мәтінге оқушылардың әр түрлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырады.

Ұстаз нұсқаулар береді және мәтінмен жұмыстың ережелерінің сақталуын мұқият қадағалай отырып, үзіліспен оқу үрдісін ұйымдастырады. (Сипатталған стратегия өзіндік оқуда ғана емес, мәтінді естіп қабылдауында да қолданылуы мүмкін).

Сыни тұрғыдан ойлауды ынталандыратын сұрақтардың түрлері:

— «ауыстыру» және талдау (ақпаратты жаңа түрге ауыстыру және оқиғалардың, фактілердің, ойлардың, құндылықтардың арасындағы өзара байланысты анықтау);

— жады (формалды деңгей) – алынған ақпаратты тану және шақыру;

— бағалау – алынған ақпаратқа пікірлер мен ойлар құрылатындай субъективті-жеке көзқарас;

— синтез – алынған ақпаратты логикалық жалпылау, себеп-салдарлық байланыстарды бүтіндей қабылдау;

— анализ – құбылысты үзінді түрінде қарастыру, «жалпы» мәнмәтінде «жекені» ерекшелеу;

— қолдану – ақпаратты сюжеттік мәнмәтінде немесе оның сыртында мәселені шешештін құрал ретінде қолдану;

Ескерту: үзіліспен оқуды шақыру және рефлексия сатысында технологияның басқа тәсілдерімен толықтыра отырып, ұғыну сатысында қолданған орынды.

4 ЭССЕ

Сынның және публицистиканың жанры, қандай да бір әдеби, философиялық, эстетикалық, моральдық және әлеуметтік мәселенің еркін баяндамасы. Әдетте сұрақтың жүйелі ғылыми қарастырылуына қайшы қойылады. Батыс педагогикасында жазба жұмыстарының өте кең таралған жанры. Әдетте рефлексия сатысында кішкене жазба тапсырмасы ретінде қолданған орынды.

5-минуттық эссе, 10-минуттық эссе, және де ұзағыраққа созылған және көп еңбек сіңіруді қажет ететін шығарма болып табылады.

10-минуттық эссе. Мәтінді оқығаннан (тыңдағаннан) және жалпы талдағаннан кейін оқушыларға 10-минуттық эссенің көмегімен өз ойларын ұйымдастыру ұсынылады (еркін хат әдісі бойынша). Ол үшін оқытушы берілген тақырыпты 10 минуттың ішінде жазуды сұрайды. Еркін хаттың басты ережесі – тоқтамау, қайта оқымау, түземеу. Қиындық туған жағдайда пайда болған мәселені жазбаша түсініктеме жасап, ары қарай жазуға тырысу керек. Кейде еркін эссе мәтінін одан да қомақты шығарманың дайындық сатысы ретінде қолдану ұсынылады.

5-минуттық  эссе. Жазба тапсырманың бұл түрі әдетте сабақтың соңында оқылған тақырып бойынша өз білімдерін қорытуға көмектесу үшін қолданылады. Оқытушы үшін – бұл кері байланыс алу үшін мүмкіндік. Сондықтан оқушыларға екі пункт ұсынуға болады:

1) жаңа тақырып бойынша олардың не білгенін жазу;

2) олардың жауап ала алмаған бір сұрағын қою.

5 ТОПТЫҚ ПІКІРТАЛАС

Пікірталас латын тілінен аударғанда – зерттеу, талдау, қандай да бір сұрақты талдау. Оқушыларға бір – бірлерімен білімдерімен, ойларымен, уәждерімен бөлісу ұсынылады. Пікірталасты жүргізуде басты шарт:

  • оған қатысушылардың әртүрлі көзқарастарын сыйлау;
  • туындаған қайшылықтардың құрылымдық шешімін бірге іздеу.

Топтық пікірталас шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да қолданылуы мүмкін. Және бірінші жағдайда оның міндеті: алғашқы ақпаратпен алмасу, қайшылықтарды анықтау, ал екінші жағдайда – алынған мағлұматтарды қайта ойлауға, мәселені өзіндік көруін басқа көзқарастармен және ұстанымдармен салыстыруға мүмкіндік. Топтық пікірталас түрі диалогтық қатынасты дамытуға, ойлаудың өзіндік болуына көмектеседі.

6 ИНСЕРТ (INSERT)

I – interactive: өзінен-өзі белсендендіретін «Ә» – әлдеқашан білгенмін;

N – noting: жүйелік белгілеу «+» – жаңа;

S – system: тиімділік үшін «–» – басқалай ойлады;

E – effective: оқу және ойлану  «?» – басқалай ойлады.

