Табиғат

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: № 3 ЖОББМ, г. Жезказган

Мұғалімнің аты-жөні: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Сынып: 6

Қатыспаған оқушылар саны: ______________________                                                      Қатысқан оқушылар саны: ________________________

 

Сабақ тақырыбы: Табиғат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Білімділік: табиғат, таза ауа туралы жан — жақты мәлімет беру, табиғат тамашалары туралы балалардың білімдерін жинақтау, табиғат құбылыстары жайлы сурет, шағын мәтін, эссе жазу
Тәрбиелік: табиғатты аялауға, қорғауға, өз туған табиғатына жанашырлықпен қарауға, табиғаттағы әсемдікті сезінуге, табиғаттың өзіндік қасиетін, пайдасын, ерекшелігін айтып, білімдерін арттыру, табиғаттың қадір — қасиетін біліп тәрбиелеу
Дамытушылық:  сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқу, ойлау, жазу, сөйлеу, оқушылардың ой — өрісін дамыту
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: табиғат, таза ауа туралы жан — жақты мәлімет алады, табиғат тамашалары туралы балалардың білімдерін жинақтайды, сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқиды, сөйлейді, жазады, табиғат құбылыстары туралы сурет салады
Көбі: табиғат, таза ауа туралы жан — жақты мәлімет алады, табиғат тамашалары туралы балалардың білімдерін жинақтайды, сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқиды, ойлады, сөйлейді, жазады, табиғат құбылыстары туралы шағын мәтін құрайды
Кейбірі: табиғат, таза ауа туралы жан — жақты мәлімет алады, табиғат тамашалары туралы балалардың білімдерін жинақтады, сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқиды, табиғат құбылыстары туралы эссе жазады
Күтілетін нәтижелер: Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді, мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын дәлелдеп жеткізеді
Жаңа сөздер: жабайы өсетін гүлдер-дикорастущие цветы

тірі жәндіктер-удивительные живые насекомые

көзге көрінбейтін-невидимые

құбылыстар-изменения

аққан жұлдыздар-меториты

найзағай-молния

кемпірқосақ-радуга

тірі ағза-живые организмы

түтін-дым

Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, стикерлер, смайликтер
Оқыту әдістері: «Передай предмет» әдісі, «Голосование точками» тәсілі, «Бас бармақ» әдісі, Стратегия: “Своя игра”, Стратегия: «Спираль искусства», Рефлексия: «Соңғы 5 минут»
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

 

Тапсырмалар :

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

 

              Тапсырма      Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының

іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу — Топқа бөлу. /Оқушыларды ойын арқылы топқа бөлу/

Игра: «ПЕРЕДАЙ ПРЕДМЕТ»

Эта веселая разминка хорошо подходит для начала нового дня тренинга. С одной стороны, она вызывает много положительных эмоций, а с другой — помогает настроиться на групповую работу, повышает концентрацию внимания. Кроме того, она дает участникам возможность проявить креативность и нестандартность своего мышления.

Участники должны по кругу передавать какой — либо предмет, например, маркер или мячик. Но способ передачи каждый раз, для каждого участника должен быть новым.

Геометриялық фигуралармен оқушыларды топтарға бөлу – 1 мин.

Топтың ережесін қайталау:

1.Тыңдай білейік.

2. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

3. Басқалардың пікірлерін сыйлайық!

4. Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлері ғана сыналады.

5. Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек.

6. Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін тыңдай білу.

7. Бірлесе жұмыс істеуге ұмтылайық!

8. Жанжалдарды болдырмауға ұмтылайық!

Топтар бір-біріне сәттілік тілейді: топтар ашық хатты оқып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

— Балалар, сонымен бүгін біздің сабақтың тақырыбын кім айтады? /Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады/.

Оқушылар өздеріне сабақтың мақсатын қояды:

І топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне маркер немесе допты береді, жақсы тілектер айтады.

Топқа бөлінеді, топтың ережесін еске түсіреді

Өткен сабақты тексеру Үй жұмысын тексеру: Стратегия: «Спираль искусства»

1- оқушы: орман / лес / туралы мәлімет оқиды

Лес — это не просто лесная растительность на почве.

