№28 сабақ  «Денсаулыққа  апарар жол»

                                       Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                Мерзімі:                 .04. 2018 жыл.

Мұғалім:                     Сынып: 1 «А,Ә»

Оқушылар саны:   Тақырып: №28 сабақ  «Денсаулыққа  апарар жол»

Құндылық:Дұрыс әрекет.  Қасиеттер:Тазалық, сыйластық, батылдық.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға осы қасиеттер арқылы дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды тазалық  қасиетін  ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушыларды сыйластық  арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Өсиет әңгіме»

— Қарттың жаны мен тәнінің саулылығының сыры неде деп ойлайсыздар?

— Қарт неліктен бірінші орынға ой –сана тазалығын қойды?

— Өздерің ой-сананы тазарту үшін не істеп жүрсіңдер?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                            Жаны саудың – тәні сау.

                                                                                  Мақал

1. Жаны сау деген не?

2. Тәні сау  деген не?

3. Екеуі қалай байланысады?

Осы сұрақтар айналасында мақалды талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. « Ерекше сыйлық» бейнефильмін  көрсету. Денсаулықтың  мәнін түсіндіру.
5. Шығармашылық  жұмыс, топтық  жұмыс.

    125-беттегі 1-ші тапсырманы орындау, өлеңді жалғастырып жазу, 2-ші тапсырма жағдаяттарды талдау,сахналау. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап, қорытынды  жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

      Мен бақытты баламын!                        Сөзі  мен әні : Р. Мырзабай

Төсінде кең даланың,

Еркін асыр саламын.

Құшағында анамның,

Мен бақытты баламын.

Қ-сы

Мен бақытты баламын!

Мен бақытты баламын!

Мен бақытты баламын!

Мен бақытты баламын!

 
7. Үй тапсырмасы.

29-сабақ  «Аңыз»  оқып келу.

Қорытынды: Денсаулық – баға жетпес байлық. Ниеті түзу, ойы таза адамның денсаулығы жақсы болады. Денсаулығын жақсы болу үшін денені шынықтыру керек. Ол үшін уақытыңды, күш – жігеріңді аямай жұмсауың керек. Денсаулығыңды күте білсең ұзақ өмір сүресің. Жанны саулығы тәнді сулуландырады.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.