R – reading

T – thinking

Инсерт ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда: тиімді оқу және ойлау үшін жазудың интерактивті жүйесі. Тәсіл бірнеше сатымен жүзеге асады.

I саты: Мәтіндегі ақпаратты келесі түрде бөлшектеу үшін мәтінді белгілеу:

V «қанат белгімен» оқушыларға әлдеқашан белгілі нәрсе белгіленеді; — «алу» белгісімен олардың түсінігіне қайшы нәрсе белгіленеді; + «қосу» белгісімен оларға қызықты және тосын нәрсе белгіленеді; ? «сұрақ белгісі» егер, бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса қойылады.

II саты: Мәтінді оқи отырып, студенттер жеке азат жолдар мен сөйлемдерді белгілейді.

III саты: Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес келесі кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады:

V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе)  — «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе) + «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе ? «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса)

IV саты: Кестенің әрбір бағанын тізбектей талқылау.

Қолдануының пәндік саласы: көбінесе көптеген фактілер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-танымал мәтіндер.

Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады.

ИНСЕРТ-тің кезеңдері үш сатыға сәйкес: шақыру, ұғыну, рефлексия.

7 ТОПТЫҚ ПІКІРТАЛАС

Пікірталас латын тілінен аударғанда – зерттеу, талдау, қандай да бір сұрақты талдау. Оқушыларға бір – бірлерімен білімдерімен, ойларымен, уәждерімен бөлісу ұсынылады. Пікірталасты жүргізуде басты шарт:

  • оған қатысушылардың әртүрлі көзқарастарын сыйлау;
  • туындаған қайшылықтардың құрылымдық шешімін бірге іздеу.

Топтық пікірталас шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да қолданылуы мүмкін. Және бірінші жағдайда оның міндеті: алғашқы ақпаратпен алмасу, қайшылықтарды анықтау, ал екінші жағдайда – алынған мағлұматтарды қайта ойлауға, мәселені өзіндік көруін басқа көзқарастармен және ұстанымдармен салыстыруға мүмкіндік. Топтық пікірталас түрі диалогтық қатынасты дамытуға, ойлаудың өзіндік болуына көмектеседі.

8 КЛАСТЕРЛЕР

Қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды.

Іс-әрекет тізбегі оңай және қисынды:

  1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек.
  2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек. («Планеталар және оның серіктері» үлгісі)
  3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер пасты ұғыммен түзу сызықпен біріктіріледі. Әрбір «серіктің» өз кезегінде тағы да «серіктері» пайда болады, жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады.

Нәтижесінде біздің ойларымызды графикалық бейнелейтін, берілген тақырыптың ақпараттық өрісін анықтайтын құрылым пайда болады.

Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек:

  1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Қиял мен интуицияға ерік беру керек.
  2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмысты жалғастыру.
  3. Көбірек байланыстар жасауға тырысу. Алдын-ала белгілі жоспарды қолданбау.

Кластерлер жүйесі Ақпараттың артық көлемін қамтуға мүмкіндік береді. Ары қарайғы жұмыста, алынған кластерді «ойлардың өрісі» ретінде талдай отырып, тақырыптың даму бағытын нақтылау қажет.

Келесі нұсқалары болуы мүмкін:

—  Мағыналық блогтарды нығайту немесе бөлшектеу (қажеттігіне қарай).

— Көңіл аударылатын бірнеше басты аспектілерді ерекшелеу.

Кластерлерге бөлу шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да, тақырыпты оқығанға дейін ойдың іс-әрекетін  уәждейтін тәсіл ретінде немесе материалды өту қорытындысы бойынша ақпаратты жүйелейтін түрі болып табылады.

Мақсатқа байланысты оқытушы жеке өзіндік жұмыстарын немесе жалпы біріккен талдау түрінде топтық жұмысты ұйымдастырады.

Пәндік саласы шектеусіз, кластерлерді әртүрлі тақырыптарды оқығанда қолдануға болады.

9 БАСТЫ ТЕРМИНДЕР

Оқытушы мәтіннен 4-5 басты сөздерді таңдайды және тақтаға жазады.

«а» нұсқасы: Жұптарға миға шабуыл әдісімен осы терминдерге жалпы түсініктеме беруге және олар келесі мәтінде қалай қатысатынын болжауға 5 минут беріледі.