Лес — источник строительных материалов.

Лес — ничем не заменимая экологическая система планеты.

А дерево — удивительная химическая фабрика, созданная природой. Леса подымают урожайность полей, дают приют диким животным

Лес пока продолжает служить человеку свою верную службу. Однако люди давно заметили, что леса на Земле быстро исчезают. Ученые всего мира приходят к общему выводу, что уничтожение лесов опасно.

Лес — надежный друг и помощник человека. Он служит землевладельцам, помогая сохранить влагу в почве, увеличивает плодородие полей, смягчает климат, украшает жизнь человека. Люди по — разному относятся к лесу. Одни видят в нем топливо, другие — строительный материал, третьи — источник питания. Но не все, к сожалению видят и чувствуют его красоту, берегут его богатства.

2-оқушы: орман /лес/ туралы мәлімет жазу

Лес — не любит шума. Сюда человек приходит отдохнуть, подышать чистым воздухом, набраться сил и здоровья. Между тем многие отдыхающие придя в лес громко поют, кричат.

Лес любит чистоту. Несмотря на постоянные предупреждения, люди иногда ломают деревья, кусты, оставляют банки, бутылки, бумагу. Всем надо помнить: в случае небрежного отношения к лесу высыхают деревья, исчезают ценные травы и цветы, из леса улетают птицы, уходят звери.

Лесоводы много делают для умножения лесных богатств. Они стараются создавать такие леса, которые не уступали бы естественным. Всем известен призыв: «Срубил дерево — посади два!». Лес должен расти и давать радость не только нам, но и будущим поколениям людей.

3-оқушы: табиғат туралы мәлімет жазу.

Табиғат-тірі дүние.

Біз табиғаттан тек алуды ғана білеміз.  Оның бар байлығын пайдаланып отырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір сүреді. Олардың ұрпақтарына қалдыратын мұрасы бар. Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді. Олар ормандарын күтеді.  Оңтүстік Корея еш уақытта ормандарын кесіп, өндіріске пайдаланбайды екен. Орман-атмосфералық ауаны тазартушы. Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп барады.

Бірін-бірі бағалау: «Бас бармақ».

— Балалар, сонымен бүгін біздің сабақтың тақырыбын кім айтады?

Оқушылар өздеріне сабақтың мақсатын қояды

І топ: 1-2 оқушы мақсатын айтады;

ІІ топ: 1-2 оқушы сабақтың мақсатын айтады;

ІІІ топ: 1-2 оқушы сабақтың мақсатын айтады

Оқылым. Айтылым. Орман туралы мәліметтерді оқиды
Қызығушылықты ояту Жеке оқушымен жұмыс: Сөздікпен жұмыс: «Смотри-закрой-скажи-напиши-проверь» тәсілі

1. Сөздерге мұқият қара;

2. Бір неше рет қайтала;

4. Сөздік дәптеріне жаз;

5. Өзіңді тексер;

сөздікпен жұмыс.

жабайы өсетін гүлдер — дикорастущие цветы

тірі жәндіктер — удивительные живые насекомые

көзге көрінбейтін — невидимые

құбылыстар — изменения

аққан жұлдыздар — меториты

найзағай — молния

кемпірқосақ — радуга

тірі ағза — живые организмы

түтін — дым

Өзің-өзі бағалау: «Голосование точками».

Жазылым. Жаңа сөздерді жазады, өздерің бағалайды
Мағынаны тану Топпен жұмыс: мәтінмен жұмыс: “Табиғат”

І топ: мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.

Табиғат. Бұл — орман, дала, теңіз, өзен, жұлдыз. Күн, жел, жабайы өсетін гүлдер, аралар — бір сөзбен айтқанда, адамның еңбегінсіз жасалғанның бәрі. Табиғатта көптеген таңғажайып тірі жәндіктер, гүлдей әдемі көбелектер, қорқынышты қасқырлар және көзге көрінбейтін  микробтар бар.

Табиғаттан көптеген тамаша құбылыстарды: аққан жұлдыздарды, қымбат тастарды, жарқылдаған найзағайды, кемпірқосақты көруге болады.

