Геометриялық дене ұғымы. Көпжақтар.

Сыныбы 11 а Күні 13.09.18 ж Пәні: геометрия
Сабақтың тақырыбы Геометриялық дене ұғымы. Көпжақтар.
Мақсаты

 

оқушыларға геометриялық денелер туралы мәлімет беру, біліктілітерін арттыру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтижелер

 

Геометриялық   дене туралы түсінік және көпжақтар тақыптарын меңгереді, тапсырмалар арқылы ажыратып өз ойларын дамытады
Керекті жабдықтар Интерактивті тақта, оқулық, плакаттар, тақта.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Диалогтік әдіс, «ЖИГСО  әдісі», сыни тұрғысынан ойлау
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 5 мин

 

 

5 мин

 

 

-Оқушылармен амандасады

-Сабаққа қатыстарын тексереді

-Үй  тапсырмасын тексереді.

«Кім жылдам» (қайталау сұрақтары)

1. Көпжақ дегеніміз не?

Беті саны шектеулі көпбұрыштардың бірігуінен тұратын денені көпжақ деп атайды.

2. Көпжақтар неше түрге бөлінеді?

Екі түрге: дөңес және дөңес емес.

3. Дөңес көпжақ дегеніміз не?

Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай біржақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ деп аталады.

4. Көпжақтың түрлерін ата.

Призма, параллелепипед, пирамида.

-Амандасады

-кезекші оқушылардың сабаққа қатыстары туралы хабарлама жасайды

— Оқушылар қойылған сұрақтарды тыңдап, өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді жауап береді.

Тұсаукесер 1 мин Тақырыпты хабарлайды. Табыс критерийлерін құрады.
Негізгі бөлім

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

«ЖИГСО  әдісі»

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.

 

Сабақты бекіту мақсатында есептер орындатады.

№7, №8, №9

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді.

 

 

 

 

Берілген тапсырмаларды тақтада және орындарында орындайды

 

Қорытынды 5 мин

 

Оқушылар қатар бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.
Бағалау 2 мин Белсенді оқушыларды сай бағалайды. Бағаларымен танысады
Үйге тапсырма 1 мин №8, №11 Үй тапсырмасын күнделіктеріне, дәптерлеріне жазады.
Рефлексия 1 мин «Бас бармақ» рефлексиясы Тақырыпты түсінгендері бойынша бас бармақтарын көрсетеді.

Жоғары – барлығын түсіндім

Ортада – орташа түсіндім

Төмен – түсінбедім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математикалық диктант. (көп нүктелердің орнына тақырыпқа сәйкес сөздерді жазу. ) Көпжақтың құрам бөліктері:

1)Көпжақтың бір жағында жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні — ………… деп аталады.

2) Қырларының ортақ нүктелері — ………….. деп аталады.

3) Жақтарының ортақ қабырғалары- ……………… деп аталады.

4)Көпжақтың бетін құрайтын көпбұрыштар көпжақтың ………… деп аталады.