 «б» нұсқасы: Оқушыларға топта немесе жеке түрде берілген басты терминдерді қолданып баяндаманың өз нұсқасын құру және жазу ұсынылады.

Негізгі мазмұнмен танысуда оқушы «өздерінің» нұсқасы мен «түпкі мәтін» нұсқасын салыстырады.  Сипатталған тапсырма әдетте «шақыру» сатысында қолданылады, бірақ «рефлексия» сатысында басты терминдерге қайта оралып және табылған сәйкестіктер мен қайшылықтарды талдау  орынды. Берілген түрді қолдану елестетуді, қиялдауды дамытады, түпкі мәтінмен танысуда зейінді белсендендіруге көмектеседі. Пәндік сала шектеусіз.

10 МИҒА ШАБУЫЛ

Шығармашылықты ынталандыратын «миға әрекет» психологиялық тәсілмен, Алекс Осборн «Қолданбалы елес», 1950, шатастырмаңыз. Және бұл екі сөз тіркесі де «brainstorming» деген ағылшын терминінің  орыс тіліндегі нұсқалары, бірақ әртүрлі салада қолданылады және әртүрлі міндет атқарады. Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясында фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар білімдерін белсендендіру мақсатында қолданылады.

1 саты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша ойлану және не біледі және не ойлайтынын жазу ұсынылады;

2 саты: Ақпаратпен алмасу.

Тиімді пайдалануға ұсыныстар:

  1. 1-сатыда 5-7 минуттық қатаң лимит;
  2. Талдауда ойлар сыналмайды, бірақ қайшылықтар жазып алынады;
  3. Айтылған ұсыныстардың жедел жазылуы.

Жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау түрлері мүмкін. Әдетте, оларды бірінен кейін бірін тізбектей жүргізеді, бірақ әрқайысысы іс-әрекетті ұйымдастырудың жеке тәсілі болуы мүмүмкін. Ескерту: жұптық миға шабуыл өз ойларын үлкен дәрісхананың алдында айта алмайтын оқушыларға өте көмектеседі. Жолдасымен ой алмасқан оқушы, барлық топпен жеңіл қатынасқа түседі. Әрине, топпен жұмыс көбірек оқушыларға ойларын айтуға мүмкіндік береді.

11 ШАТАСТЫРЫЛҒАН ЛОГИКАЛЫҚ БАУЛАР

«а» нұсқасы: «Басты терминдер» тәсілінің түрленуі. Қосымша сәті болып тақтадағы басты терминдердің арнайы «шатастырылған» логикалық тізбекте орналасуы болып табылады. Мәтінмен танысқаннан кейін «рефлексия» сатысында оқушыларға бұзылған тізбекті қалпына келтіру ұсынылады.

«б» нұсқасы: Жеке беттерге мәтіннен (әдетте, тарихи-хронологиялық немесе жаратылыстанулық) 5-6 оқиға жазылады.   Сыныптың алдында әдейі бұзылған тізбекте көрсетіледі. Оқушыларға хронологиялық немесе себеп-салдарлық баудың дұрыс ретін қалпына келтіру ұсынылады. Әртүрлі ойларды тыңдағап, қандай да бір ортақ шешімге келгеннен кейін, оқытушы оқушыларға бастапқы мәтінмен танысып, олардың ұйғарымдарының дұрыстығын анықтауды ұсынады. Осы форма зейін мен логикалық ойлаудың дамуына көмектеседі. Көбінесе ақпараттық-мазмұндық мәтіндерді оқығанда қолданылады.

12 «ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ДӘРІС»

Берілген түрдің мәні дәрісті шақыру – ұғыну – рефлексия белсенді оқу үлгісін қолдану арқылы ерекше ұйымдастыру болып табылады. Ұстаз оқушыларды белсенді тыңдауға және сыни тұрғыдан ойлауға ынталандыру үшін дәрістің дәстүрлі түрін өзгертеді.

Іс-әрекеттің алгоритмі (нұсқалары болуы мүмкін):

  1. Шақыру. Дайындық іс-әрекеті. Тақырыпты таныстыру. Дәрістің мазмұны бойынша мәселелі сұрақ. (Жұппен жұмыс: жауап үшін бар ойларын талдау және жазу, ақпараттық болжам, жұптың атынан сөз сөйлеу, айтылған пікірлерді тақтада белгілеу).
  2. Дәрістің бірінші бөлімінің мазмұнының анонсы. Оқушыларға тапсырма (дәріс басталғанға дейін): дәріс барысында жұптағы бір адам мәселелі сұрақ бойынша жаңа ақпаратты жазады, екіншісі бастапқы жазбаларына дәрісте естіген ақпаратпен алдында жасаған жоспардың сәйкестіктерін «+» және қайшылықтарын «-» белгілеп отырады (ИНСЕРТ-тің аудиолық нұсқасы).
  3. Ұғыну. Ұстаз дәрістің бірінші бөлігін оқиды.
  4. Рефлексия. Алдын-ала қорытынды жасау. (Жеке тапсырма: ең маңыздысын ерекшелеу – жазбаша жауап. Жұппен жұмыс: естіген материалмен болжамды талдау, жалпы жауаптың тұжырымдамасы, жұптың атынан сөз сөйлеу).
  5. Екінші шақыру. Дәрістің екінші бөлімінің мазмұнының анонсы. Мәселелі сұрақ. (Жұппен жұмыс: жауап үшін ойларды талдау және жазу, ақпараттық болжам, жұптың атынан сөз сөйлеу айтылған ойларды тақтада белгілеу) Оқушыларға тапсырма (2-ші пунктке сәйкес).
  6. Ұғыну. Ұстаз дәрістің екінші бөлігін оқиды.
  7. Рефлексия. Қорытынды шығару. (Жұппен жұмыс: болжамды естіген материалмен талқылау, жұптың атынан сөз сөйлеу).
  8. Қорытынды рефлексия. Сыныпқа тапсырма: жеке өзіндік жұмыс – дәріс материалы бойынша жалпы ғаламдық сұраққа жазбаша жауап. Формасы – 10-минуттық эссе.
  9. Жұмыстар оқытушыға тапсырылады. Оқушылардың дәрістің мазмұнын түсінгенінің көрсеткіші ретінде, және келесі сабаққа дайындалатын материал ретінде қолданылады.

Дәрістің пәндік саласы шексіз. Жеке және топтық іс әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен тапсырмалары түрленуі мүмкін.

13 РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҮРІ – СИНКВЕЙН

Ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды, сезімді және түсінікті бірнеше сөзбен жеткізу қабілеті – үлкен шеберлік. Ол түсініктік қорға негізделген зерделі рефлексияны қажет етеді.

Синквейн «cing» – бес деген француз сөзінен шығады. Ол бес жолдан тұратын өлең. Материалды синтездеу тәсілі ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы ақпаратты түйіндеу, ойды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады.

Синквейн жеке өзіндік жұмыс ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсынылуы мүмкін. Пәндік саласының шекарасы ұстаздың ойының икемділігіне тәуелді. Әдетте синквейн рефлексия сатысында қолданылады, бірақ шақыру сатысында қалыпсыз түр ретінде де берілуі мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, синквейндер:

1) күрделі ақпаратты синтездеу құралы ретінде;

2) оқушылардың түсініктік қорын бағалау тәсілі ретінде;

3) шығармашылық мәнерді дамыту құралы ретінде пайдалы болуы мүмкін.

Синквейнді жазу ережесі: 

  1. (бірінші жол – БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы);
  2. (екінші жол – ЕКІ сөзбен, әдетте сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты);
  3. (үшінші жол – ҮШ сөзбен, әдетте етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты);
  4. (төртінші жол – автордың берілген тақырыпқа қатысын көрсететін, ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы);
  5. (бесінші жол – БІР сөз – тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем немесе философиялық-жалпыланған деңгейдегі бірінші сөздің синонимі).

Мысалы:

  • Ресей
  • Православиелік, өзін-өзі өлтіретін
  • Өлтіретін және тірілтетін
  • Аязда сүйісу
  • Өмір

РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҮРІ – СИНКВЕЙН

«Б-Б-Б» КЕСТЕСІ («БІЛЕМІН – БІЛГІМ КЕЛЕДІ – БІЛДІМ» Мені таңғалдырды

Материалды графикалық ұйымдастырудың және логикалық-мағыналық құрылымдаудың бір тәсілі. Тақырыптың мазмұны кешенді түрде қарастырылатын болғандықтан, түр ыңғайлы.

1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.

2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады.

3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру.

Студенттерге қосымша екі – «ақпарат көздері» , «ашылмаған не қалды» бағандарын ұсынуға болады.

ӨЗАРА СҰРАҚ