ІІ топ: мәтіннің екінші бөлімін мәнерлеп оқу, аудару.

Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Олар айналадағы ортамен, яғни жермен, өзен-көлдермен,  ауамен және барлық тірі ағзамен үнемі байланысқа түседі. Адамдар табиғатты біртіндеп өзгерте бастады: өзендердің  ағысын өзгертті, өсімдіктер мен жануарларды бір елден екінші елге көшірді. Тауларды қопарып жердің бетін өзгертті.

ІІІ топ: мәтіннің үшінші бөлімін мәнерлеп оқу, аудару.

Қазір адамдар табиғатты өз қалауынша өзгертпеу керек екенін, оны сақтап, табиғаттың берген сыйын өте ұқыпты пайдалану қажеттігін түсіне бастады. Егер адамдар тіршілік заңын жақсы біліп, өзінің айналасын ластамай, табиғатпен дос болса, жер бетіндегі өмір бұдан да керемет болар еді. Егер түтіннен ауа бүлінсе, былғаныш судан өзендер ластанады, онда одан табиғат қана қасірет тартып қоймайды, адам да ауырып, зардап шегеді. Міне, сондықтан да табиғатты қорғау дегеніміз-адамның өзін-өзі қорғауы деген сөз.

Бірін-бірі бағалау: «Бас бармақ».

Оқылым. Айтылым. Жазылым. Мәтінді мәнерлеп оқиды, аударады, бір-бірін бағалайды
Танымдық сәт. Сен білесің бе? Позновательная минутка. А знаешь ли ты? Экология деген не?

Экология терминін ғылымға алғаш енгізген Эрнест Геккель (1886) деген ғалым болған. Ойкос-үй, тұрақ, мекен дегенді, ал логос (ілім) — сөзі ғылым дегенді білдіреді. Ол бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақтау керек.

Экология — тірі организмдердің бір — бірімен қарым — қатынастын айнала қоршаған ортасымен, мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Экология, алдымен, адамның өзінен басталады.

Тыңдалым. Оқушылар қосымша мәліметті тыңдайды
Стратегия: «Своя игра»

І топ:  оқушыларға флипчарт беріледі. Флипчартта сқрақтар жазылған. Флипчарттағы сұраққа жауап беру.

А) Табиғат деген не?

Ә) Адам нелермен үнемі байланыста болады?

Б) Адамдар табиғатты қалай өзгерте бастады?

В) Табиғаттан қандай тамаша құбылыстарды көруге болады?

Г) Адамдар неден зардап щегеді, ауырады?

ІІ топ: сөз тіркестерін орыс тілге аудару

А) өзара тығыз байланыста болады

Ә) бір бөлшегі

Б) таңғажайып жәндіктер

В) табиғатты өзгерте бастады

ІІІ топ: сөз тіркестерін қазақ тілге аудару

А) с оқружающей средой

Ә) природу надо беречь

Б) законы природы

В) падающие звезды (метеориты)

Бірін-бірі бағалау: «Бағдаршам».

Совместное обучение: Деңгейлік тапсырмалар – 5 мин.

І деңгей: мәтіннен зат есімді теріп жазыңдар.

ІІ деңгей: Мәтіннен 8 сын есімді тауып жаз.

1) ……………………………………..

2) ………………………………………

3) ………………………………………

4) ………………………………………

5) ………………………………………

ІІІ деңгей: мәтіннен көптік жалғаудағы сөздерді теріп жаз.

Бір-бірін бағалау: «Алақан»

Жазылым. Флипчарт  жасайды, сұраққа жауап береді, деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Бекіту “Соңғы 5 минут”- 5 мин.

1. Табиғат деген не?

Айтылым. Сұрақ -жау  жауап
Үйге тапсырма Эссе на тему: “Табиғат”.

 

 
Қосымша ақпарат
Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқы болды ма? Себебі неде? Өзім жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім? Неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңіздлі жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытудың да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың ұнаған 2 түсін анықтап жазыңыз.

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз), жақсарта алды?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Осы сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім…