Абай салған сырлы әндер

 

 

Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер
Сынып:   3 «а»                                                                                                                                                                                                                                                                                                        Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың  қазақ музыка өнерінде алатын орыны, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру
2. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
3. Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ                                                                                                                                                                                                                                                                                 Құралдар: оқулық,видеокамера,фотоаппарат,үлестірме А-3 парақтар,бағалау парағы, дәптер, интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, фломастер.                                                                          Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТОҮ, БКО, ЖЕ, ТжД,АКТ,бағалау, диалогтік оқу;                                                                                                                                                                                              

Кезең Әдіс-тәсілдер Уақыт                              Тапсырма               Мұғалімнің әс-әрекеті      Оқушының іс-әрекеті
      Ұйымдас

тыру  

 

СТО, ЖЕ, ОмОЖТ, ОүБОБ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып….

Бұл қандай өлең жолдары еді?

-Жақсы. Бұл қай ақынның өлеңі еді?

-Мына бейнебаянға назар аударыңдар.

— Егер Абай өлең ғана емес,ән де жазған болса,онда ол кім болғаны?

Сәлемдесу рәсімі. Психологиялық ахуал тудыру.                            Топқа бөлу                           

1-топ «Әншілер»

2-топ «Күйшілер»

3-топ «Сазгерлер»

4-топ «Ақындар»

 

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып…. – өлеңінен үзінді оқимын

Өте дұрыс.

 

Бейнебаяннан Абайдың әні «Көзімнің қарасын» көрсету.

 «Шаттық» шеңберін құрады:

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды созайық,

Сәттілік тілеп сабақта

Көңілді  де болайық

Оқушылар топтарға бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

 

Бұл Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңі

(өлең жолдарын ары қарай жалғастырады)

Оқушылыр бейнебаянды көріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын

шығарады («Абай-сазгер»)

Білу СТО

ОмОЖТ

ФБ

10мин

 

10 мин

 

 

Мәтінді оқыңдар.

Абайдың  сазгерлігі жайлы  не білесің?

 

 

 

Абайдың өмірі мен музыкалық шығармалары жайлы қысқаша мәтін беру.                                                  Абайдың  әуенінің басталуымен постермен жұмыс жасауға белгілі бір уақыт беремін.

Сырттай бақылаймын.

 

Оқушылар мәтіннен сазгердің өмірі мен музыкалық мұрасы жайлы оқып,негізгі кілт сөздерін есте сақтайды.Жұппен талдайды,топ ішінде талқылап нақты ойларын постерге салады.Әр топбасшысы жұмыстарын қорғайды.(бағдаршам тәсілімен бірін-бірі бағалайды)

 

 

 

Түсіну СТО,  ОмОЖТ,ОүБ,ОБжК, «Сәйкестендіру» әдісі

10мин

10 мин -Тапсырмада берілген әндерді әр бағанға сәйкестендіріп,

таблицаны толтыр.

Абай әндері Басқа әндер
   

Тапсырма:(Желсіз түнде жарық ай,МеніңҚазақстаным,

Домбыра сазы, Көзімнің қарасы,Мектебім,Айттым сәлем,қаламқас, Достық,Сегіз аяқ, Жауқазын,Қараңғы түнде тау қалғып, Дос болайық, Әже ертегісі, Өзгеге кө ңілім тоярсың,Ата-анаға көз қуаныш)

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әуенін қосып,әр топқасәйкестендіру таблицасын таратамын.

 

 

Оқушылардың тапсырманы қаншалықты меңгеріп жатқандығын бақылаймын.

Оқушылар музыка әуенімен берілген тапсырмадағы әрбір сөздерді қиып алып, тиісті бағанға орналастырады.

Қолдану СТО,ДО, ОмОЖТ,ОүБ,ОБжК 4 мин -Балалар,мына әнді тыңдаңдар,көз алдарыңа не елестеді? Тақырыбы қандай?                                                                  –Осы әннің желісімен қараңғы түн мезгілін суреттеп шығыңдар. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып сурет бойынша әңгімелейсіздер. Музыка ойналады «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдату.(слайдтан көрсету)

 

«Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдайды.

 

 

Әннің мазмұнын суреттейді. Өзін-өзі бағалау.

Талдау СТО,ЖЕ,

ТжДАКТ

 

8 мин

                      Бірлесе жұмыс істеу   Дауысқа жаттығу

1.Дұрыс тыныс алу

а)  «Гүлді иіскеу»

б) «Шарды үрлеу»

в) ми-а, ми-э, ми-о, ми-у

г)«Бақ-бақты үрлеу»

2.Сөзді анық айтуға жаттығу

Жаңылтпаш айту

 

3.Ән айту:  Ән:

«Домбыраның күмбірі»

Екінші шумағы мен қайырмасын үйрену. (ТжД)

Әнді топта және хормен орындау; (фонограммаға қосылу)

Синтездеу СТО,

ТжД,

ЖЕ,

ОүБ

5 мин Бүгінгі тақырып жайлы не білесіңдер?    Тест сұрақтарын ұсынамын.                                                        а) Абай кім?

б) Қандай тақырыптарға ән жазды?

в) Табиғат тақырыбындағы әні.

г) Абайдың әні:

д) Абай туралы зерттеген кім?

Тест сұрақтарына жауап береді.
Бағалау ОБ 3 мин   «Жұдырықтан бес саусақ» әдісі Бағалау